Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет573/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   569   570   571   572   573   574   575   576   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
639 
мемлекеттік меншікке негізделген жоспарлық экономика Батыстағы капиталистік 
жекеменшікке негізделген нарықтық экономикамен сайыска түсе алмай, артта қала 
бастады. Ал К.Маркстің формациялык теориясы бойынша, социализм капиталистік 
коғамның жеткен жетістіктерін басып озып, одан да гөрі асқан өндіргіш күштерді 
тудыруы керек еді. Осы ахуалды ескере отырып, Д.Бэлл, Р.Арон, У.Ростоу сияқты 
Батыс ойшылдары К.Маркстің коммунизм теориясын «утопиялық, ешқашанда өмірге 
келмейтін сағым» ретінде қарап, олай болса қоғамды талдаудағы жаңа әдістеменін 
керек екенін алға тартты. Сондықтан Батыс әлеуметтік философиясында 
формациялық талдаудың орнына цивилизациялық сараптау жолының тағы бір түрі 
келді. 
Бұл талдаудың негізінде жатқан анықтаушы - қоғамның өндіргіш күштерінің 
дамуы, яғни бұл әдістемені де қоғамды материалистік жолмен түсінудің бір түрі 
ретінде қарауға болады. Оны кейбір кезде «технологиялық детерминизм» деп атайды. 
Осы тұрғыдан оның алғашқы сатысын аграрлық цивилизация деп атайды. Ол 
алғашқы қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келеді. Оның өмір сүруі тарихта бірнеше 
мың жылдарға созылды. Оның негізгі мінездемелеріне келер болсақ, халық 
ауылдарда шоғырланған және материалдық игіліктердің бәрі дерлік сонда өндіріледі. 
Қалалар әлі кішігірім ғана, онда тек мемлекеттік шен иелерімен қатар ақсүйектер ғана 
тұрады. Енді еңбекті ұйымдастыру принципіне келер болсақ, ол мәжбүрлік, зорлық-
зомбылыққа негізделген: толығынан иесіне тәуелді құл мен жартылай тәуелді шаруа, 
әрине, жақсы өнімді жұмыс істеуге мүдделі емес. Сондықтан мемлекеттің күш қолдану 
мекемелері көлемді болып келеді, өйткені оқтын-оқтын езілген таптар көтеріліске 
шығады. Бірақ қоғамды өне бойы қолдың күшімен ұстап тұруға болмайды. Сондықтан 
бұл қоғамның рухани тірегі ретінде бүгінгі таңдағы дүниежүзілік діндер пайда болады. 
Қайсыбір діннің негізгі атқаратын қызметі — езіліп, зардап шеккен адамның жан 
дүниесіне рухани әсерін тигізіп, тыныштандыру, қарымына о дүниедегі жұмақты 
ұсыну болмақ. 
Мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген бұл қоғам жаңа дәуірде индустриалдық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   569   570   571   572   573   574   575   576   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет