Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет77/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
87 
Афина қаласында Анаксагор ең бірінші болып, философиядан сабақ бере 
бастады. Бірақ ол қудаланып (гректердің Құдайларын мойындамағаны үшін), 
Афинадан қашуға мәжбүр болады. Өзінің философиялық еңбектерінде Анаксагор 
қалайша шаш еместен шаш, ет еместен ет пайда болады деген нақты сұрақтар 
қояды. Эмпедоклдың стихияларының ішінде ет, сүйек, шаш, қан сияқты элементтер 
жоқ еді ғой. 
Анаксагор бүл сұраққа: «Әр нәрсе өзіне өте ұқсас бөлшектерден -- 
«тұқымдардан», гомеомериялардан пайда болады». -деген жауап қайтарады. Ол 
түқымдар стихиялардың ішінде қалқып жүріп, бір-бірімен қосылып заттарды 
тудырады. Ал барлық заттардың пайда болуына түрткі болған, оларды ретке келтіріп 
отыратын ол НУС (nоus - грек сөзі, ақыл-ой) - дүниежүзілік ақыл-ой. 
Қорыта келе, Анаксагор Афинадағы ғылымның, философияның дамуына өзінің 
зор әсерін тигізді. 
 
Демокриттің атомистік ілімі 
Элеаттардың көтерген мәселелеріне Эмпедокл мен Анаксагорға қарағанда 
басқаша жауап берген Левкипп пен Демокрит болды. 
Егер біріншілер Дүниенің негіздерін құрайтын әртүрлі сападағы стихиялар
заттардың тұқымдары т.с.с. деген тұжырымға келсе, Левкипп пен Демокрит өздерінің 
атом жөніндегі ілімдерінде Дүниенің негізінде жатқан сандық жағынан әртүрлі ұсақ 
бөлшектер жөніндегі ілімдерін ұсынады. 
Левкипп (V б.ғ.д.) Милетте туғанымен, Элеяға келіп, өз ілімін таратады. Демокрит 
(460 б.ғ.д. туған) Левкиптің шәкірті болған. 
Левкипп пен Демокрит ғылымға атом ұғымын, әрі қарай бөлінбейтін, көзге 
көрінбейтін, өте ұсақ, сапасыз, тек қана бітімі, көлемі жағынан бір-бірінен 
айырмашылығы бар ұсақ бөлінектерді ұсынады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
88 
Атомистер бейболмыс өмір сүрмейтінін қолдады, өйткені бірдеме Дүниеге 
келгенде, бар ұсақ бөлшектердің қосындысынан пайда болады, ал ол бөлшектер тарай 
бастаса, ол зат құриды. Әрине, атомдар қозғалуы үшін кеңістік керек, сондықтан олар 
Дүниені орасан зор қуыс ретінде карады. Егер біз кеңістіктен атомдарды алып 
тастасақ, онда ештеңе жоқ, тек қуыс кана қала береді. Олай болса, ештеңе өмір сүреді. 
Дүниедегі атомдардың саны шексіз болғаннан кейін, кеңістік те шексіз, өйткені 
шектелген кеңістікке шексіз атомдар сыймас еді. Дүниенің кеңістіктегі шексіздігі 
уақыттың да мәңгілігін, қозғалыстың да бастауының жоқтығын мойындауға мәжбүр 
етеді. 
Атомистика Дүниенің пайда болуын қозғалыс арқылы түсіндіреді (бірінші сатыда). 
Алғашында атомдар кеңістікте ешқандай тәртіпсіз түрде өмір сүреді. Олар оны күннің 
көзі түскен кездегі үй ішінде сәулеге шалынып көзге көрінетін, қалқып жүрген өте ұсақ 
шаңмен салыстырады. Екінші сатысында ауыр салмақты атомдардың жеңіл 
бөлшектермен соқтығысуының нәтижесінде пайда болатын дауылға ұқсас қозғалыс 
туады. Бүл «дауылда» бір-біріне ұқсас атомдар басқалардан бөлініп, Дүние өмірге 
келеді. 
Үшінші атомдардың қозғалысы - ол заттың бетіндегі өте жеңіл атомдар. Олар 
заттан ұшып, біздің түйсіктерімізге әсерін тигізіп, иісті тудырады. 
Атомистердің айтуына карағанда, 4 стихияның атомдары әртүрлі. Оттың 
атомдары ең кіші және дөңгелектеу болып келеді, қалған атомдарының бітімі кубқа 
ұқсайды. Олардың ішіндегі ең кішісі ауаны құрайтын атомдар, орташа көлемдісі суды, 
үлкендері жерді құрайды. 
Атомдардың жалпы саны шексіз болғаннан кейін, ғарышта әртүрлі Дүниелер бар. 
Біреулерінде күн мен ай болмауы мүмкін, кейбіреуінде екі-үштен болуы мүмкін, 
біреулерінде тіршілік болса, келесілерінде болмауы ғажап емес ... 
Сонымен Демокриттің Дүние жөніндегі ілімінде ешқандай Құдай, я болмаса 
басқа рухани күш жоқ: ол бэрін де механистік көзқарастың шеңберінде түсіндіргісі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет