Нуржігіт Алтынбеков 430
дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенінде. Пікір дегеніміз бұлдыр,
айқын емес білім, ол - жеке мүдденің шеңберімен шектелген таным. Оған ол қарсы
ұғым ретінде «теория» деген грек сөзін қояды, ал оның алғашқы мағынасы -
бимүдделі аңлау. «Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенің универсалдық
көкжиегін көре алады», -деп қорытады Ә. Гуссерль.
Ойшылдың өз алдына қойған негізгі мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат
тәжірибесі, тарихи процестен тыс өмір сүретін алғашқы құрылымын анықтау болып
табылады. Гуссерльдің феномені - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа
терең жатқанды көрсететін сезімдік тәжірибе арқылы берілетін құбылыс емес, ол - өз-
өзін ашатын, табатын, тікелей санаға айқын көрінетіннің бәрі. Феноменология —
айқындығы тікелей интуиция арқылы көрінетін идеалдық мән-мағынаны зерттейтін
ілім. Санадағы феномендер адамға тіл арқылы беріледі. Сонымен қатар оған адамның
жан дүниесіндегі тебіреністер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т.с.с. бәрі
де жатады.
Таза сананың іргетасты ерекшелігі—оның интенционалдығы яғни бірдеңеге
әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. Қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсіру,
тілеу, ой формалары т.с.с. бәрінің де заттық мазмұны бар. Интенционалдық сананың
құрамдас бөліктерін неше түрлі мән-мағнаға толықтырады.
Өзінің іс-әрекетінде адам аңқаулық көрсетіп, өзінің заттарға қалайша мән-мағына
бергенін байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсіз өмір сүріп жатқан
(объективті) өзіндік танылатын қасиеттері бар кұбылыстар ретінде қарайды. Ал,
шынына келгенде,санадан тыс өмір сүретіннің бәрін жақшадан сыртқа шығаруымыз
керек, өйткені санада объект пен субъект бір-біріне өтіп, ажырамайтын феноменге
айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгілі бір мағына беріп, сол
арқылы олармен қарым-қатынасқа тұседі. Бұл арада, бір жағынан, дүниетануға
бағытталғаң іс-әрекет - ноэзис бар, екінші жағынан, осы таным процесінде ашылған
мазмұн - ноэма бар.