Программа по специальности «5В050300 психология»


ӨМІРДІҢ ӘРТҮРЛІ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГ ІС-



Pdf көрінісі
бет27/231
Дата13.02.2023
өлшемі2,08 Mb.
#67339
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   231
Байланысты:
5В050300-Психология

 
ӨМІРДІҢ ӘРТҮРЛІ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГ ІС-
ӘРЕКЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ 
Психология салалары және психолог кәсібі мамандануының негізгі 
бағыттары. 
Психология салалары және мамандандыру бағыттары. Кәсіби іс-
әрекеттің пәніне байланысты мамандандыру түрлері. Білім беру жүйесіндегі 
психолог іс-әрекетінің ерекшеліктері: ғылыми психолог, психолог-зерттеуші, 
практикалық психолог. Еңбек мекемелеріндегі психолог іс-әрекетінің 
ерекшеліктері: инженерлік психолог, авиациялық іс-әрекеттегі психолог, 
ғарыш, көлік және коммуникация саласындағы психолог, бизнес-психолог, 
әскери психолог және т.б. Денсаулық сақтау жүйесіндегі психолог - 
медициналық психолог (клиникалық психолог) және оның іс-әрекетінің 
ерекшеліктері. Экономика және бизнес саласындағы психолог. Спорт 


28 
саласындағы психолог - спорттық психолог. Заң және құқық қорғау 
салаларындағы психолог. Төтенше жағдайлар кезіндегі көмек көрсету 
бойынша қызмет саласында психолог. Әр түрлі салалардағы психологтың 
біліктілік сипаттамалары. 
 
Психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттары: психодиагностикалық, 
консультациялық, түзету-дамыту, ағартушылық. Принциптер мен 
технологиялар. 
Психологтың психодиагностикалық іс-әрекеті. Психодиагностика 
кезеңдері: деректерді жинау, мәліметтерді өңдеу және түсіндіру. Деңгейлер: 
эмпирикалық (симптоматикалық) бірінші деңгей; екінші деңгей - 
этиологиялық; үшінші деңгей - типологиялық диагностика деңгейі. 
Диагностика әдістері мен құралдарына қойылатын талаптар (валидтілік, 
шүбәсіз дұрыстығы, сенімділігі). 
Психологиялық кеңес беру – әр түрлі тұлғалық мәселелерді шешуге 
бағытталған арнайы ұйымдастырылған әңгімелесу ретінде. Кеңес берудің 
типтері, принциптері мен кезеңдері. 
Психотерапиялық әсер ету – адам проблемаларын шешудің
психологиялық 
тактикасы 
мен 
стратегиясы 
кешені. 
Психология 
бағыттарымен тығыз байланысы. Кәсіби маманның қалыптасу кезеңдері: 
жеке-дара тәжірибе, супервизиялық практика, супервизордың қадағалауымен 
жеке психотерапиялық тәжірибе.
Түзету-дамыту іс-әрекеті – ауытқуларды жою мен қабілеттерді дамытуға 
бағытталған тактика мен стратегиялар. Түзету жұмыстарының принциптері, 
түрлері және кезеңдері. Психологтың психопрофилактикалық, ағартушылық 
жұмысы. Он-лайн кеңес беру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет