Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



Pdf көрінісі
бет68/68
Дата11.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#67058
түріБағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Білім беру сапасының мониторингі – ұлттық, өңірлік және жергілікті (мектептерді қоса 
алғанда) деңгейлерде маңызды білім беру аспектілері бойынша деректерді жинаудың жүйелі 
және тұрақты процедурасы. 
Білім беру мониторингі - білім беру жүйесі немесе оның жекелеген элементтері туралы 
ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату, басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуге 
бағытталған, кез келген уақытта объектінің жай-күйін бағалауға мүмкіндік беретін және оның 
дамуына болжам беретін жүйе. 
Білім беру ұйымдарын бағалау – бұл бағалау процесінің нәтижесі (білім беру ұйымының 
қызметі деңгейінің сандық және сапалық сипатталуы). 
Педагогикалық мониторинг – оның жай-күйін үздіксіз бақылауды және оның дамуын 
болжауды қамтамасыз ететін педагогикалық жүйенің қызметі туралы ақпаратты ұйымдастыру, 
жинау, өңдеу, сақтау және тарату формасы. Педагогикалық мониторингі объектісі мұғалім
сынып жетекшісі, оқу процесі болуы мүмкін. 
Көрсеткіш – объекті немесе процесс қасиеттерінің жалпыланған сипаттамасы, 
эмпирикалық деректердің көмегімен теориялық ережелерді тексеру мүмкіндігін қамтамасыз 
ететін әдіснамалық құрал болып табылады. Белгілі бір қасиеттің барын немесе жоғын белгілейтін 
сапалық көрсеткіштер мен белгілі бір қасиеттің дәрежесін, дамуын белгілейтін сандық 
көрсеткіштер болады. 
Статистикалық көрсеткіш – зерттелетін объектінің (құбылыс, процес) қасиеттерінің 
сандық сипаттамасы, олардың жиынтығы зерттеу объектісінің тікелей бақылап, өлшей алмайтын 
сапалық сипатын бағалауға мүмкіндік береді. 
Статистикалық индикатор – тікелей бақылауға және өлшеуге мүмкін болмайтын 
объектінің сапалық жай-күйін көрсететін зерттелетін объекттің (құбылыстың, процестің) 
жекелеген қасиеттерінің сандық сипаттамасы. 
Мониторинг субъектілері – мониторингіні жүзеге асырушы. Мониторинг жүйесінде 
ұйым, құрылымдар және жеке адамдар мониторинг субъектісі болып табылады. 
Басқарушылық шешім – нақты басқару жағдайын сипаттайтын сенімді деректерді талдау 
негізінде анықталған басқару объектісіне мақсатты түрде әсер ететін директивті акті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет