Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет483/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   692
Нуржігіт Алтынбеков 
545 
кайшылықтары жатады. Форма деп мазмұнның өмір сүру тәсілін, оның ішкі 
ұйымдасу тәртібін айтамыз. 
Мысалы, М.Әуезовтьщ «Абай жолы» роман-эпопеясын алсақ, оның мазмұнына 
қазақ халқының сайын даласындағы XIX ғ. сан қилы оқиғалар, Абайдың өмір 
кезеңдері, оның философиялық толғаулары т.с.с. жатады. Романның формасына келер 
болсақ, оған әртүрлі тараулардың бір-бірімен байланысы, автордың стилі, көркем 
сөзінің ерекшеліктері т.с.с. жатады. Ол - романның ішкі формасы. 
Сонымен қатар роман баспадан оқушыларға арналып, арзан қағазға басылып, 
жұмсақ мұқабамен түптелуі мүмкін, ол - оның сыртқы формасы. Ол басқаша да болуы 
мүмкін: қымбат ақ кағазға басылып, ішінде суретшінің жасаған құлды түрлі түсті 
суреттемелері де болуы мүмкін. 
Заттың сыртқы формасы кейбір жағдайда өте мәнді болып келеді. Мысалы, 
ұшақтың, сүңгуір қайықтың, автомобильдің т.с.с. сыртқы формасы мақсатқа лайықты 
болмаса, ол өз қызметін дұрыс атқара алмас еді. Сондықтан ғалымдар құстың қанатын, 
балықтың дене формасын зерттеп, оны осы өндірістерде пайдаланады. 
Тарихи форма категориясын философияға енгізген ұлы Аристотель болды. Оның 
ойынша, материя пассивті, енжар, өзіндік дамуға мүмкіндігі жоқ, езілген саз сияқты. 
Оны Дүниеге келтіретін, дамытатын - форма ғана. Материя формасыз, форма 
материясыз өмір сүре алмайды. 
Жаңа дәуірде материяның ішкі өзіндік күш-қуатын мойындап, оның белсенділігі 
мен форманың оған тәуелділігін көрсеткен Ф.Бэкон болған-ды. 
Тарихи түрде Гегель алғашқы рет мазмұн категориясын философияға енгізіп, оны 
материя мен форма арасындағы дәнекер ретінде қарайды. 
Маркстік философияда мазмұн мен форма даму үрдісің анықтауда 
пайдаланылатын категориялар ретінде қаралады. 
Бүгінгі таңдағы нәтижелерге келер болсақ, мазмұн мен форманы бір-бірінен 
айыруға болмайды, қайсыбір мазмұн формаланған, форма - мазмұнды; олар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   479   480   481   482   483   484   485   486   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет