Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет2/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

 
 
Еркін Игенбайұлы Қасымов 
Кітап авторы – ветеринария ғылымының докторы, профессор. 1953 
жылы Семей облысы Мақаншы ауылында туған. 1980 жылы Семей 
малдәрігерлік-зоотехникалық институтын ветеринария мамандығы бойынша
үздік бітірген. 1980-1986 жылдары Мақаншы аудандық «Ет-сүт және тағам 
өнімдерін бақылау» станциясының меңгерушісі, аудандық ветеринария 
лабараториясында химик-токсиколог, серолог, бактериолог маманы, 
директор кызметін атқарған. 
1987-1990 жж. Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтында 
аспирантура, 1993-1997 жылдары Түрік мемлекетінде Ph.D. докторантура 
бітіріп, 1990 жылы кандидаттық, ал 2003 жылы қазақ тілінде докторлық 
дисертация қорғаған. 
Ана тілімізде шыққан тұңғыш оқу құралының «Бірнеше түлікке ортақ 
жұқпалы ауруларды балау және күресу шаралары», 1992; ғылыми 
монографияның «Сиыр бруцеллезiмен күрес шаралары», 2003 (222 бет); 
«Ағылшынша-қазақша-орысша ветеринария сөздiгi», 2005 (235 бет); 
«Індеттану және инфекциялық аурулармен күрес шаралары» оқулығының, 
2009 (302 б.); «Адам және жануарлар үшiн ортақ аурулардың алдын алу 
және күресу жөнiндегi ветсанитариялық және санэпидемиологиялық 
Ережелерi» құжатының (ҚР АШМ 2004 бекiткен), 10 ғылыми жаңалық пен 
патенттiң, 3 биопрепараттың, 66 қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде 
жарияланған ғылыми мақалалардың авторы. 
Індеттану, иммунология, серология саласы бойынша халықаралық 
конференциялар мен конгрестерде (Түркия 1994-1996, Ливан 1996, Канада 
2002, Венгрия 2008, Франция 2011, Қазақстан 2003-2013) баяндамалар жасап,
конструктивтi ұсыныстары үшiн БҰҰ-ның ДДС ұйымының және Халық-
аралық Індетке қарсы бюроның арнайы сертификаттарымен марапатталған. 
2002-2004 жылдары «Ғылымның өндiрiспен байланысы» атты халықаралық 
CIDA жобасымен жұмыс iстеген. Ғылым кандидатын және магистрлерді 
дайындаған. 
ҚР Білім және ғылым минстрлігі тағайындаған «Жоғары оқу орнының 
үздік оқытушысы» грантының 2007 жылғы иегері. Орыс, түрік, ағылшын 
тілдерін меңгерген. Қазір ҚазҰАУ-нің «Биологиялық қауіпсіздік» кафедра-
сында профессор қызметін атқарады. 



КIРIСПЕ 
«Iндеттану және инфекциялық аурулар» (051212 – Ветерина-
риялық медицина мамандығы бойынша), «Індеттану және инфек-
циялық аурулар ветеринариялық-санитария негіздерімен» (051202-
Ветеринариялық санитария мамандығы бойынша) пәндерiн оқыту-
мен өндiрiске кәсiби ветеринария дәрiгерлерiн даярлау аяқталады. 
Ұсынылып отырылған «Iндеттану және инфекциялық аурулар 
ветеринариялық-санитария негіздерімен» оқу құралы білім алушы-
лардың кредиттiк оқу жүйесiне сәйкес интерактивтi әдiстердi 
пайдалану арқылы зертханалық, тәжірибелік сабақтар, студенттің 
өзіндiк жұмыстары (СӨЖ), оқу және өндiрiстiк практикалары 
негізінде (оқу құралы ретінде) ветеринария мамандықтарын 
меңгерулеріне арналған. Онда, аудиториялық сабақтардың әдісте-
мелері, бiлiм алушының өзіндiк жұмысын жандандыру, белсендi-
лiгiн арттыру мәселелері, эпизоотолог ретiнде дәрiгерлiк ой қорыту 
жүйесін қалыптастыруға арналған сұрақтар, iндеттiк жағдайға 
байланысты тапсырмалар, мысалдар, іскерлік ойындар қамтылды.
Iндеттанулық балаудың жұқпалы ауруларға қарсы күрес 
шаралары жүйесiнде маңызды орын алатыны ескерiлiп, iндет 
ошағы анықталғанда инфекцияның шығу, таралу себептерiн 
анықтау, iндет процесi мен iндет ошағына толық сипаттама беру 
үшiн iндеттанулық мониторинг жүргiзудiң нақтылы әдiстемелерi 
ветеринариялық практикада алғаш рет құрастырылып, ұсынылып 
отыр. «Жұқпалы аурудан (бруцеллез, туберкулез т.б.) сау емес 
пункттi iндеттанулық зерттеу» әдiстемелерi, «сырттан әкелінген 
асыл тұқымды аналық малды профилактикалық карантиндеу» 
жүйесін жетілдіру, «індеттен сау емес пункт», «індет ошағы», 
«індет ошағының ядросы», «қатер төнген аймақ» категорияларын 
қазіргі талаптар тұрғысынан нақтылау, індет ошағының құрам 
бөліктерінің шекарасын анықтау, «бруцеллезден сау емес пунктті 
жедел сауықтыру» тәсілдері оқу құралы авторының ғылыми 
жетiстiктерiне (10 авторлық куәліктермен, патенттермен раста-
лынған), эпизоотолог ретiнде қалыптасқан тәжiрибелерiне (індет 
орын алған шаруашылықтарды, ауылдық округтерді сауықтыру 
кезінде жинақталған), iндеттанулық тұрғыда талдау, ойлау, 
синтездеу ұғымдарына негiзделiп дайындалған.



Лабораториялық сабақтардың зертханаларда, ал тәжірибелік 
сабақтардың мал фермалары, ет комбинаты, ветеринариялық 
клиника, оқшаухана жағдайларында өткiзiлуi қажет. 
Мал фермаларында студенттер iндеттанулық мониторинг 
жүргiзу, жануарлардан жаппай қан алу, малды аллергиялық 
зерттеу, иммундеу әдiстерiн, ал ет-сүт комбинаты, қасапхана, вет. 
клиника, оқшаухана жағдайларында клиникалық, патология-
анатомиялық зерттеулер, лабораториялық тексерулерге тiрi малдан 
сынамалар, өлекседен патологиялық материал алу тәсілдерін 
үйренедi. 
Сонымен 
бiрге 
ветсанитариялық 
обьектілерде 
дезинфекция, дератизация, дезинсекция әдiстерiн меңгередi.
Аудиториялық сабақтарда оқу құралы және қажетті жаб-
дықтармен қатар: ветеринариялық заң кiтаптары, әдiстемелiк 
нұсқаулар, слайдлар, бейнетаспалар, интерактивті тақта болуы тиiс. 
Олар инфекциялық ауруларды дауалау, індет ошағынан арылу 
шараларын меңгеру мақсатында практикада туындалатын түрлi 
iндеттiк жағдайларды шешуге арналған арнайы тапсырмаларды 
студенттердiң ізденіп, орындауларына қажет.
Жұқпалы аурулар аналогты басылымдардағыдай жануарлар-
дың түр ерекшеліктері (күйістілер, тақтұяқтылар, т.б.) бойынша 
емес, бірнеше түлікке ортақ, жылқы, сиыр, қой, түйе шаруашы-
лықтарында, доңыз фермаларында, құс фабрикаларында, ит 
питомниктері мен терісі бағалы аң фермаларында, омартада, су 
қоймалары мен тоғандарда инфекциялық аурулармен күрес 
шаралары тарауларымен топтастырылды.
Әдiстемелiк ұсыныстар, іскерлік ойындар, мысалдар арқылы 
студенттердiң негізінен өздігінен iзденiп оқып-үйренулерiне, ал 
оқытушының iзденушiлерге теориялық білімді, ғылыми-иноваци-
ялық жетістіктерді өндірістік тәжірибемен байланыстыруда дұрыс 
бағыт берiп, ұйымдастырушы рөлiн атқаруына баса мән берілдi. 
Сонымен қатар ветеринария терминдерін қазақ тілінде нақтылау, 
орнықтыру мәселелері әркез назарда ұсталды. Талғамы жоғары 
оқушы қауымның кітап жайында ұсыныс, тілектері болса, оларды 
қабыл аламын. 



БЕЛГIЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет