Нуржігіт Алтынбеков 51
Қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы тереңдей түсіп, әсіресе ерекше атап өтуге
тұратын - ақшалық-тауарлық байланыстар тез өсті. К.Маркстің уақытында
айтқанындай, алтынның «сезімдік заттық» мағынасынан өтіп, адамдар оның
«абстрактылық» құдіретті қасиетін ашты. Алтынның ең құдіретті қасиеті - оны басқа
заттарға теңеу мүмкіндігі. Әрине, алтынды қолға алып, оны көзбен көріп, салмағын
байқап, тіске салып жұмсақтығын анықтауға, оны «сезімдік зат» ретінде қарауға әбден
болады. Бірақ, сонымен қатар ой арқылы белгілі алтын көлемін төрт қойға, болмаса екі
сиырға, жылқыға теңеуге де болады, яғни адамдар заттардың құнын анықтап,
оларды бір-бірімен салыстыра алатын жағдайға көшеді. Мұның өзі адамдардың
абстрактылық ойлау дәрежесін көтеріп, қоғамдық сананың пайда болуына әкеліп
жеткізді.
Темір заманында болған үлкен өзгерістердің бірі - ол интеллигенцияның (іntеllеgеns - лат. сөзі, ақылды) дүниеге келуі. Яғни байлық көзін өсуінің негізінде дене
еңбегінен арылып, өзінің өмірін толығынан ой еңбегіне арнаған адамдардың пайда
болуы (дін қызметкерлері, өнердің әр түрімен айналысатындар, ойшылдар,
тарихшылар т.с.с.)
Осы ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі ғылым мен өнердің өте тез дамуына,
Дүниеге деген философиялық көзқарастың тууына өзінің зор әсерін тигізді. Тағы да
К.Ясперсті тыңдасақ, «Адамның рухани оянған кезінде, басқа ғылымдардан бұрын философия пайда болады».
§ 2. Көне Қытай мәдениеті аясындағы философия Өз уақытында Гегель айтқандай, Күннің өзі шығыстан шыққаннан кейін, біз де
философияның тарихын Шығыс елдерінен бастаймыз.
Бірақ мұның өзі «Шығыстық» тұжырымға әкелмеуі керек. Жоғарыдағы
көрсеткеніміздей, философия бір уақытта дүние жүзінің кемінде үш жерінде -