11. Микробтардың спорасы, капсуласы
Касула – қалыңдығы 2 мм-ден аспайтын,бактерия жасушасының қабығымен тығыз байланысқан,
сыртқы шекаралары анық байқалатын шырышты құрылым. Патологиялық заттардан таңбалық
жағынды даярлаған кезде капсуланы ажыратуға болады. Бактериялардың таза дақылдарында
капсула сирек түзіледі.Ол жағындыда капсула заттарын негативті констраттайтын арнайы Бури-
Гинс әдісімен бояған кезде анықталады:тушь капсула айналасында күңгірт фон тудырады.Капсула
құрылысы бойынша полисахаридтерден,кейде полипептидтерден тұрады,ал күйдіргі бациллаларда
Ол Д-глутамин қышқылының полимерлерінен құралған.Капсула гидрофильді,онда су көп
мөлшерде болады және бұл бактериялардың фагоцитоздалуына кедергі жасайды.Капсула сонымен
қатар антигенді болады:капсуланың ісіну реакциясы туындайды,яғни оған қарсы антиденелер оның
ұлғаюын тудырады.
Микрокапсула – қалыңдығы 0,2 мкм-ден жұқа,тек қана электронды микроскоптан көрінетін
шырышты
құрылым.Капсуладан
анық
сыртқы
шекаралар
байқлмайтын
мукоидты
экзополисахаридтерді шырыш ретінде ажыратуға болады.Бұл шырыш суда ерігіш келеді.Мукоидты
экзополисахаридтер кистозды фиброзбен ауыратын науқастар қақырған кезде кездесетін көк ірің
таяқшаларының мукоидты штамдарына тән болып келеді.Бактериялар экзополисахаридтері
адгезияға қатысады,оларды гликокаликс деп те атайды.
Микроскопиялауды жеңілдету үшін капсулаларды Бурри-Гинс немесе Хисс арқылы жағымсыз бояу
немесе Нойфельд арқылы ісіну реакциясын қолдану арқылы көруге болады
Достарыңызбен бөлісу: