Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға
арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 941
қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау
жүйесінің 66-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі –
Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар және ӛзге
ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жӛнінде
қажетті шаралар қабылдасын;
2) Тұжырымдаманы іске асыру жӛніндегі іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі
– Жоспар) уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
3) есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан
Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы
туралы ақпарат ұсынып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту
министрлігі есепті кезеңнен
кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей мемлекеттік және стратегиялық
жоспарлау жӛніндегі уәкілетті органға Тұжырымдаманың іске асырылуы
туралы есепті ұсынып тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан
Республикасының Оқу-
ағарту министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған
тұжырымдамасының мазмұны
1-бӛлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
2-бӛлім. Ағымдағы жағдайды талдау
1-тарау. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы
2-тарау. Балалардың құқықтары мен мүдделерін
қорғау
3-тарау. Педагог мәртебесі
4-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
5-тарау.
Орта білім беру
6-тарау. Техникалық және кәсіптік білім беру
7-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
8-тарау.
Білім беру сапасын бағалау
3-бӛлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
4-бӛлім. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың пайымы
5-бӛлім. Дамытудың негізгі
қағидаттары мен тәсілдері