«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ –БҤГІНГІ ҦРПАҚТЫҢ
ПАРЫЗЫ.
Мҧқышева Г.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Шакирова К.М.
«Мәңгілік ел» – ол біздің тарихи тамырымыздан қайнап шыққан ұлттық
идеямыз.Және бұл идеяның «Алаш» қозғалысының да негізінде жатқандығы
дәлелді қажет етпейді. Себебі алаш қозғалысының басшылары, идеологтары
мәңгілік қазақ мемлекетін армандады, «бүгін болмаса ертең» қазақ елі
тәуелсіздік алатынына сенді, сол жолда ӛмірлерін де құрбан етті. Олар
келешекке, күндердің күнінде олардың ұрпақтары олар жасаған еңбекті
бағалайтынына сенді, қазақ елі құрып кетпейтініне, мәңгілік екеніне сенді.
Олар ӛздеріне артылған жүкті, кім екендерін, ішкі рухани мәндерін, тарихи
тамырларын жіті ұқты. Алаш қозғалысының кӛшбасшысы Әлихан
Бӛкейхановтың ӛзі: «Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс
алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жӛнсіз кетіп қарғыс-лағынет аламыз ба?
Кеудесінде кӛзі бар адам кӛп ойланарлық жұмыс», – деп, болашақ ұрпақ
алдындағы парыздары бар екендерін айтып кетті [1]. Ахмет Байтұрсынұлы да:
«Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», – деп, қазақтың жоғалып кетпейтініне,
олардың ұлт алдындағы еңбектері лайықты бағасын алатынына имандай сеніп
кетті. Бір қызығы, белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай ағамыздың
«Мәңгілік ел» идеясы туралы: «Мәңгілік ел» нысанасының «рейхтық»,
«ағылшындық-америкалық» үлгіден айырмашылығы, онда тектік шекара бар.
Ол нәсілдік жікшілдік артпайды, бірақ атамекеннің азаттығын, ата-тегінің
тазалығын, түркі ұлтының рухани және дәстүрлік, тілдік тәуелсіздігін басты
қасиет ретінде ұстанады. Бұл нысананы әлемнің барлық ұлт пен ұлыстарына
«үлгі» ретінде таңбайды. Керісінше «бәрі бейбіт, бәрі тату, бәрі қағанды»
(«Күлтегін») болса деп тілейді [2]. Бірақ соны тілей отырып, түркі елін де
сыйлауды, онымен санасуды талап етеді.Демек, «мәңгілік ел» − түркі тегінің
тұтастығы мен тәуелсіздігінің кепілдігін қамтамасыз етуге арналған тектік, иә!
− тектік тазалық пен еркіндік идеялогиясы» − деген тұжырымынан тектіліктің
«Мәңгілік ел» идеясымен байланысып тұрғанын аңғару қиын емес. Алаш
идеясын «текті топырақта ӛсіп-ӛнген текті халықпен мәңгілік елге қадам басу»
ұстанымының айналасында түсіндіре алсақ керек.
116
Бүгінгі қазақ идеологтарының басты міндеті осыларды қайта қарап,
халықтың ӛзіне, заманға бейімдеп жаңаша қырынан таныту болып отыр.
«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін
барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын,
әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол
арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен
қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық.
Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы
қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін,
біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы
мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен
бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік
ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ -
мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел»,
- деп Елбасымыз атап кӛрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі
қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның
мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер
үлкен міндет болып табылады.
Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел»
идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, қайда барса кӛрге
кезіккен Қорқыт ата мен ӛмір бойы Жерұйықты іздеп ӛткен Асан қайғы
бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы
мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты.
Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастар, яғни біздер бабаларымыз
аңсап ӛткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуіміз керек. Ӛйткені,
бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай
аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін
сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп,
қастерлеуге міндетті.
«Мәңгілік Ел» сӛзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні
бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сӛзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сӛздерімен
мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі,
халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген
тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік ел дегеніміз - мемлекеттің
ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге тӛтеп беріп, ӛзіндік
қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Мәңгілік Ел идеясы - қазақ
ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам
ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына
сенуге болады.Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың
ұлттық идеясы [3].
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен салынған, Астанада асқақ
рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел»
салтанат қақпасы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға
117
айналғандығының бір дәлелі. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні —
мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға
негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен ӛзге де ұлттардың ұлттық
идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын
қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз —
ӛткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ
мұраттарымыз!
«Мәңгілік Ел» идеясы ұлттық-мемлекеттік идеяның іргетасы, елдің
болашағына қызмет ететін жасампаз идея. «Мәңгілік Ел» идеясы –
мемлекеттілік дәстүрі.Сан ғасырлар бойы ата-бабамыздың арманы, бүгінгі
ұрпақтың ақиқаты болған қасиетті тәуелсіздігімізді, елдігімізді сақтап, дамыған
30 елдің қатарына қосылу – Мәңгілік Ел болудың нысаны. Келешек ұрпақтың
жарқын болашағы үшін әрқайсымыздың ортақ құндылықтарға ӛз үлесімізді
қосуымыз шарт. Мәңгілік Ел идеясы – біздің мүдделерімізге, қоғамымыздағы
тыныштыққа, ынтымақтастыққа қызмет ететін, бағыты мен бағдары анық жол
болмақ. Сол арқылы бізді бейбітшілік пен келісімді, ұлтaрaлық татулық пен
толеранттылықты сақтaй отырып, сындарлы сәттерден сүріндірмейтін ұлы
мұрат.
Бүгінде халқымыз «Мәңгілік Ел» идеясы – Түркі қағандарының, Қазақ
хандарының қалауы, Абайдың арманы, Алаш қайраткерлерінің ғасырлар бойы
армандаған, елді ымыраға ұйыстыратын, ірі мақсатқа жұдырықтай
жұмылдыратын, ұлттық идеология екендігін ұғынды. Сондықтан да, «Мәңгілік
Ел» ұлттық идеясын әрбір азамат жалаудай желбіретіп, ұстанымдарын, бағыт-
бағдарын кӛзінің қарашығындай сақтап, жоғалтпай, келер ұрпаққа аманат ете
білуі қажет.
«Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру – бүгінгі ұрпақтың парасатты парызы,
келешек ұрпаққа тағылым. Осы ұлы мұратты жүзеге асырсақ, бабалардың
алдындағы қарызымыз бен балалардың алдындағы парызымыздың ӛтелері хақ.
Қазақстан әлемдегі алып елдердің қатарынан ӛз орнын алса, әлемге танылған
елдің ұландары ел мен жердің иесі болатындай намысты болып жетілсе, ұлттық
құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырса, «Мәңгілік Елдің»
болашағы баянды, келешегі нұрлы болары айқын [3].
Ғасырдан ғасырға жібек желі болып жалғасып келе жатқан бабалар
аманатын орындап жалғастыру біздің еншімізде екеніне, мәңгі ӛлмейтін
халықтың ұрпағы екеніме мақтанамын. ХХІ ғасыр басындағы жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа, кемел келешекке апаратын біз -
жастар. Ендеше қияметтің қыл кӛпірінен сүрінбей ӛткен, тәуелсіз
Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп, асыл мұраты алға
жетелесін демекпіз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Мәңгілік Ел: – Оқулық / М.Б. Касымбеков, С.Ж. Пралиев, К.К.
Жампеисова және т.б. Абай атындағы ҚазҰПУ – Алматы: «Ұлағат» баспасы,
2015.
118
2.
Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауы «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір
мүдде, бір болашақ» Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар
3.
«Қазақ тарихы» ғылыми – әдістемелік журналы №5 қыркүйек – қазан 2006
жыл
Достарыңызбен бөлісу: |