Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



Pdf көрінісі
бет98/692
Дата06.02.2023
өлшемі6,25 Mb.
#65640
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   692
Байланысты:
Философия ( n altynbekov )

Нуржігіт Алтынбеков 
115 
бақытқа жетесің. Эпикурдың жақсы көретін нақыл сөзі - «Lathe biosas» - 
байқалмай өмір сүр. 
Эпикур материалистік көзқараста болғанмен, Құдайлардың бар екенін 
мойындады. «Бірақ Құдайлар ғарыштағы дүниелердің ортасында өздерімен-өздері 
өмірден ләззат алып өмір сүріп жатыр, олардың адамдарға еш қатысы жоқ. Егер олар 
адамдардың ісіне қатысса, онда олардың рахатқа толы өмірі тоқталар еді», - дейді 
Эпикур. 
Ал адамға келер болсақ, онда оның денесі мен жан дүниесі атомдардан 
құралғаннан кейін, ол өлгенде, оның жанын құрайтын жеңіл атомдар да тарап кетеді, 
яғни жан да келмеске кетеді. Ол -табиғи нәрсе, сондыктан одан қорықпау керек. 
«Өлім мәселесіне келер болсақ, оның бізге ешқандай катысы жоқ, біз бұл 
Дүниеде болсақ, онда өлім әлі жоқ, ал өлім келген кезде, біз жоқпыз», - дейді 
ойшыл. 
Қорыта келе, Эпикурдың философиясы әсіресе моральдық ой-пікірлері өз 
заманындағы рухани өмірге және содан кейінгі ұрпақтарға өзінің зор әсерін тигізді. 
Стоицизм (Стоя) философиясы 
Стоя философиясын (stоа - Афина қаласындағы философтардың жиналатын 
ғимараты) б.ғ.д. 300 ж. Китионнан шыкқан Зенон деген ойшыл қалаған. Ол мектеп 
500 жылдай уақыт өмір сүрген. Оны Көне Стоя (3-2 ғ.ғ.), Орта Стоя (2-1 ғ.ғ.), Соңғы 
Стоя (1-2 ғ.ғ.) деп үш уақытқа бөледі. Көне және Орта Стоя мектебінің өкілдерінің 
толық бір шығармалары қалмаған. Көбінесе Стоя философиясында этика мәселелеріне 
көбірек назар аударылған. 
Зенон өзінің философиясында бүкіл әлемдік мемлекет жөніндегі ілім жасаған 
(космополис). Бұл мемлекетте толық теңдік орнаған: еріктелер мен кұлдар, байлар мен 
кедейлер, еркектер мен әйелдер – бәрі де тең құқылы. Бұл елде тек даналық 
сатысына жеткен адамдар өмір сүреді. Олар табиғат заңына сәйкес өмір салтын 
ұстайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   692




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет