Бегалиева А. К. Қазақстан тарихы (оқу құралы). Алматы: Қазақ



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата09.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#66367
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бегалиева А.К. Учеб.пос. 2017.27.06

 
 



1 ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН 
 
1.1 Қазақстан тас ғасыры дәуірінде 
Тас ғасыры мына кезеңдерге бөлінеді: Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 
2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін), Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 
12-5 мың жылдықтар), Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). 
Ертедегі палеолит үлкен үш дәуірден тұрады: олдувай (2,6 млн – 700 мың 
жыл бұрын), ашель (700 мың - 150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 
мың – 31-30 мың жыл бұрын). Барлық тас ғасыры кезеңінде еңбек құралдары 
тастан жасалды. Түрі мен сипатына қарай тас бұйымдар шапқыш, қырғыш, 
үшкіртас, соққыш, бұрғы, пышақ, тескір, т.б. болып бөлінді. Ежелгі еңбек 
құралының біріне Қаратау қыраты, Арыстанды өзені алқабында жатқан 
Көңірдек поселкесі жанынан табылған тік бұрышты ауыр кремний сындырғыш 
жатады. 
Ашель дәуірінің тұрақтары Бөріқазған мен Тәңірқазған Жамбыл облысы
Талас ауданында орналасқан. Бұл жерден табылған заттарды археолог
Х.А. Алпысбаев мынадай төрт топқа бөлген: бір жақты, екі жақты шапқыш 
құралдар; көне заманның салмақты сындырғышы; ірі-ірі кедір-бұдыр домалақ 
тастар. Шапқыш құралдар Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель 
дәуірінің 
олжасы 
табылған 
жерлеріндегі 
тас 
құралдарынан 
онша 
айырмашылығы жоқ.
Ашель дәуірінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан да табылған. Бұл 
жердегі құралдар қара және сұр жасыл түсті кремний жынысынан жасалған. 
Құдайкөл тұрағы Сарыарқаның теріскей-шығыс жағында орналасқан. Одан 
бифастар, яғни тастың екі жағын да өңдеу арқылы жасалған құралдар
жануарлар терілерін илеп, ағаш өңдеуге қолданылатын қырнауыштар, домалақ 
тастар табылған. 
Мустье кезеңінде тас өңдеудің жаңа тәсілі пайда болды, ал кей жерлерде 
малтатас техникасы бұрынғыдай қолданылды. Мұндай ескерткіштер Оңтүстік 
Қазақстан және Орталық Қазақстан жерінен табылған. Соның біріне 1958 ж.
Х.А. Алпысбаев тауып, кейіннен Ш. Уәлиханов атымен аталған көп қатпарлы 
тұрақ жатады. Бұл тұрақта бес мәдени қатпар бар, олардан тас бұйымдары
оттың орны, ошақтар, жылқы, қодас, ақбөкен, бұғы сияқты жануарлардың 
сүйектері табылған. 1984 ж. Жезқазған облысы Ақадыр ауданынан Өгізтау І, 
Өгізтау ІІ, Үлкен Ақмая атты мустье ескерткіштері бар. 
Мезолит. Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос» - орта деген сөзден 
шыққан) өту дәуірі климаттағы өзгерістермен ерекше байланыста болды. 
Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезеңде 
гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазірге 
ұқсас құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы 
тамақ табудың бұрынғы әдістерін (қамалап аулау және т.б.) жарамсыз болып, 
тіршілік құралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру 
қажеттігін туғызды. Елеулі фауналық өзгерістер болды. Бір аймақтарда 


279 
МАЗМҰНЫ 
Алғы сөз...............................................................................................................2 
Кіріспе..................................................................................................................3 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет