Нуржігіт Алтынбеков 509
Заттар мен қүбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс пен
жарықтың тарауын т.с.с. физикалық козғалыс формасына жатқызуға болады.
Мегагалактикадағы ғарыштық үрдістерді, жұлдыздардың пайда болуы, сөнуін
астрофизика зерттейді.
Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі - ерекше ғажап биологиялық
қозғалыс формасына жатады. Оған тірі организмдегі үрдістер, айнала қоршаған
ортамен зат пен энергия аумасуына түсуі, өзгеру мен түқым куу, ассимиляция мен
диссимиляция, өз-өзін ретке келтіру т.с.с. жатады.
Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бергі (3,5 млрд.ж.)
өзгерістерді ерекше геологиялык қозғалыс формасына жатқызу керек деген пікір
айтады. Өйткені осы уақыттың шеңберінде жер бетінде био-физика-химия-
механикалық байланыс-тардың нәтижесінде әртүрлі бірінің үстінде бірі орналасқан
страталар (қабықтар) пайда болды. Бұл пікірмен келісуге болады.
Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы - ол элеуметтік, Оның
ерекшелігі - адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше түрлі мақсат қойып,
бір-бірімен бірігіп, айнала коршағы ортаны өз ойына сай етіп өзгертуінде.
Тарихи, қозғалыстың жоғары формалары төмендегілердің негізінде пайда
болады. Химиялық жер бетіндегі үрдістер физика-лык қозғалыстың негізінде пайда
болды. Ол дами келе тіршіліктің дүниеге келуіне себеп болды. Әлеуметтік қозғалыс
формасының дүниеге келуі жер бетіндегі басқа тіршіліксіз мүмкін емес еді.
Сонымен қатар жоғары қозғалыс формасын төменгі арқылы түсіну мүмкін емес: ол
өз заңдылықтарының негізінде өмір сүреді. Бірак төменгі формалар оның ішінде
бағынышты түрде сақталып қала береді. Оны көрсететін ең айқын мысалдардын бірі
- адам өмірі- Көркемдеп айтсақ, адам - коғамның атомы. Ол саналы түрде өмір сүреді,
оның жан дүниесі, руханияты бар. Ол өзінің алдына неше түрлі мақсаттар қойып,
оларға жетуге тырысады, ішкі табиғи дарындарын сыртка шығарып, талантқа
айналдырады.