207
4.3. Iндеттiң шығу, таралу себептерi.
4.4. Iндетке қарсы шаралардың тиiмдiлiгi (ауырған,
өлiмге шалдыққан,
жазылған мал саны, сауықтыру мерзiмi).
4.5. Қандай инфекциялық ауруларға қарсы арнайы шараларға (серо-
логиялық, аллергиялық зерттеулерге, вакцинациялауға)
қанша мал қамтыл-
ды, қандай препараттар қолданылды, олардың тиiмдiлiгi.
Қандай объектiлер дезинфекцияланды (көлемi, қолданылған препарат,
тәсiл), дерратизация, дезинсекция жұмыстарының жүргiзiлуi,
бұл жұмыс-
тарды орындауға студенттiң нақтылы қатысқаны жайындағы деректер.
4.6.Ветеринариялық лаборатория бөлiмдерiнiң (бактериологиялық,
серологиялық, Асколи) бiлiктi мамандармен және заманауи лабораториялық
жабдықтармен қамтылу дәрежесi сипатталуы қажет.
4.7.Практиканттың қанша балаулық зерттеу жүргiзгенi,
қанша малды
вакцинамен еккенi кесте түрiнде көрсетiлуi керек.
Ұсынылатын курстық/дипломдық жұмыс тақырыптарының тізімі:
- Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтарды індеттанулық зерттеу
(індеттанулық зерттеу актісін толтыру).
- Жұқпалы аурулардан
сау емес шаруашылықта, ауылдық округте
індеттанулық зерттеу жүргізу (індеттанулық зерттеу актісін толтыру).
- Жұқпалы аурулардан сау шаруашылықтардағы дауалау шаралары.
- Белгілі бір жұқпалы ауру бар шаруашылықтағы сауықтыру шаралары.
- Белгілі бір жұқпалы ауруды балау мен ажырату.
Достарыңызбен бөлісу: