Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет420/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
482 
тудырады. Сонымен қатар әлеуметтік мәселелердің шешілмеуі, дамыған елдердің
экономика жағынан алға кетіп, алшақтай түсуі, көп жағдайларда олардың кедей
елдерді табиғи байлықтарын төмен бағаға сатуға мәжбүр етуі т.с.с. себептер, әсіресе 
ислам ілімі терең тамыр жайған елдерде экстремизм мен терроризмнің етек алуына, 
сонымен қатар «ғаламдасу үрдісімен» бірге кіретін Батыстың зорлық-зомбылық,
порнографиялық т.с.с. мәдени үлгілерінен сақтану жолында көп қарапайым 
адамдардың «таза исламға қайтып оралу» идеясын насихаттайтын ваххабизм сияқты 
кертартпа діни ұйымдардың құрамына кіріп, саяси экстремизмнің кайнар көзіне 
айналып жатканын байқауға болады. 
Олай болса, шындық Батыста да, Шығыста да толығынан жоқ сияқты. Бүгінгі 
таңдағы адамзат болмыс тірегін, бір жағынан, ашынған, қорқынышты үрейлік 
сезіммен, екінші жағынан, бітпейтін үмітпен іздестіруде... Бұл адамзат ізденістеріне, 
кұрметті оқырман, сіз де, пісіп-жетіле келе, өз үлесіңізді қосарсыз деген үміттеміз. 
Енді болмыс ұғьшын әрі қарай талдасақ, оның құрамынан негізгі екі шындықты 
табуға болады: оның бірі - айнала бізді қоршаған табиғат, материалдық әлем
екіншісі - рух әлемі, адамның жан дүниесі мен санасы. Егерде бірінші өзімен-өзі 
объективті, адамның санасынан тәуелсіз өмір сүрсе, екінші - рух әлемі -адамның
яғни субъектінің ішкі жан дүниесімен, оның ырқы, қалауы, қажеттіктерімен тығыз 
байланысты. Егер болмыс ұғымы арқылы біз материалдық әлемді анықтасақ, сана 
арқылы болмыс өз-өзін анықтайтынын байқаймыз. Уақытында ұлы Л.Фейербах 
айтқандай, «Ұлы мәртебелі Табиғат (яғни болмыс) адам арқылы өз-өзін сезіну, түсіну 
дәрежесіне кетеріледі». 
Сана мен материяның өзара бір-біріне өтуі субъектіңі тудырады, яғни ол 
материалдық дене, сонымен қатар санасы бар өзінің сан алуан қажеттіктерін өтеу үшін 
іс-әрекет жасай алатьің пенде - адам. Сонымен жоғарыда айтылған екі Әлем адамның 
бойьшда жинақталады екен. Адам дене ретінде өз қажеттіліктерің өтеп, басқа 
тіршіліктер сияқты, осы болмыста өмір сүреді. Сонда адам болмысы осы тіршілікте 
болумен теңеле ме? Бул дүниеде құмырсқа да, жаңбыр құрты да өмір сүріп жатқан жоқ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   416   417   418   419   420   421   422   423   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет