«МӘҢгілік ел идеясы алаш зиялыларының ТҦЛҒалық ТҦҒыры»



Pdf көрінісі
бет42/115
Дата10.02.2023
өлшемі2,86 Mb.
#66930
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
Байланысты:
Conference 1.(30.11.2016) (1)

отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Тіпті жағымды отбасының 
ӛзінде бала тәрбиесіне ата-аналар 18-20 минут қана бӛлінеді екен. Қалған 
уақытта бала компьютер, телефон, телевизор, дискотека, т.б. сияқты балаға 
ӛзіне ұнайтын нәрселермен айналысады. 
Қиын балалардың пайда болуының әлеуметтік себептерімен бірге 
экономикалық жақтарын да ескеру керектігі туралы: ерекше заң бұзушылар 
жоқ, тек қиын жағдайға тап болған адамдар бар, яғни белгілі бір ортасыз, 
достарынсыз қалған, жанашыры жоқ, тұрмыстың бар ауыртпашылығы бір 
ӛзінің мойнына түскен ӛмірлік тәжірибесі жоқ кез-келген бала заң 
бұзушылыққа барады деуімізге болады. Соңғы жылдары қоғамда жүріп жатқан 
түрлі ӛзгерістер, әсіресе, ел экономикасының нарықтық қатынастарға кӛшуі, 
ұрпақ тәрбиесіне ӛз салқынын тигізуде.
Балалардың 
мінез-құлқы 

отбасындағы 
қарым-қатынастың 
қалыптасуының нәтижесі. Сондықтан, бала тәрбиені отбасынан алады. 
Отбасындағы ӛзара қарым-қатынасты түзеуіміз керек. Сынып жетекшісі әрбір 
отбасы ерекшелігіне байланысты ӛзінше жол таба білуі қажет. Ол үшін, сәтсіз 
отбасының пайда болу себептерін анықтауымыз керек. Ол әр отбасында әртүрлі 
болатынына зерттеуіміз арқылы кӛзіміз жетті. Бұған тоқталсақ, жалғызбасты 
ана тәрбиелеп отырған отбасында «қиын» бала кӛбірек кездеседі екен. Бұндай 
отбасындағы жағдай ӛте салқын, немқұрайдылық, ішкі сезімталдықтың 
жоқтығы аңғарылады. Сынып жетекшісі осындай отбасымен жұмыс жүргізуде 
жетістікке жету үшін мынадай бағыттарды ұстануы қажет. 
Баланың анасының сеніміне кіруі, баланың анасының орнына ӛзін қойып 
кӛруі,себебі сонда бұл, балаға деген кӛзқарасын бақылай білуге кӛмектеседі. 
Баланы болашағына қызықтыру, балаға деген ананың және баланың анаға 
деген жауапкершілігін ояту. Баланың жан дүниесін түсінуге, ойын бӛлісуге ата-
ананы шақыру. Ата-анаға баласына ашылып, ӛзінің жоспарын айқындау жӛн 
екендігін түсіндіру.Қазақ, балаңды: 5 жасқа шейін ханыңдай, 15 –ке шейін 
құлыңдай,15-тен кейін досыңдай ұста деп бекер айтпаған болса керек. 
Келесі бір кӛп кездескен түріне балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ 
отбасы болып табылды.Бұндай отбасында әдетте ата-ана арақ-шарапқа үйір 
болып келеді екен. Мұндай отбасындағы әке-шешенің міндеті шектеулі, 
баланың жан дүниесіне деген түсіністік, тіпті бала мен ата-ана арасындағы 
байланыстың болмауы байқалды. 


121 
Бұндайда біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға ӛмірде бұл қылықтың 
ӛзіне немесе баласы үшін, зиян келтірер зардабы барын түсіндіру, кӛздерін 
жеткізу қажет. Сонымен қатар, әке-шешенің осындай жүріс-тұрысы үшін, 
баланың кӛретін азабы, ұяты мен қиналысына кӛңіл аударту басты назарда 
болуы керек. Отбасында ата-ананың қайсысының беделі жоғары екендігін 
анықтап, оның отбасылық ӛмірін ӛзгеруіне кӛзін жеткізу бұл сынып 
жетекшісінің міндеті. Бұл отбасындағы жасӛспірімді айналадағы адамдармен 
кӛбірек дидарластырып, қолдау кӛрсету, бақылап отыру қажет.Тағы бір 
кездескені отбасында баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып 
жазалауды жӛн деп санайтын ата-аналар. Әдетте, бұл үйдің баласы ӛте қатыгез, 
ашушаң болып келеді. 
Бұндай жағдайда да, ата-ана қылығының дұрыс еместігіне кӛздерін жеткізу 
керек. Балаға ӛзінің досыңдай, қатарындай қарап, күш кӛрсетуден аулақ болуға 
шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екендігін түсіндіру шарт. 
Сыныптағы тәрбие жұмыстарына бұндай ата-ананы үнемі араластыру қажет. 
Себебі, педагогикалық іш-шараға араласқан ата-ана, баласын басқа қырынан 
кӛреді және баласымен ӛзара қарым-қатынасын ӛзгертеді. 
Зерттеуімізде алған нәтижелерді ӛңдей отырып, мынадай«қиын» 
балалармен жұмыс істеу жолдарын қарастырдық: 
1.Балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау; 
2.Оның жақсы қасиеттеріне сүйену. А.Бебельдің: «Әр адамның бойында 
ояту және жетілдіру ғана керек сан-алуан қабілет болады» деген керемет сӛзін 
есте ұстап, әр оқушының жақсы жақтарын табу және оны дамыту. 
3.Баланың бойында қоғамдық қызметке бейімділігі бар екенін дәлелдеу. 
Мектеп психологының қиын баламен қарым-қатынасында қолданатын 
формасына: сұрау, талап ету, сендіру, бұйыру, мадақтау, жазалау т.б. Бұл 
формалардың бәрін қолдануды білгенімен, кейде оның ретін, жӛнін, мӛлшерін 
білмей жатады. Оны педагогикалық тактыны жете меңгерген адам ғана біледі. 
Зерттеуіміздің негізінде анықталған, қиын балалардың жұмыс істеудің 
негізгі шарттарына тоқталайық: 
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт – 
бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиеттерін іріктеп 
алу. 
2) Әрбір оқушының бойындағы адамгершілігін анықтай отырып, соның 
негізінде тәртіпті, айналасындағы ӛмірге кӛзқарасты, ұжымдық қарым – 
қатынас дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру. 
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және 
творчестволық талап – тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту, 
қоғам жұмыстарына қатыстыру. 
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу – тәрбие процесінде ұжымдық ӛмір 
қарым – қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, дәл кезінде қол 
үшін беріп, одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жоюымыз керек.
Қиын баламен жұмыс жасаудың бір түрі-әңгімелесу, оқу – тәрбие 
процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны 


122 
ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім не тәжірибелі педагог баламен 
жеке сырласу арқылы баланың ӛмір сүру туралы жақсы пікірлерінің 
қалыптасуына, кӛздерін жеткізе алады.
Халқымыздың рухани мұраларының бірі-салт-дәстүрді де қиын баламен 
жұмыста қолдануға болады. Сол арқылы, ұрпаққа адалдық, ақыл-ой, еңбек, 
эстетика, отбасы тәрбиесіне байланысты тәлім-тәрбие беретіні ежелден белгілі. 
Балаларды, нашақорлықтан, ұрлықтан арашалауда, олардың санасына кісілік, 
адамгершілік қасиеттің рухын ұялатуға берері кӛп. Ата-бабаларымыз 
әдептілігімен, ӛнерпаздығымен отбасы мүшелерінің бір-біріне деген ӛзара 
достық қарым-қатынасымен, ерен еңбегімен балаларына үлгі ӛнеге кӛрсеткен.
Сол сияқты, тіл де қиын бала мәселесін шешудің бір жолы болып 
табылады.Тілі енді шығып келе жатқан нәрестенің дұрыс ана тілінде сӛйлеуіне 
де, зор мән берілген, әртүрлі жаңылтпаш, мақал-мәтелдер үйрететін, еретегілеп 
айтып беретін ата-аналарының «бала-біздің болашағымыз» деп қарауы, 
болашақ ел ұрпағының жақсы адамзат болып ӛсуіне зор ықпалын тигізері анық. 
«Елдің кӛркі тіл десек, тілдің кӛркі сәби ме деп қаласың», -деп Қ. 
Мырзалиев тегін айтпаған. Сондықтан, отбасы мүшелері арасында жақсы 
қарым-қатыныс қалыптасқан болса, олар ӛз ана тілінде сӛйлесе, ол жанұяда 
мәдениетті азамат ӛсіп шығатыны сӛзсіз [5,71б]. 
Қиын бала мәселесі қаншалықты ӛзекті болғанымен, зерттеу барысында 
байқағанымыз, дұрыс берілген тәрбие мен қарым-қатынас, бұл мәселені 
шешудің бірден- бір жолы демекпіз. 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. 
Ахметжанова Н. Мінез-құлқы қиын балаларға психологиялық мінездеме.-
А.,2001ж. 
2. 
Абрамова Г.С. «Практическая психология» Екатеринбург:Деловая книга,-
М1998г. 
3. 
Рожков М.И. «Воспитание трудного ребенка. Дети с девиантным. -
М.1998г. 
4. 
В.Г. Психология трудных школьников. – М., 2001г. 
5. 
Қалдаров О.Б. Жеткіншектердің дамуы. – А., 2000ж. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет