Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет498/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
560 
көрсетеді. Сондықтан оны жете түсіну үшін басқа «Тәуелсіздік пен тәуелділік», 
«мүмкіндік пен шындық» т.с.с. категориялармен байланыстырып қана, оның терең 
мәнін ашуға болатын сияқты. 
Біріншіден, адамның еркіндігі ол Дүниенің іргетасын құрайтын әр зат пен 
қүбылыстың өз тәуелсіздігіне деген «ұмтылысының» саналы көрінісі ретінде каралуы 
керек. Әрине, адамды зорлап-зомбылауға, аяқ-қолын шынжырлауға т.с.с. болады. 
Бірак оның ішкі рухани бостандығын, соған жетуге деген ынтасын еш диктатор, 
патша, жауыз ешқашанда жоя алмайды. 
Сонымен қатар бұл Дүниеде өз тәуелсіздігін толығынан іске асырып, өзімен-өзі 
өмір сүріп жатқан да бір нәрсе жоқ. Олай болса, абсолюттік еріктік те Дүниеде жоқ. 
Бүл мәселені ерекше талдап, арнайы жазған кітабын Э.Фромм «Еркіндіктен кашу» деп 
атаған (қараңыз: Бегство от свободы. М., Прогресс, 1991). Расында да, ойлап 
қарайықшы: абсолютті, шексіз еркіндікке жеткен адам шексіз жалғыздықтың ащы 
зардабын тартар еді. Өйткені ол барлык тәуелділіктен құтылды, өз «өзіндігімен» ғана 
қалып қойды. 
Уақытында К.Ясперс айтқандай, «адами ахуал - рухани» болатын болса, өз 
еркіндігімен қатар, адам басқа адамдармен байланысқа түсуге, өз болмысында 
басқаларға жақсылықтар жасауға, әсемдікке, шындыққа, әділеттікке жетуге 
ынталы. Ал мұның өзі оны қоғаммен шым-шытырық байланыстарға әкеліп, 
басқалардың да мүдделерімен санасуға ой салады. Қоғам шеңберінде өмір сүре 
отырып, одан толық тәуелсіз болу - ойға сыймай-тын нәрсе. Тек дамымаған, я 
болмаса зұлым тұлға ғана басқалармен есептеспейді. 
Екіншіден, қажеттіктің өзі әртүрлі мүмкіндіктер арқылы кездейсоқтықтың 
негізінде көрініс тапқаннан кейін, еркіндіктің өзі адамның калайтын мүмкіндіктерді 
қажымас кайрат көрсетіп өмірге әкелуімен тең сияқты. Яғни адам өз саналы іс-
әрекетінің нәтижесінде, әртүрлі мүмкіндіктердің ішінен өз қалауын таңдау арқылы 
өз еркіндігін іске асыра алады. Ал оның өзі шығармашылықты талап етпей ме?! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет