«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет33/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

 
 
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҤГІНІ МЕН КЕЛЕШЕГІ 
 
Кеңес А.Т. 
«Математика» мамандығының 3 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Абдрахманова М.Т. 
ХХІ ғасыр-жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу 
ғасыры да, ӛйткені, ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік 
қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың ӛмір сүру сапасымен деңгейін 
кӛтеруде айрықша маңызды рӛл атқарады 
Қазіргі таңда Егеменді еліміз оқу-ағарту ісіне, білім беру мен білім 
сапасын кӛтеру жұмыстарына, мектептердің материалдық-техникалық базасын 
жақсартуға ерекше мән беруде. Білім берудің жаңа моделі жасалынды,білім 
жүйесңнде жаңа бағыттар қаплыптаса бастады Мемлекеттік стандарттар 
жаңартылып,оқу бағдарламалары жетілдіріліп,жаңа типтегі оқу орындары 
ашыла бастады. Сонымен қатар,білім сапасына қатаң талаптар қойылып, оқу 
үрдісін ұйымдастырудың жаңa формалары мен әдістері, оқытудың жаңа 
технологиялары кең кӛлемде практикалық қолданысқа ие болуда [7]. 
Мемлекет басшысы отандық білім беру жүйесін бәсекеге бейімдеп құру 
жӛніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың ӛресі білім нәрімен сусындағанда ғана 
ӛсетінін, білім сапасын халықаралақ дәрежеге кӛтеру мен әлемдік білім 
тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес болу мәселесін батырып 
айтты. 
Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру 
жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең 
озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім 
беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған: 
- ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу; 
- әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу. 
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан 
ӛзгерістермен онша үндеспей отыр. Қазір білім берудің жаңа моделін құрудың, 
сынақтан ӛткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі 


94 
принциптері «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді 
дамыту тұжырымдамасында кӛрсетілген.
Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы білім беру жүйесінің 
алдына білім беру кеңістігіне интеграциялау мақсатын қойды [2]. 
Бұл мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы 
мен үкіметі бекіткен орта білім беру жүйесін ақпараттандыру, жаңа буындағы 
оқулықтарды әзірлеу мен енгізу және басқа да бірқатар бағдарламаларды іске 
асыру арқылы қамтамасыз етіледі. 
Алдағы кезеңінде іске асырылатын « Білім» мемлекеттік бағдарламасы 
қабылданды, оның мақсаты сапалы білім беруге кеңінен қол жеткізуді 
қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің ұлттық моделін тиімді дамыту үшін 
жағдай жасау болып белгіленді. Білім беру сапасы бұл ретте әлемнің дамыған 
елдеріндегі біліммен салыстырарлық болуға тиіс. 
Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ. 
Білім беру жүйесінің тарихына оралсақ, онда сауатсыздықты жою жолымен 
алғашқы ағартушулық жолын кӛреміз. Ең бастысы ата-бабамыз кітапты оқып 
білуді, әріпті жаза алуды кӛздесе, қазіргі кезде жастарымыздың оқу сауалы 
жоғарлады. Кӛптеген оқу-орындарының оның іщінде мектептер, колледждер, 
университеттер, оқу негіздері ашылды. Қазіргі уақытта білім берудің 
мазмұнына талдау жасау ӛте қиын. Білімділік деңгейін кӛтеру халық ӛмірінің 
сапасын арттырудың неғұрлым маңызды кӛрсеткіштерінің бірі болып 
табылады[3]. 
Білім беру - тәрбие және оқыту, оның мақсаты қоғамдағы тұлғалардың 
кәсіби негізі барысында интеллектуалды, мәдениетті және тәрбиелі дамуының 
жоғарғы деңгейіне жету болып табылатын үздіксіз процесс. 
Халықаралық стандарт білім беру классификациясына сәйкес «білім беру» 
терминін білім алу барысында мақсатты және жүйелі қызмет деп түсінуге 
болады. 
Білім беру қызметі – бекітілген ережелерге сәйкес категориялар мен 
критерийлер арқылы профессионалды деңгейге жету. 
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жакты дамуын 
қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі 
бойынша білімдер жүйесі. Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу 
бағдарламаларымен әзірленеді [1]. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтарға мемлекеттік 
білім мекемелеріне тегін орта білім алуға кепіл береді. Орта білім алу міндетті 
болып табылады. Тегін жоғарғы білім алу конкурстық негізде орындалады.
Білім тарихына тоқталатын болсақ, Ұлы ұстаз, мәдениет қайраткері 
Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер Қазақстан жеріндегі алғашқы білім және 
мәдениет ошақтары болды. Сонау XIX ғасыр соңында балаларды ғана емес, 
бүкіл қазақты кӛшпенділіктен отаршылыққа бейімдеп, сауатын ашып, білім мен 
мәдениет жолына сүрлеу салған Алтынсариннің инновациялық қызметі тӛл 
мәдениетіміздің ӛркендеу тарихынан үлкен орын алады. 


95 
Қазақстан Республикасын әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикалы 
мемлекет ретiнде таныды. Тәуелсiздігінiң қысқа тарихи кезеңiнде елiмiз 
әлемдiк қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай ӛсуге қол 
жеткiздi. 
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен 
ұлттық қауiпсiздігiнiң ӛлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам 
ресурстарының рӛлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi 
ӛзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына 
барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап 
ете отырып әсерiн тигiзедi. 
Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына жолдауында отандық білім 
жүйесін бәсекеге бейімдеп құру жӛніндегі нақты тапсырма беріп, ұлттың ӛресі 
білім нәрімен сусындағанда ғана ӛсетінін, білім сапасын халықаралық дәрежеге 
кӛтеру мен әлемдік білім тайталасында дамыған мемлекеттермен деңгейлес 
болу мәселесін қадап айтты.
Қазiргi жалпы бiлiм беретiн мектептегi оқытудың мазмұны фактология 
күйiнде қалып отыр, пәндiк тәсiлге негiзделген мемлекеттiк стандарттар 
моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына бағдарланған бiлiктi кӛз 
қарас жоқ.Мектепте оқу оқушының ӛмiрлiк жолын, мүдделерi мен 
перспективаларын таңдауына нақты дәлелдемелер бермейдi. Жоғары сынып 
оқушыларының тек 30%-ы ғана ӛздерiнiң қабiлеттерiне сәйкес келетiн кәсiби 
қызметтi таңдайды, демек, бұл жоғары сынып оқушыларының 70%-ының 
ӛмiрден ӛз орындарын табуға мүмкіндігі аз деген сӛз.
Бiлiм беру саласында қалыптасқан ахуал республиканы дамытудың қазiргi 
әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларына және жоғары дамыған 
елдердің прогресшiл тәжiрибесiне сәйкес келеңсiз құбылыстарды болдырмау, 
түбегейлi ұйымдық, құрылымдық қайта құрулар, бiлiм берудiң мазмұнын 
жаңарту және мамандар даярлаудың сапасын жетiлдiру қажет eкeнін 
кӛрсетеді[4]. 
Білім беру жүйесіндегі басты міндет халықтың барлық деңгейлер мен 
сатыларда сапалы білім алуына қол жетімдігін кеңейтумен айқындалды. 
Осыған байланысты білім саласындағы күш жігер оның сапасын қамтамасыз 
ету жүйесін құруға бағытталуы тиіс.
Білім беру жүйесіндегі басты міндет пен іліспе мақсат үздіксіз білім беру 
принціпін 
еңгізу 
болып 
табылады. 
Сапа 
мынадай 
аспектіде 
қарастырылады:қазіргі кезде білім беру деңгейлерінің әрбірі ӛздері үшін 
тіршілік етіп жатқандай. Келесі онжылдықтың мақсаты, бір жағынан, адамның 
ілгершіл дамуын қамтамасыз ететін біріңғай ұлттық білім беру жүйесін құру, 
екінші жағынан, білім берудің ұлттық жүйесінің жалпы әлемдік жүйемен 
интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. Алдағы 10 жыл ішінде 
білім беру жүйесін адамды біліммен ғана қамтамасыз етіп қоймай, сонымен 
бірге осы білімді білікті пайдалана білу және үздіксіз оқу дағдыларына баулу 
жүйесі етіп қайта құру күтіп тұр. 
Білім беру жүйесі экономикалық және әлеуметтік салалардан оқшау 


96 
тіршілік етуін тоқтатуға тиіс. Оны үлкен әлеуметтік-экономикалық жүйенің бір 
бӛлігі болу және ел экономикасын адам ресурстарымен қамтамасыз ету 
міндеттерін шешу күтіп тұр. 
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта ӛркениетті 
дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. 
Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – 
білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту 
үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі 
технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, 
мектеп ӛміріне енуде [6]. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 18 қаңтар 1992 ж. 
2. 
Қазақстан 
Республикасының 
білімді 
дамытудың 
мемлекеттік 
бағдарламасы // Мысль. -2004, № 11 
3. 
Әбдіманапов С.К. Білімді ел – бәсекеге қабілетті ел // Егемен Қазақстан 
2005 жыл, 5 қараша 
4. 
Әбдіманапов С.К. Кредиттік оқыту жүйесі // Егемен қазақстан – 2004 1 
қазан 
5. 
Түймебаев Ж. «Білім туралы жаңа заң - сапалы білімге кепілдік береді»// 
Егемен Қазақстан 2007, 16 тамыз 
6. 
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасы // Білім және ғылым хабаршысы, 2004, № 1, 3-18 б. 
7. 
Қоңыратбай Т., Әуелбаева С. «Ы.Алтынсарин – Білім мәдениетінің негізін 
салушы» // Білім, 2002, №3 36-39 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет