Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет370/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
431 
Ә.Гуссерльдің ойынша, барлық ғылымның, жалпы дүниетанымның негізінде 
«өмірлік дүние» жатыр. Ол - «барлық адамдарға мәлім», «тікелей анық», «адамның 
көзі жеткен», өмірде кең қолданылатын, ол жөнінде адамдар көп ойланбайтын 
нәрселер. Сондықтан «өмірлік дүние» бүкіл адамның дүниетаным негізінде жатыр. 
Ол «алдын ала берілген көкжиек», адамның прақтикалық іс-әрекетінің шынайылығы 
мен мүмкіндіктерін көрсетеді. Ол қайсыбір ғылым саласынан бұрын пайда болған, 
сондықтан барлық адамның тәжірибе мүмкіндіктерінің, дүниетанымының алғышартын 
құрайды. ұғымдың сараптау арқылы жүретін ғылыми таным - әрқашанда шектелген, 
толық емес, ал «өмірлік дүние» - әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесі 
анағүрлым жоғары. 
«Өмірлік дүние» неше түрлі мән-мағынаға толы, солар арқылы біз заттарды танып, 
оларға мән-мағына береміз. Бірақ адамдардың көпшілігі дүниедегі санадан тыс өмір 
сүріп жатқан заттарды танып-біліп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам 
«өмірлік дүниеден» шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан 
феноменология осы неше түрлі мән-мағыналар санадан қалай пайда болатынын 
зерттейді. Ол үшін сананың алғашқы негізінде жатқан таза формаларын зерттеу 
қажет. Оған жету үшін Ә.Гуссерль «эпохе» әдісін қолданады. «Эпохе» дегеніміз - 
феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңістік пен уақыттын 
шеңберіндегі барлық өмірдегі байланыстарын «жақшаға алу». «сөндіру» кұралы. 
Осының арқасында, заттың «эйдосы», яғни таза идеясы, мәні ғана қалады да, ол таза 
санаға ашылады. 
Сонымен таза сананы ашқанда, біз одан «Абсолюттік Менді» (субъективтік 
ағымды) табамыз. Дүниедегі адамның іс-әрекетке тұсетін барлық заттары мен 
кұбылыстарына сана мән-мағына береді екен. Олай болса, санадан тыс өмір сүріп 
жатқан объективтік шындық жоқ. Ал сана өзін-өзі арқылы тұсініп, өзін феномен 
ретінде қарайды. Ә.Гуссерльдің феноменологиясы XX ғ. кеп ағымдарға өз ықпалын 
тигізді. Әсіресе, герменевтика мен экзистенциализмге. Енді сол бағыттарды талдауға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет