Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


-сурет. Білім беру компасы - 2030



Pdf көрінісі
бет13/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

1-сурет. Білім беру компасы - 2030 
«Білім беру 2030» жобасы жастардың инновациялық ойлауын, жауапкершілігін және білім 
алу қажеттіліктерін іске асыруға бағытталған «түрлендіруші» құзыреттердің қосымша үш 
санатын анықтады: 
Жаңа құндылықтарды құру. Алдағы сын-қатерлерді табысты шешу үшін оқушылар 
шығармашылық ойлауға ұмтылу керек, жаңа өнімдер мен сервистерді дамытып, жұмыс 
орындарын, жаңа кәсіпорындарды, секторларды, әлеуметтік модельдерді құруы тиіс, сонымен 
қатар, инновациялық әдістемелерді, ойлау және тіршілік әрекеттерін зерделеуі керек. Құзіреттер 
негізі - бейімделу қабілеті, шығармашылық ойлау, қызығушылық және жаңаға ашықтық. 


Проблемалар мен қайшылықтарды шешу. Мүмкіндіктер тең емес әлемде жастарға 
қақтығыстарды шешу және шиеленісті жеңілдету, әділеттілік пен еркіндік, тәуелсіздік пен 
қауымдастық, инновация мен дәстүр арасындағы тепе-теңдікті табу дағдылары қажет болады. 
Бір-біріне тәуелді әлемде адамдар басқалардың қажеттіліктері мен тілектерін түсінген кезде ғана 
табысқа қол жеткізеді. Біз болашаққа дайын болу үшін, қысқа және ұзақ мерзімді перспективада 
балама идеялар мен көзқарастарды ескере отырып ойлауды және үйлесімді әрекет етуді 
үйренуіміз керек. 
Жауапкершілік алу. Жаңалықпен, өзгерістермен, алуантүрлілікпен, белгісіздікпен өзара 
әрекеттесу адамның тәуелсіз ойлау қабілеттілігін де, командада жұмыс істеу қабілеттілігін де 
анықтайды. Бұл құзіреттердің негізінде өзін-өзі бақылау, жеке тиімділік, жауапкершілік, 
мәселелерді шешу және бейімделу қабілеттері жинақталған өзін-өзі реттеу мүмкіндігі жатыр. 
Оқу бағдарламаларын салыстырмалы талдау 
- білім беру бағдарламаларын жобалаудың жетекші қағидаттарын анықтауға мүмкіндік 
беретін оқу бағдарламаларына салыстырмалы талдау жасау. 
Жобаны іске асыру барысында 15 қатысушы елдің оқу бағдарламаларына салыстырмалы 
талдау жүргізілді. Жоба шеңберінде білім беруді дамыту үшін елдерге түрлі мәдениеттер мен 
мәнмәтіндерде уақыт сынынан өткен білім беру бағдарламасын жобалаудың 12 қағидаты 
әзірленіп, ұсынылды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет