«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»


АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА САРАЛАП, ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет19/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА САРАЛАП, ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ 
ӘДІСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Әлімбай Ф.М. 
«Шетел тілдері: екі шет тілі» мамандығының 4 курс студенті. 
Ғылыми жетекшісі:Багитжанова Ш. 
 
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология 
бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып 
табылады. Болып жатқан әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени 
ӛзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рӛлі ӛзгерді. Ағылшын тілі – 
жаңару тілі
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, 
қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты - 
сынып оқушыларын «қабілетті,», «қабілетсіз» деген жіктерге бӛлуді 
болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын жақсы оқитынына қарамастан 
жұмысты 1 деңгейден орындайды. 1 деңгей тапсырмаларын орындау 
мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. 1 
деңгей орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушыны 1 
деңгейді орындауға міндетті және одан жоғары деңгейді орындауға құқылы. 
Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі тӛмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға 
ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. 1 деңгейден аса 
алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. 
Деңгейлік - саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды 
дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг – ұпай жинау әдісіне 
баулу. Деңгейлік тапсырмалар рейтинг – ұпай - балл жинау әдісімен 
бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ ӛткеннен кейін де сол 
тапсырмаларда жіберген қателіктеріне,тапсырмаларды орындауға қолданатын 
тәсілдеріне анализ жасап,қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге 
мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым кӛбірек ұпай жинау 
үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім 
жинайды. 
Деңгейлік әдістің маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді 
жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны ӛздігінен үйренуге баулиды, ӛткен 
грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, 
ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу - танымдық құзіреттілігі 


52 
қалыптасады [1]. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді ӛздігінен 
саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген.
Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы: 
тіл үйренушілердің барлығы жұмыс 
жасайды;- бос отырған үйренуші болмайды;- ӛздігінше жұмыс жасау дағдысы 
қалыптасады;
Бұл технологиялардың басты ерекшеліктері: 
- алдымен мұғалім емес, оқушының әсерлену жүйесін қалыптастырад; 
- білім стандартына сай толық нәтиже береді; 
- мақсаты диагностикаға қарай ден қою және оқу нәтижесін шынайы дәл 
бағалауға қол жеткізеді; 
- дидактикалық үрдістің тұтастығы; 
- оқушының әр танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын 
анықтайтын оқу үрдіс жобасының болуы; 
- әр тақырыптың – деңгейінің тапсырмаларын міндетті түрде және дұрыс 
орындағаны үшін «сынақ» алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 пайыз 
үлгеруіне кепілдік алады. 
- әр оқушыға үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай беріледі. 
Әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз 
оқушылар әр сыныптың 30 - 40% құрайды, олар тапсырманы жүйе-жүйесімен 
дәйекті түрде белгіленген уақыт ішіндеорындап шығады, ал үлгерімі орташа 
немесе тӛмен оқушылар қосымша тапсырмаларды ысырып қойып, әуелі негізгі 
элементтерді орындайды да, оларды әбден меңгерген соң барып,қосымша 
тапсырмаларға қайта айналып соғады [2]. 
Оқушылар тапсырманың негізгі бӛлігін белгіленген уақытта , яғни 15 - 17 
минутта орындап шығуы үшін тапсырманың саны мен күрделілігін мұқият 
іріктеп алуға болады. Сабақ кезінде интерактивті тақтамен жұмыс істеуді дұрыс 
ұйымдастыру, оқытудың әр деңгейлі әдісіне қолдануға, сӛздік жұмысын 
жүргізуге жағдай жасайды. Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік 
дәрежесін ӛзгерту арқылы оқушылардың материалды игеру қарқынының 
мүмкіндіктерін ескере отырып, оларға әр түрлі кӛмек кӛрсетуге жол ашады. 
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша 
ӛзгерген мақсатпен оқушылардың ӛздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін 
меңгеруді талап етеді [3]. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және 
ӛз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударды. Осы мақсатпен 
Ж.А.Қараевтың деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланамыз. Ол 
оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бӛлеміз. 
1.Репродуктивті деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі 
тапсырмалар беріледі. Мұнда оқушылар алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне 
және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады. 
2.Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған 
жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды. 
3.Эвристикалық деңгей. Оқушы ӛзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді 
пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой 
белсенділігі негізгі қызмет атқарады. 


53 
4.Шығармашылық деңгей. Оқушы таза ӛзіндік дағдысын, білім сапасының 
дамуын қамтамасыз етеді. 
Ағылшын тілінен оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктер 
деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі әрі үзіліссіз дамытуды кӛздеген 
тӛмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады. 
Жаңа тақырыпты ӛткен тақырыппен байланыстыра отырып, ұғындыру 
әрекеті. 
Жалпы білімді игерудегі деңгейлік тапсырмалар түрлері (І, ІІ, ІІІ деңгей) 
Тест тапсырмалары 
Кӛп деңгейлік бақылау жұмысы. 
Қатемен жұмыс 
Кӛп деңгейлік бақылау жұмысы 
Рейтинг,мониторинг арқылы білім деңгейін сараптау. 
Деңгейлік тапсырма негізінде оқу обьектілерінің терең де шығармашылық 
ара қатынасы ескеріледі. Оқушының ӛзін ӛзі тануына ,ӛз күйін ӛзі сезінуіне, 
ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік-мәдени кеңістік жасау қажет. 
Деңгейлік оқыту технологиясын келесідей қылып қолданамыз. Жоғары сынып 
оқушыларына « Travelling» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар. 
І. деңгей бойынша оқушылар ӛткен тақырып аясында жұмыс жасайды. 
Мысалы, грамматика бойынша simple Past-ты қайталау, ӛтілгендерді еске 
түсіріп сол бойынша жаттығу жасату. 
1. Write down verbs in the Past 
Мысалға: Read-read, go-went, sleep-slept , speak-spoke
Take, give, think, come, eat, tell, hear 
2. Put the words in the correct order 
1.Did\yesterday\where\you\go 
2.when\do\you\breakfast\have\yesterday\ 
3.I\when\yesterday\home\come\in\thegarden\mother\my\was\the\flowers\wateri
ng. 
ІІ деңгейде мұғалімнің түсіндіруімен берілген жаңа тапсырманы орындау. 
Choose the right form in the text 
Have you ever visited Italy? 
Did you ever visit Italy? 
2. Choose the right form 
1. Mike met\ was meeting Omar at 3 o' clock in the afternoon on Monday 
2.Omar's father read\wasreading newspaper at that time.
3. Asel washed\was washing dishes at that time. 
ІІІ.деңгей бойынша мәтінді оқып аудару. 
1.Мәтіннің мазмұнын айту. 
2.Мәтін бойынша сұрақтар дайындау. 
3.Берілген сӛздермен сӛйлем құрастыру. Sea, ocean ,London, country. 
ІҮ. Деңгей бойынша тақырыпқа талдау жасап, ӛз ойларын білдіру. 
«In my summer holiday»деген тақырыпқа шығарма жазу. 


54 
Деңгейлеп оқытудың тиімділігі - 45 минуттің ішінде деңгейі әр түрлі 
оқушылармен жұмыс істеу жүзеге асады. Бұл әдістің қаншалықты тиімді 
жүргізілуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 
Берілген тапсырмамыз арқылы оқушыларға лексиканы,терминдер меңгере 
отырып, оқушылардың сӛздік қорларын байыту нәтижесінде ӛз ойларын 
ағылшын тілінде сауатты жеткізе білуге үйретуге болады, яғни: 
-мәтіндегі ойды, оқиғаны ӛз ӛмір тәжірибесіменұштастыру, 
-оқылған мәтінге ӛз кӛзқарасын білдіру, мәтінге әлеуметтік, тарихи, 
адамгершілік маңыздылығы жӛнінен баға беру арқылы оларда шығармашылық 
қабілетті дамыту. 
Қорыта айтқанда, Ж.Қараевтың саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы 
оқушының мұғалімнен қабылдаған білімін шығармашылықпен жеткізуге 
үйрететін әдіс болып табылады; эмоциялық сезімге бойлап, әсерлі сезімде 
болуға жетелейді; зейінін тәрбиелейді, терең білім береді;оқушылардың сӛйлеу 
дағдысын қалыптастырады. Бұл әдіс оқушыны ізденімпаздыққа, ӛз бетімен 
білімін жетілдіруге баулып,шығармашылық қабілетін дамытады. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
«Сынып жетекшісі» журналы 2004 №6. Мектеп педагогикалық журнал 
Сәуір-2010.ж 
2. 
Мектептегі шет тілі №1, 2008. 
3. 
Қараев Ж.А. «Оқытудың үш ӛлшемді әдістемелік жүйесінің педагогикалық 
технологиясы» 1994. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет