Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет501/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
563 
Адам саналы пенде ретінде өзіндік санасын тудырады, сол себепті ол бүкіл 
Дүниені өзіне қарсы койып қарайды (соның ішінде басқа адамдарды да өзінен бөлек 
санайды). Осы арада көп сұрақтар пайда болады: «Бұл Дүние не?», «Мен неге бұл 
Дүниеге келдім?», «Менің жаным осы денеммен бірге сөне ме, я болмаса мәңгілік өмір 
сүре бере ме?», «Дүние шектелген бе, я шексіз бе?». Мұндай сұрақтардың санын 
жүздеп келтіруге болады. Оларға жауап беру барысында біз қажетті түрде материя 
мен сана категорияларына келіп тіреліп, олардың арақатынасын зерттеуге мәжбүр 
боламыз. Міне, осы арада философияның негізгі мәселесі пайда болады. 
Соңғы жылдары «философияда негізгі мәселе жоқ, оның барлық мәселелері - 
негізгі. Оны идеологиялық бүркеме ретінде уақытында Ф.Энгельс енгізген» деген 
пікір пайда болды. Алайда мұндай көзқарас шындықка лайықты емес, оның өзін 
жаңа «идеологиялық бүркеме» ретінде қарауға болады. Ал шындыққа жүгінсек, бүкіл 
философия тарихының негізінде осы мәселені шешу талпынысы жатқанын байқауға 
болады. 
Негізінен алғанда, сана мен материяның арақатынасын анықтауда 3 бағыт бар. 
Оның бірі - материализм, екіншісі - идеализм, үшіншісі - реализм. 
Материализм бағытының негізгі категориясы материя ұғымы (materia 
латынша - зат). 
Бұл бағытты ұстайтын ойшылдар алғашында Дүниенің негізін нақтылы-
сезімдік заттардан көрді (Фалестің суы, Гераклиттің оты т.с.с.). Мұндай көзқарастың 
көне замандағы шыңы -Демокрит пен Левкиптің атомдық теориясы. Дүниенің 
негізінде әрі қарай бөлінбейтін, сонымен қатар әрі қарай өткізбейтін ұсақ бөлшектер 
жатыр, олардың табиғаты біркелкі, бірақ формалары әртүрлі болуы мүмкін. Біз 
дүниетану жолында заттардың бетінде орналасқан дөңгелек формалы ең жеңіл 
атомдарды қабылдаймыз. Сонымен рух дегеніміз - қозғалыстағы жеңіл атомдар. 
«Ештеңеден ештеңе пайда болмайды», сондықтан атомдар мәңгілік өмір сүреді, 
олар ешқайда жоғалмайды. Дүниедегінің бәрі қажетті де себепті. Демокрит Құдайды 
мойындағанмен, ол жер мен көктің екі ортасында өмір сүреді, оның бұл Дүниеге 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   497   498   499   500   501   502   503   504   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет