1.Грам оң кокктар
Стафилакокктар:
S.aureus таза дақылының жағындысы,Грам бойынша бояу,қанды агар
Морфологиялық қасиеті:пішіні дұрыс,шар тәрізді,жүзім тәрізді шоғырларға біріккен .Олар спора
түзбейді,талшықтары жоқ және қозғалмайды.Кейбір түрлері капсула түзуге
қабілетті және L-
пішінін түзуі мүмкін.
Тинкториалды қасиеті:Грам оң ,қою күлгін түске боялады,оптималды орта рН=7-7,5 және 37
0
С
Дақылдық қасиеті:
-Пішіні: шар тәрізді
-Көлемі:ұзындығы 2-4 мм,диаметрі 0,5-1,5 мкм
-Мөлдірлік дәрежесі:мөлдір емес,лайланады.Стафилакокктардан пигмент тәрізді зат синтезделеді,
ол дақылға түс береді
-Түсі:алтын түстес,крем түстес,сары-сарғыш
-Шетінің сипасы:дұрыс пішінді,шеті тегіс,меруерт түстес тәжбен
қоршалған
-Беткейлік көрінісі:беті жылтыр,тегіс
Стафилококктар
факультативті анаэробтар,олар құрамында тұздың
жоғары концентрациясы бар
саруыз-тұзды агар немесе сүтті-тұзды агарда өседі.Саруызды-тұзды агарда бұлыңғыр,айнала-шеті
тегіс,домалақ пішінді әртүрлі пигменттелген колониялар түзеді.Саруызды-тұзды агарда колониялар
айналасына
тәж тәрізді сақина орналасады,ал қанды агарда колониялар
айналасында гемолиз
аймағы пайда болады.Сұйық қоректік ортаны стафилококктар
біркелкі лайландырады,кейін
кілегейлі тұнба пайда болады.
Ферменттік қасиеті:оның биохимиялық қасиеті жоғары,көптеген штамдары глюкозасы бар ортада
ацетоин түзеді,аммиак бөледі,нитраттарды нитритке немесе
азотқа дейін қалыпқа келтіреді,
ақуыздарды,майларды гидролиздейді.
Антигендік қасиеті:стафилококктардың ақуыз,пептидогликан,тейхой қышқылынан,капсуласынан
тұратын антигендері бар.Түрлік арнайы антигендік қасиет тейхой қышқылымен байланысты боады.
Резистенттілігі: стафилококктар қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан олар кептіруге тұрақты,
вируленттілігін жоймайды,құоғақ ыстық әсерінен 2 сағаттан соң жойылады.Олар таза этанолға да
тұрақты.Басқа антисептиктер мен дезинфекциялық ерітінділер әсеріне сезімтал келеді.
Стафилакокктар көптеген антибиотиктерге тұрақты болып келеді,себебі плазмидалар қадағалайтын
бетта-лактамазаның түзілуі.