Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет361/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
422 
сатыға негізделеді. Бірақ өткен сатының негізінде жаңа пайда болған ғылымды
толығынан түсінуге болмайды, оның өзіндік заңдылықтары пайда болады. Конт 
«тарихи күрделену» анықтамасына негіздей отырып, ғылым салаларын былайша 
орналастырады: математиқа - астрономия - физиқа химия - биология - 
социология. Осы тәртіпке сәйкес социология биология ғылымына негізделгенмен, 
бірақ, адамдардың өзара іс-әрекет етуімен байланысты жаңа заңдылықтарға ие 
болады. Социология ғылымының негізгі мақсатын ол тәртіп пен өрлеуді бір-
бірімен ұштастыру қажеттіктерінен шығарады. Ал ол үшін бүкіл адамзатты 
біріктіретін жана дін қажет. Ескі дүниежүзілік діндер бір-бірімен күресіп, адамзатты 
қайшылықтарға әкелді және олардың қағидаларының көбі - жалған. Олай болса, жаңа 
ағарган дін қажет - ол қазіргі өмір сүріп жатқан, бұрыңғы тарихта болған және 
болашақта дүниеге келетін адамдардан тұратын адамзаттын өзі. Сондықтан ол 
адамзатқа Құдай ретінде қарап табынуға шақырды.
Конттың бұл соңғы ойын өз уақытындағы замандастары теріс қабылдағанмен, 
бүгінгі таңдағы адамзатқа өте өзекті мәселеге айналуда. Өйткені бүгінгі таңдағы 
адамзат «адамның мән-мағыналық дағдарысына» келіп тірелуде. Бүкіл адамзаттың 
басын біріктіретін терең рухани-адамгершілік мағынасы бар жаңа дін - аса қажетті де 
тағдырлы нәрсе. Бірақ, ол, біздің ойымызша, Конттың айтқан адамзаты емес, өйткені 
дүниеде сол адамның өзін тудырған біздін арғы анамыз «Ұлы мәртебелі Табиғат» бар. 
Оған табыну -алғашқы қауымдық қоғамда пайда болған болатын. Шамасы, алғашқы 
адамдар ақиқаттан онша алшақ болмаса керек. Көшпенді өмір салтын ұстаған біздің 
ата-бабаларымыз да Табиғатқа, Тәңірге сенгенін біз жақсы білеміз. Мыңдаған 
жылдардағы өткен цивилизацияның жетістіктеріне, өмірден алған тәжірибеге сүйене 
отырып, жаңа дәрежеде табиғатты аялауға, оған табынуға, оны дін тұтуға қайта 
оралып қана, адамзат өзінің өмірін сақтап қалуға мүмкіншілік алар ма екен деген 
сұрақ оқтын-оқтын ойымызға келеді. 
XX ғ. басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   357   358   359   360   361   362   363   364   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет