Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет26/56
Дата12.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67159
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

ҚОЛЖЕТІМДІЛІК
(ЛЕГКОДОСТУПНОСТЬ)
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ҚАЛАЙ
БҰЗАДЫ?


Мен анама "менің досым, жақында таныстық, сол мені үйге
дейін апарып тастайды" деймін. Арамызда міндетті түрде
шекара болатын. Ол тағы не істей алады? Ол сізге ешқандай
есеп бермейді, бірақ күніне 2-3 рет хабарласып, жағдайыңызды
сұрай алады. Сізді әртүрлі тәттілермен қуантуы мүмкін,
кездесуге шақырады. Сіз сол уақытта жігіт жайлы ойланасыз,
оны тани бастайсыз. Қыз бен жігіт болып жүріп жүрген кезде
ережені айту қиын. "Маған мынау ұнамайды, менің жігітім
мұндай нәрсе істемеуі керек, сен мені бақылама, мен өзім
білемін" деп айта алмайсыз. Себебі, сіз оған келісіп қойдыңыз.
Ал жігіт қамқорлық танытып, сізге жазып жүрген кезінде, жігіт
білуі керек, әзір ол сіздің жігітіңіз емес екенін. Сіз оған өз
талаптарыңызды айта аласыз. 
-Маған мені тым қатты ұстайтын жігіттер ұнамайды, себебі 
өзімнің жұмыстарым көп, хоббиім бар, көп жерлерге барамын,
ал сен оған қалай қарайсың, қызыңа нені рұқсат етесің, нені
рұқсат етпейсің,- деген сияқты нәрселерді алдын-ала келісіп
алыңыз. Егер жігіт өзі қарым-қатынас басталмай тұрып, сізге
рұқсат бермей жатса, ойлану керек. Бір жігітке жабысып
қалмау керек.
Қазір жүріп жүрген жігітіңіз бар болса, сіздерге алдын-ала
таңдау жасау керек. Мен оны толығымен қабылдаймын (жаман
қылықтарынан басқа). Айырмашылығын түсініңіз. Жаман
қылықтары немесе жағымсыз қалыптасып кеткен қарым-
қатынасы болса, ал осы қасиеттері тек өзіне байланысты ғана
болса, онда сіз міндеттісіз оны толығымен қабылдауға. Өзінің
өміріне өзі жауап береді. Өзінің денсаулығына, достарына,
ақшасына өзі жауап береді. Не оны қабылдайсыз, не
қабылдамайсыз. 
Оның 
кітап 
оқығысы 
келмейтінін
қабылдайсыз немесе қабылдамайсыз. Ал сізге тікелей қатысты
дүниелерді сіз өзгерт деп талап етуге хақыңыз бар. Себебі, ол
тікелей сізге байланысты. Мысалы, сіздің жаныңызда темекі
шегіп тұрса, сізге зиян ғой. Сондықтан сіз одан талап ете
аласыз:
Некеге дейін... 
80


 -Маған менің жанымда сіздің темекі тартқаныңыз ұнамайды,
не темекі тартпаңыз немесе мен қазір үйіме кетіп қаламын.
Шекараны қорғау керек. Тағы нені өзгерт деп талап ете
аласыз? Оның сіздің көзіңізше боқтауы. Екеуіңіз ұрсысып
жатқан кезде сізді кемсітпеуін, ауыр сөздер тигізбеуін талап
ете аласыз. Егер ол мен осындаймын, мені осылай қабылда деп
айтса, демек ол өзгергісі келмейді. Өзгерту керек нәрсе бар,
өзгертпеу керек нәрсе бар. 
Қазір оның әдеттерін қағазға жазып, шешіп алыңыз.
Айырмашылығын анықтап қараңыз. Бірінші бағанға оның
жаман әдеттерін, екінші бағанға оның сізге деген қарым-
қатынасын жазып, салыстырып, саралап көріңіз. Мүмкін ол
өтірік айтатын шығар, басқа қыздармен сөйлесетін шығар, сізге
дөрекі сөйлейтін шығар немесе келемін деп сізге сөз беріп,
келмей қалады, тағы сол сияқты. Барлық жаман әдеттері сізге
қатысты нәрсе болса, онда бұл жаман және жауапкершілігінің
жоқтығы болып табылады.
Некеге дейін... 
81


Маған көп қыздар жазады: 
-Сабира ханым, жігітіммен айырылысып 2 айға жоқ болып
кетіп еді, енді қайта пайда болып үйленеміз деп жатыр, бұл
дұрыс па? 
-Сабира ханым, жігітім 8 наурызға ештеңе бере алмаймын,
ақшам жоқ, 15 наурыз тойлайық деп жатыр, бұл дұрыс па? 
-Сабира ханым, маған қатын деп сөйлейді, ей деп дөрекі
сөйлейді, бұл дұрыс па? 
Міне, осындай сұрақтар көп қойылады.
Мен сіздерге нақтылап түсіндіріп кетейін. Біріншіден, ол
принципіңізге байланысты, әр әйел адамның, қыз баланың
өзінің дәрежесіне тең принциптері болады. Ол принциптер
ешқашан өзгермеуі керек. Яғни басқа адамның пікіріне
байланысты болмауы керек. Жігіт 2 айға жоқ болып кетсе,
сосын қайтып келсе, ол не істеуі керек? Ол бірінші жақсылап
кешірім сұрауы керек, не үшін жоқ болып кеткенін түсіндіруі
керек. Ол сіздің сеніміңізді қайтарып алуы керек. Жай ғана
келіп, екеуміз үйленеміз деп айтпауы керек. «Бұл мен үшін
өмірлік принцип, қарым-қатынас принципі. Мен соны өмір
бойы ұстанамын» деп өзіңіз шешуіңіз керек. Осындай мәселе
туындағанда сіз басқа адамдардан "бұл дұрыс па?" деп
сұрамауыңыз керек. Себебі, бұл мен үшін дұрыс болмауы
мүмкін. Бірақ самооценкасы төмен, оның кез-келген дөрекі
сөздерін қабылдай беретін қыз үшін бұл дұрыс болуы мүмкін.
Құрбыңыз дұрыс десе сіз үшін де дұрыс, психолог дұрыс емес
десе сіз үшін де дұрыс емес болып қалады. Бұл мүлдем дұрыс
нәрсе емес.
Сіз қазір өзіңізге не керектігін білмесеңіз, тұрмысқа
шыққаннан кейін, үлкен мәселелер туындайтын болады.
Себебі, сіз бір кездері күйеуіңіздің сөздерін қабылдап
"жарайды, менікі дұрыс емес" деп тұрасыз да, басқа кезде бір
постты оқып аласыз, сол постта жазылған нәрсені принцип
қылып аласыз.
Некеге дейін... 
82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет