Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет364/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
425 
ол ғылымдағы белгілі бір қағидалардың өмірдегі тәжірибеге сәйкес-тігін анықтау 
болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек 
жанама түрде верификациялауға болады. Ол үшін сол теорияның негізінде жатқан 
элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейін жетіп, оларды өмірдегі 
сезімдік тәжірибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, 
мұндай жұмыстар философия саласында істелуі керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды 
атқарды. Бірақ қоғамдық-гуманитарлық пәндерді алар болсақ (әсіресе этиқа мен 
психологияны) верификация принципінің көп жағдайда әлсіздігін байқауға болады. 
Ал осының негізінде олардың бәрін ғылымның шеңберінен шығарып тастауға, әрине, 
болмайды. Бұл логиқалық позитивизмнің негізгі кемшіліктеріне жатады.
Б.Расселдің әлеуметтік философиялық көзқарастарына келер болсақ, ол қоғам 
өмірінде белгілі бір даму заңдылықтары жоқ деген пікірге келеді. Адамдардың іс-
әрекеттеріне шешуші ықпалды көбінесе олардың инстинктері мен кұштарлықтары 
тигізеді. Сонымен қатар ол адамның еріктік өмірге деген ынтасын терең бағалап, 
тоталитаризмнің қай түрін болмасын (сталинизм, фашизм) тұлғаны мемлекеттің 
құрсауына алғаны үшін қатты сынады. 
Неопозитивизмнің екінші түрі - лингвистиқалық философияның өкілдеріне 
келер болсақ, олар философияның айналысатын негізгі ісін тілдегі сөздерді, ғылыми 
сөйлемдерді логиқалық жолмен талдаудан көреді. Л.Витгенштейннің ойынша, 
философия тек қана «тілге сын» ретінде ғана өмір сүре алады. Өзінің «Логиқалық-
философиялық трактаттар» деген еңбегінде ол «Менің тілімнің Шеңбері менің 
Дүниемнін шеңберін құрайды», дейді. Бұл философия саласында ашылған үлкен 
жаңалықтардың бірі болды, өйткені қайсыбір ұлттық тілдің құрылымы сол 
халықтың дүниесезімі мен дүниені қабылдауына, керек болса, дүниеге деген 
көзқарасына шешуші ықпалын тигізеді. Оны біз қазір «халықтың менталитеті» деген 
ұғыммен береміз. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы - тілдегі сөздерді ұқыпты 
пайдалану, басқа жағдайда ол бізді неше түрлі абстрактілік ұғымдардың кұрсауына 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет