Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет374/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
435 
кедейлетеді деген пікірге келеді. Расында да, XX ғ. қарай «адам ақыл-ойдың негізінде 
дүниені езгертіп, жер бетіне бақытты өмір әкеледі» деген Жаңа дәуірдегі 
ағартушылардың романтикалық көзқарастары өткір сынға алына бастады. Оның 
бастамасын біз сол XIX ғ. өзінде-ақ емір сүрген А.Шопенгауер мен С.Кьеркогердің 
шығармаларынан байқағанбыз. Бұл ойшылдардың философияға «еккен» ойлары XX ғ. 
әр түрлі «өмір философиясының» ағымдарын тудырып, өте жемісті болып шықты. 
Бұл ағымның негізгі ұғымы ретінде «өмір» философиядағы бұрынғы «болмыс» 
қатегориясына қарсы қойыла бастады. «Болмыс жоқ, тек қана қалыптасу ғана бар»,
деді Ф.Ницше. «Ал қалыптасу дегеніміз өмір», - деп әрі қарай өз ойын қорытты. 
Өмір философиясының шеңберінде «емір» ұғымына әртүрлі галымдар әртүрлі 
мазмүн-мағына береді. Биологиялық-табиғи көзқарас ұстаған ғалымдар өмірді 
инстинктер, өмір сүруге деген құштарлық, ерікке т.с.с. тенейді. Тарихтық көзқарасқа 
негізделген бағыт өмірді нақтылы-тарихи мәдениетті бойына сіңірген тұлғаның ішкі 
жан тебіреністерімен ұштастырады. Пантеистік тұрғыдан өмір өне бойы өзінің жаңа 
формаларын тудырып отыратын ғарыштағы күш ретінде тұсініледі. 
«Өмір философиясының» алғашқы өкілдері Вильгельм Дильтей (1893-
1911 жж.) мен Георг Зиммель (1858-1918 жж.) өмірді ерік пен іңкәрлік, сезім
мен тебіреніс деректері деп анықтайды. Өмір хаосты тәртіпке келтіреді. Өмірдің 
организмдік және одан да биік формалары бар. Өмір организмдік деңгейде 
өліммен шектелсе, организмдіктен биік формалары мәдениетгі құрайды. Осы
тұрғыдан алғанда, шындық өмірден алған тәжірибенің өзі. «Өмірлік 
тәжірибе» - зердеге тең емес, ол ақыл-ойға сыймайды. Өмір - ағым, өзгеріс, 
шығармашылық, онда жалпылық деген жоқ. Өмірді тек қайталанбайтын жекелік 
арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада «шығармашылық трагедия» дүниеге 
келеді. Өйткені өмірдің қайталанбайтын толқындары оның объективтелінген, яғни
затталынған формаларымен қайшылыққа келеді. Ол қайшылықтарды шешу үшін 
тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ахуалды білу, барлық жан-дүниемен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет