Нуржігіт Алтынбеков 539
кеткендей «Бұл Дүниеде таңғалатын екі-ақ нәрсе бар: ол - аспанға толы жымыңдаған
жұлдыздар, екіншісі - адам ішіндегі адамгерщікік
заңы», яғни В.Франкл айтқандай,
«ар-ұжданы - ішкі Құдайы» XVIII ғ. өмір сүрген неміс ағартушысы Г.Гердер:
«Адамгершілік -адам табиғатының мақсат-мұраты», - деген еді. Орыс ойшьілы
Н.А.Бердяев қоғамдық прогрестің негізгі анықтамасы ретінде ізгілік, жақсылықтың
өсуі мен зұлымдықтың азаюын келтірген болатын. Американ ойшылы П.Сорокин:
«Прогрестің анықтамасы -адамның өзін бақытты сезінуінде», - деген ой тастайды. Ал
оның өзі адамның жан-жақты үйлесімді дамуынан, өз дарындарын сыртқа шығарып
гүлдетуінен шықпай ма? Ал бұл айтылған терең ойлардың бәрін қорытсақ, онда
қоғамның прогрессивті дамуының негізгі анықтамасы - адамгершіліктің өсуіне
(гуманитарлық критерий) келіп тіреледі.
Өкінішке қарай, бүгінгі таңдағы адамзат бұл анықтамаға сай дамып келе жатыр деп
айта алмаймыз. Дүниені өте нәзік те терең сезінетін қазақ халқының алға ұстар ақыны
М.Шаханов мұны «цивилизацияның адасуы» дейді. Осы ақынның кітабын Біріккен
Ұлттар Ұйымы ағылшын тіліне аударып, бүкіл дүние жүзіндегі мемлекет
басшыларына таратқан болатын. Бұл да қазақ халқының мықты руханиятын, оның
дүниежүзілік қауымға берерінің мол екенін көрсетсе керек.
Расында да, капитализмнің бетке ұстар бағыты - капиталдың, байлықтың өсуін
басты мақсат етіп қоюуы, бүкіл ақпарат құралдарын соны насихаттауға бағыттауы -
соңғы ғасырларда адамдардың негізгі өмір мақсаты ретінде материалдық-сезімдік
құндылықтарға бағытталуына әкелді. Осыған орай, ағылшын ойшылы Б.Рассел:
«Қазіргі адамдар рухани жағынан көне замандағы «үңгір тұрғынының» деңгейінде», -
десе, американ философы Э.Фромм: «Техникалық жағынан казіргі адамдар атом
дәуірінде болса, эмо-ционалдық жағынан көпшілік тас дәуірінде, соның ішіне
биліктегілерді де қосуға болады», - дейді. Осы ойларға косылып, біз де: «Егер адамзат
осы даму бағытын әрі қарай ұстаса, онда жер бетіндегі «қатерлі ісікке» айналып,
ақырында сонында тағдырын кешеді», - дер едік. Онда осы «табиғаттың патшасы»
аталған пенде, шынына келгенде, «табиғаттың қателігі» болмас па екен?! Өткен тарих