Сонымен қатар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда
мынадай проблемалар бар:
пандемия мен сырқаттану кезеңінде әлеуметтік байланыстардан және
құрдастарымен ӛзара әрекеттесуден айырылу нәтижесінде психоэмоциялық
жағдайдың нашарлауы;
білім беру ұйымдарының белгіленген бейнебақылау жүйелерінің бекітілген
стандарттарға сәйкес келмеуі (ақпаратты сақтау мерзімдері, негізгі электр
қуаты ӛшіп қалған кезде жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі, адамдарды тану
және т.б.);
оқушыларды тасымалдау үшін автокӛліктің жетіспеушілігі және оларды
жаңартудың баяу қарқыны;
әкімдіктердің жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыруының
жеткіліксіз болуына байланысты ЖАО-ның балалардың жекелеген санаттарына
арналған мектептегі бір рет тамақтандыру нормаларын сақтамауы;
республиканың 12 ӛңірінде 1–4 сыныптардың барлық оқушыларын тегін
ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қаржыландырудың жоқтығы.
3-тарау. Педагог мәртебесі
2019 жылы қабылданған "Педагог мәртебесі туралы" Заң педагогтер үшін
қолайлы жағдай жасау және олардың кәсіптік ӛсуін ынталандыру бойынша
жүйелі шаралар кешенін іске асыруға мүмкіндік берді.
Педагогтің кәсіптік ӛсуінің жаңа жүйесін енгізудің арқасында жалақы
лауазымдық жалақының 30 %-ынан 50 %-ына дейін ұлғайды (педагог, педагог-
модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер). 2020 жылдан
бастап аттестаттаудың жаңа жүйесіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту (бұдан әрі – МДТО), техникалық және кәсіптік және қосымша білім беру
педагогтері аттестаттау рәсімінен ӛту нәтижелері бойынша тиісті қосымша ақы
алады. "Педагог мәртебесі туралы" Заң аясында тәрбиешілердің құқығы
мұғалімдермен теңестірілді. Олардың жалақысы жыл сайын (2020 жылдан
бастап) 25 %-ға артып, демалыс күндерінің саны 42-ден 56-ға дейін ӛсті.
Тәлімгерлік, магистр дәрежесі, сондай-ақ спорт секцияларын жүргізгені
үшін жаңа қосымша ақылар енгізілді, сынып жетекшілігі және дәптерлерді
тексергені үшін қосымша ақылар айтарлықтай ұлғайтылды. 2020 жылы
қосымша ақылар мен үстеме ақылардың ұлғаюын ескергенде педагог
жалақысының ӛсуі 50 %-дан асты, ал 2021 жылғы қаңтардан бастап жалақы
тағы 25 %-ға ӛсті. 2020 жылы ТжКБ ұйымдары педагогтерінің жалақысы 25 %-
ға ӛсті және біліктілік санаты үшін қосымша ақы белгіленді (БЛЖ-ның 30 %-
ынан 50 %-ына дейін), ол Ұлттық біліктілік тестілеу тапсыру қорытындысы
бойынша белгіленеді. 2020 жылы ТжКБ ұйымдарының педагогтері біліктілік
санаттарын алу үшін алғаш рет Ұлттық біліктілік тестілеу тапсырды және
бүгінде 2 мыңнан астам педагог санат үшін қосымша ақы алады. Сондай-ақ
тәлімгерге ТжКБ ұйымдарының білім алушыларын ӛндірістік оқытуды және
кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша кӛрсетілген қызметтері үшін ақы
тӛленеді. "Болашақ" бағдарламасының түлектеріне біліктілік санатын беру
рәсімінен ӛтпей, лауазымдық жалақысының 40 %-ы мӛлшерінде қосымша
тӛлеммен "Педагог-зерттеуші" біліктілік санаты беріледі.
Жүктемені қысқарту бойынша шаралар қабылданды. 2020 жылы
мұғалімдердің еңбегін нормалау жүйесі әзірленді, ал 2021 жылдан бастап
мектеп педагогтерінің 18 сағаттық жүктемесінен 16 сағаттық жүктемеге кӛшу
жүзеге асырылды. 2022 жылдан бастап бос лауазымдар болған кезде әр
мұғалімге сағат саны мұғалімнің бір жарым ставкасынан аспауы керек.
Жаңадан бастаған және жас педагогтерге жағдай жасауға ерекше рӛл
бӛлінген.
Дарынды жастарды тарту және педагогикалық бейіндегі білім беру
бағдарламаларына үміткерлерді сапалы іріктеуді жүзеге асыру үшін
талапкерлердің түсуі үшін ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) шекті
балы 50-ден 75 балға дейін ұлғайтылды. Даярлаудың педагогикалық бағыттары
бойынша оқитын бакалаврларға стипендия 26 мыңнан 50 мың теңгеге дейін
арттырылды. Нәтижесінде соңғы 5 жылда педагогикалық мамандықтарға
түскен "Алтын белгі" тӛсбелгісін алған мектеп түлектерінің саны екі есеге
артты. Сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету және педагог мамандығына талантты
түлектерді тарту үшін 2020 жылдан бастап жас мамандарға біліктілік санатын
берудің ерекше тәртібі кӛзделген. Педагогикалық бағыттағы білім беру
бағдарламаларының түлектерін сертификаттау енгізіледі. Болашақ педагог
біліктілік санатын Ұлттық біліктілік тестілеуден ӛту нәтижелері бойынша
алады. Осылайша, мансаптың басында-ақ жас педагогтер жалақысына едәуір
үстеме ала алады. Сондай-ақ жаңадан бастаған педагогтерді қолдау үшін
тәлімгерлік институтын дамыту тетіктері кӛзделген.
"Үздік педагог" республикалық конкурсына жыл сайын қатысу еліміздің
үздік педагогтерін моральдық және материалдық кӛтермелеудің ұштасуы
болып табылады. Кӛтермелеудің материалдық түрлерімен қатар педагог
мәртебесі "Педагог мәртебесі туралы" Заңда қабылданған қолдаудың басқа да
түрлерін айтарлықтай нығайтады. Педагогикалық этика және педагогтердің
құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңестер құрылды.
МДТО жүйесінде арнайы кәсіптік даярлығы жоқ ("Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту" мамандығы бойынша жоғары және техникалық және кәсіптік білімі
бар) педагогтердің үлесі 23,8 %-ды құрайды, біліктілік санаты жоқ – 51 %. Бұл
МДТО жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыру туралы мәселенің ӛзектілігін
кӛрсетеді. Сонымен қатар тәрбиешілер жүктемесінің тым кӛп болуы (топтағы
25 балаға 1 тәрбиеші) және жалақы мӛлшерінің тӛмен болуы проблемасы бар.
Кадрлардың тұрақтамауын тоқтату, тәрбиешілердің жүктемесін азайту
мақсатында қолайлы жағдайлар жасау, оның ішінде жалақыны кӛбейту
жӛніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Соңғы үш жылда еліміздегі педагог кадрлардың саны жарты миллионға
жуық адамға жетті. Педагогтердің басым бӛлігі Түркістан (50 мыңнан астам
адам), Алматы (39 мыңнан астам адам) және Жамбыл (24 мыңнан астам адам)
облыстарында.
2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде орта білім беру
ұйымдарындағы педагогтердің саны 30 мыңға жуық бірлікке ӛсті. 3 жыл ішінде
контингенттің ең кӛп ӛсуі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында байқалады.
Осы кезеңде педагогтер үлесінің ең аз ӛзгеруі Солтүстік Қазақстан, Қостанай
және Шығыс Қазақстан облыстарына әсер етті. Сонымен қатар 2021 жылы
барлық ӛңірлер бойынша 2020 жылмен салыстырғанда педагогтер санының
ӛсуі байқалды. Осылайша, соңғы 3 жылда жалпы білім беретін мектептердегі
педагогтер жалпы саны біртіндеп ӛсті.
Педагог қызметкерлердің тӛрттен бір бӛлігі (22,6 %) жаңа біліктілік
санаттарына сәйкес "педагог" санатына жатады, педагогтердің жалпы санының
16,7 %-ы "педагог – модераторлар", 18,9 %-ы "педагог – сарапшылар", 18,9 %-ы
"педагог – зерттеушілер", 0,9 %-ы "педагог-шеберлер" болып табылады.
Ауылдық жерлерде қалалық оқытушыларға қарағанда шеберлер аз жұмыс
істейді. Қалалық жерлермен салыстырғанда ауылдық жерлердегі педагогтер 43
мыңға дерлік артық. Алайда педагог-шеберге тестілеуден ӛткен педагогтер
ауылдық жерлерде қалаға қарағанда 1,8 есе аз. Сондай-ақ ауылдық жерлерде
қалалықпен салыстырғанда педагог-зерттеушілер 4,9 мың адамға аз. Сонымен
қатар ауылдық жерлерде "педагог-сарапшы", "педагог-модератор" және
"педагог" санаттары бойынша кӛрсеткіштер әлдеқайда жоғары. Бұл ауылдық
Достарыңызбен бөлісу: |