Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет51/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   692
бейболмысқа креативтік (сrеаtiо - лат сөзі, тудыру) күш беріледі. Сондықтан 
Батыстағы белгілі тұжырым –«Ex nihilo nigil fit»(жоқтан еш нәрсе тумайды) шығыс 
ой-пікіріне сәйкес келмейді.Шығыстың ой-пікірінен шығатын тұжырым –«Ex nihilo 
totum fit»(жоқтан барлығы пайда болады). 
Даосизмде дүниенің қайшылығы, қарама-қарсылықтың бір-біріне айналып 
жатқаны айқын көрсетіліп, адам өзінің жүріс-тұрысында, іс-әрекетінде оны қалай 
ескеру керектігі айтылады. «Сұлудың сұлулығы білінген кезде, түрсіздік те пайда 
болады. Жақсылықтың жақсылығы білінген уақытта жамандықта пайда болады... 
Сондықтан болмыс пен бейболмыс бірін-бірі тудырады, ұзын мен қысқаны бір-бірімен 
салыстырып қана білеміз, биік пен аласа бір-бірімен майысады, әртүрлі дыбыстар бір-
біріне қосылып, гармония (һаrmоnіа - грек сөзі, үйлесімді) тудырады. «Қарама-
қарсылыққа айналу даоның қозғалысы». «Мінді мінсіздікті сақтайды». Бұл бос 
сөз бе? Ол адамның жетілуінің жолын көрсететін қағида. Сондықтан қиындықтан 


Нуржігіт Алтынбеков 
55 
өту үшін жеңілден бастау керек, ұлы нәрсе кішіден басталады, көп нәрсе аздан тұрады, 
бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек... кім көп жинаса, соншалықты көп 
жоғалтады. Кім өлшемді сақтаса, сәтсіздікке ұшырамайды. Кім өз шегін білсе, 
қауіптен құтылады. Егер жеңілдікті іздесең, қиындықтар өз-өзінен пайда болады». 
Даосизмнің жоғарыда көрсетілген нақыл сөздері өзінің терең даналығымен бізді 
таңғалдырады. Онда Дүниенің терең мәні, адамның өмір сүруіне қажетті қасиеттер 
көрсетілген. Тек оқы да, бойыңа тоқы. Аз күнде улылық дәрежеге көтерілем деп, 
беліңді шойыртып алма, күнбе-күн аз-аздап, шаршамай-талмай еңбек ет, сонда ғана 
белгілі нәтижелерге жетуге болады. Даосизмнің бұл нақыл сөздері жастарға, я болмаса 
қарапайым адамдарға ғана емес, біздің саяси және экономикалык элитаның кейбір 
өкілдеріне қандай керек десеңізші!!! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет