197
Студенттің өзіндік жұмысына тапсырма:
1.
Індеттанулық ерекшеліктеріне, негізгі клиникалық белгілері мен
патолого-анатомиялық өзгерістеріне сәйкес төмендегі ауру топтарына ажы-
ратып балау кестесін құру:
а) америкалық
және еуропалық шіріме, балапан құрттың қалталануы;
ә) вирустық салдану, гафниоз, аспергиллез, септицемия,
инвазиялық
аурулар;
б) омартада алынған мәліметтер немесе оқытушының түрлі індеттік
жағдайға байланысты берген деректері бойынша індеттанулық талдау акт
жасау;
в) індеттанулық зерттеу нәтижелері негізінде
инфекциядан сау емес
омартада сауықтыру шараларының жоспарын құру;
г) омартада дауалық, лажсыз дезинфекция жасау жүйесінің схемасын
дайындап, қолдануға
қажетті дезинфектантты таңдау, оның негізгі және
жұмыстық ерітінділерін дайындау.