Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет29/56
Дата12.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67159
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
Байланысты:
ilovepdf merged

Өміріңізде қандай жігіт болса да, алғашқы немесе соңғы
жігітіңіз болса да, өзіңізді ұмытпаңыз. Үнемі өзіңіз
дамыңыз. Үнемі өзіңіздің принциптеріңізді еске салып
отырыңыз. Үнемі шекараны қорғай біліңіз. Үнемі
самооценкаңызбен жұмыс жасап жүріңіз.
Некеге дейін... 
90


"Тәуелді болып бара жатқан сияқтымын, қолым тым бос
болып кетті" деген сияқты ойлар пайда бола бастағанда, 
өзіңізге стоп деп айтыңыз. Жігітіңіздің парақшасына
қайта-қайта кіре беруді қойыңыз, онлайн отыр ма, қашан
шығып кетті осының барлығын іздестіріп тексеруді
қойыңыз. Өзіңізбен жұмыс жасап бастаңыз. Себебі бұл бір
белгі болып саналады. Өміріңізде жігіттен басқа да
айналысатын істер көп. Дамыңыз, дамыңыз, тағы дамыңыз.
Бір орында тұрмаңыз. Өміріңіздегі жалғыз қызығушылық
жігіт болмасын. 
Сіздің өміріңізде жігіттен басқа түк қызық жоқ екенін қалай
білуге болады? Телефонға не үшін кіресіз? WhatsApp-қа не
үшін кіресіз? Егер жігіт үшін ғана кіретін болсаңыз, онда сіз
төмендеп, құлдырап кеттіңіз, жігіт сізден жақында қашып
кетеді немесе қашқысы келіп жүр, жай кетуге себеп таба алмай
жүр. Осыны жақсылап ойлаңыздар!
Некеге дейін... 
91


Некеге дейін... 


Ер адаммен алғашқы кездесуде өзіңізді қарапайым ұстауға
тырысу керек. Көп қыздар керісінше ойлайды. Сіз кез-келген
әңгімеде сөйлесе алатын ашық, ақкөңіл, бірақ ұялшақ
болсаңыз оны өзіңізге керемет қарата аласыз. Ең алғашқы
кездесуде екеуіңіз көріскенде ол сіздің қолыңыздан ұстап
амандасуы мүмкін, жарайды, бұлай жасауға болады. Сіздің
көзқарасыңыз зайырлы болса қолынан ұстап амандасасыз.
Ары қарай не істеу керек? 
Кездесудегі алғашқы қадамдарды әрқашан ер адам жасайды.
Мысалы, кафеге барсаңыз оның есік ашуын, киноға баратын
болсаңыз оның билет алуын, орын таңдауын, қандай кино
көретінін өзі таңдағанын күтіңіз. Алдыда ер адам жүруі керек.
Сіз артта жүресіз немесе екеуіңіз бірге қатар жүресіздер.
Менюді ашып, тамақ таңдаған кезде өзіңізге ұнайтын нәрсені
аласыз және жігіт шотты төлеуі керек. Кез-келген кездесуде, 4-
5 жыл жүріп жүрсеңіз де ер адам ақысын төлеуі керек (кино
болсын, киім болсын). Ешқашан ер адамның көзінше
әмияныңызды көрсетпеңіз. "Мен төлей салайын, менде бар"
деп айтпаңыз. Ең бірінші кездесуден кейін ер адам сізді
таксиге отырғызып және таксиге төлеуі керек. Бұл нәрсе өте
маңызды. Егер ол жағынан ешқандай іс-әрекет көрмесеңіз,
астарлап ой тастаңыз. Такси шақырып бересің бе? Немесе
такси ұстап бересің бе? Егер такси ұстап беріп, бірақ таксистке
ақшасын төлемесе, онда ойлану керек. Мүмкін ол ондай қатты
джентльмен емес. Алғашқы кездесуде барлық сұрақты жігіт
немесе барлық сұрақты қыз қоюы керек деген заңдылық жоқ.
Некеге дейін... 
93


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет