Нуржігіт Алтынбеков 547
мен колхоздарды жою, тіпті жақсы пайдалы жұмыс істеп тұрған кейбір
шаруашылықтарды жасанды түрде банкроттау, әрине, ауыл шаруашылығын
дамытуда жасалған үлкен қателіктердің бірі болды. Тиімді саясат арқылы сол ескі
формаларға жаңа мазмұн беріп дамытуға, әрине, болар еді. Қазіргі уақытта кішігірім
фермерлер өндірісті дамытуға күштері жетпей, қайта бірігу үрдісінде. Алып жерлерді
игеріп жатқан каланың лендлордтары тек өз қамын ойлауда, бұрынғы ауылдың
құрылымы әсіресе әлеуметтік сала жан аярлық халде. Олай болса, әңгіме тек жаңа
формаларды енгізуде ғана емес, сонымен қатар жаңа жағдайда дамуға мүмкіндік
жасай апатын ескі формаларды да ұқыпты пайдалануда болса керек.
§ 16. Детерминизм. Себеп пен салдар
Дүниедегі сан қилы заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыста болып, бір-
біріне өз әсерін тигізіп, өзара өзгеруде. Алайда біз Дүниеде ретке келтірілген
өзгерістерді, я болмаса тәртібі жоқ тұңғиықты байқаймыз ба? Бүгінгі таңдағы
деректерге сүйенсек, Дүниеде, бір жағынан, өзіндік ұйымдасу, күрделену, тәртіпке
келу үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан, құлазу, ыдырау, термодинамикалық
теңдікке жету өзгерістері де бар.
Детерминизм (determino - латын сөзі, анықтаймын) Дүниедегі заттар мен
құбылыстардың белгілі бір заңдылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара
тигізетін ықпалдарының арқасында өзгеріске түсуін зерттейтін ілім болып саналады.
Дүниеде бірде-бір басқа заттармен байланысқа түспеген зат, я болмаса құбылыс
жоқ. Ал байланыс дегеніміздің өзі өзара іс-әрекетке әкелетіні де сөзсіз. Олай болса,
затты қоршаған басқа заттар мен құбылыстар оған өз әсерін тигізіп, оның өмір
сүруінің объективтік факторларын кұрайды.
Қайсыбір даму үрдісі уақыттың шеңберінде өткеннен кейін, бір заттың орнына
екінші зат келеді: әрбір өмірге келген нәрсенің өз себептері бар. Дүниеде себепсіз еш
нәрсе жоқ, ең ақырғы кұннің сәулесіне шалынған көзге әзер көрінетін шаңның да
өзінің себебі бар.