–
оқушылар контингенті: жынысы мен жас құрылымы, сапалық құрамы, білімге деген
көзқарасы және т.б.;
–
білім беру мекемесінің ресурстары - кадрлар потенциалы, оқу-материалдық база,
мектептің қаржылық балансы және т.б.;
–
білім берудің сапасы мен тиімділігі: білім мазмұны, оқушылардың білім деңгейі,
оқу процесінің тиімділігі және т.б.
Әрбір проблемалық блок үшін мүмкін болатын
индикаторлар жиынтығын
қарастырайық.
Оқушылар контингентінің индикаторлары
Оқушылар контингентінің индикаторлары мектеп бюджетін жоспарлау үшін де,
оқушылар құрамының сапасына мониторинг жасау үшін де қажет. ҰБДҚ қолдану
арқылы да есептелген контингент индикаторлары бақылауға және болжауға мүмкіндік
береді:
-
мектептің кадрлық, әдістемелік және білім беру процесін басқа да қамтамасыз
ету қажеттілігі;
- мектептің ақылы қызметтерді ұйымдастыруға
арналған қосымша кадрларға
және басқа ресурстарға қажеттілігі (пәндерді тереңдетіп оқыту,
шет тілі, спорт
секциялары және т.б.);
- мектептің мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға жағдай жасау ресурстарына
қажеттілігі және т.б.
Контингент индикаторларын құрудың қарапайым тәсілі - әртүрлі топ оқушыларының
жалпы санындағы үлесін есептеу. Мысалы, :
- қыздардың (гендерлік фактор) үлесі;
- негізгі мектеп курсын экстернмен емтихан тапсырған
және жалпы орта білім
туралы аттестат алған оқушылар үлесі;
- орта мектеп курсын экстернмен емтихан тапсырған және негізгі орта білім
туралы аттестат алған оқушылар үлесі;
- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы сыныптардағы оқушылар үлесі;
- ақылы қосымша білім беру қызметтерін пайдаланатындар үлесі;
- пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптардағы (топтардағы) оқушылар үлесі және
т.б.
Жылдар бойынша немесе басқа мектептермен салыстыру арқылы алынған үлес
салмағы оқушылар контингентінің сандық және сапалық өзгерістерінің
тенденцияларын
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: