Нуржігіт Алтынбеков 507
тыс шығып кетпеуге әдеттену қажет. Сонау көне заманда Солонның айтқан «өте еш
нәрсе» деген нақыл сөзін үмытпағанымыз жөн.
§ 7. Қозғалыс Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді. ал оның өзі кеністік
пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс - бүкіл болмыстағы дүниенін өмір
суру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уакыт - қозғалыстағы дүниенің формасы
ретінде қаралуға тиіс.
Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша аныктама беруге болады. ол Дүниедегі
қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс-әрекет. Әрине, мұндай анықтаманың мазмұн
жағынан тұрпайы екенін де жасыруға болмайды. Бүкіл философия тарихындағы
ізденістер оның аса қиындығын көрсетеді.
Қарапайым тәжірибенің нәтижесінде сонау көне заманда-ақ ойшылдар Дүниенің
ағым екенін, бір нәрсе дүниеге келіп, екіншісі кетіп жатқанын байқаған. Тіпті ұлы
Гераклит қозғалыстың астарында қарама-карсылықтың күресі жатыр деп меңзеген.
Соны-мен катар, Пармснид пен Зенон оған қарсы шыгып, қозғалыстың ішкі сырын
ашуға мүмкін еместігін дэлелдеуге тырысқан. Мысал ретінде Зенонның «Садақтан
атылған оқ қозғалмайды» деген апориясын (арогіа - грек сөзі қиындық, шешімі жоқ
деген мағына береді) келтіруге болады. Зенонның ойынша, атылған оқ әрбір сәтте
кеңістіктің бір бөлігінде тұрақтайды, келесі сәтте - келесі орында, оны әрі қарай
шексіз жалғастыра беруге болады. Ал тұрақтауға тұрақтауды қосқанда қозғалыс
шықпайды, яғни, ол - жоқ.
Мұндай көзқарасты уақытында Аристотель сынға алған болатын. «Қателік -
уақытты бөлек-бөлек «сәттен» тұрады деп есептеуде», - дейді үлы ойшыл. Әрине,
мұндай пікірмен келісуге болады. Осы ойшыл қозғалысты талдауға аса үлкен үлес
қосқан болатын. Болмысты талдаудағы ең қиыны - Дүниенің өтпелілігі, бір нәрсенің
туып, екіншінің өтуі. Оны Аристотель екі жаңа категория кіргізіп, талдайды. Олар