Нуржігіт Алтынбеков 112
«Адам іздеп жүрмін», деп жауап береді. Атақты Александр Македонский мұндай
қызық адамды көрейінші деп оған келгенде, Диоген: «Былайырақ тұршы, күннің
сәулесін жауып тұрсың ғой», - деген екен.
Киниктердің ілімі бойынша, адамның ең соңғы талғамы -ізгілік. Ал оның өзі -
бақыт. Ізгілік дегеніміз - аз нәрсеге қанағат ету, залымдықтан аулақ жүру; ізгілікке
үйренуге болады, бірақ оған білімнен гөрі ерік керек; ізгілік адамның сөзінен емес,
жүріс-тұрысынан байқалады. Азға қанағат ету адамды біреулерге тәуелді болудан
арылтады. Бірақ Киниктердің дербестігі бүкіл мәдениет, әлеуметтік нормалар, өнер,
отбасы, мемлекетті теріске шығаруға әкелді. Мүның бәрі де, әрине, сол кездегі
қоғамдағы қалың бұкараның өте аянышты жағдайымен байланысты болса керек.
Киниктер жекеменшікті, әлеуметтік айырмашылықты жою керек, адам әлемнің
азаматы (космополит) болуы керек деген пікір айтты.
Эпикур философиясы Эпикур (342-270 б.ғ.д.) - Демокриттің қолдаушысы. 306 ж. Афина қаласында
өзінің мектебін ашты. Ол соңынан «Эпикур бағы» деген атақ алды. Мектептің
қақпасында мынандай жазу бар екен: «Жолаушы, мұнда саған жақсы болады: мұнда
ләззат алу - ең биік ізгілік».
Эпикур ілімі үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол - каноника (таным теориясы),
физика (табиғат жөніндегі ілім) және этика (мораль, әдет-ғұрып).
Эпикурдың каноникасында сезімдік танымға көп көңіл бөлінген. Дүниені
қабылдаудың негізінде заттардың үстіндегі жеңіл атомдардың біздің денемізге кіруі
жатыр. Біздің түйсіктерімізге кіріп, олар шынайы қабылдауды туғызады, ал біздің
баска мүшелерімізге кірсе, онда неше түрлі қиялдар пайда болады. Олай болса,
сезімдік таным бізді ешқашан алдамайды. Жалғандықтын қайнар көзі ақыл-ойда,
тұжырымда. Өйткені ақыл-ой сезімдік танымға неше түрлі косындылар жасайды.
Ал ой дегеніміз – ол сөздердің мән-мағынасы. Сондықтан ойлауда қате жібермес