30
негіздері (жас ерекшелік, тұрмыстық, еңбек іс-әрекеті және оқыту,
отбасылық өмір), психопрофилактика (аурудың алдын алу) және
науқастарды оңалту.
Құқық
қорғау
органдарындағы
психолог
жұмысының
ерекшеліктері.
Заң психологиясының негізгі салалары: криминалдық, сот және
пенитенциарлық. Криминалист-психологтың іс-әрекеті: қылмыскердің
тұлғасын талдау; қылмыстың мінез-құлық мотивтерін және оған түрткі
болатын факторларды талдау.
Сот
психологы
іс-әрекеті:
психологиялық
сараптау
және
айыпталушының ақыл-есінің дұрыстығы мен эмоциялық жай-күйін анықтау.
Куәгерлер мен айыпталушының айғақтары мен жауаптарын талдаудың
психологиялық аспектілері. Куәгерлік деректердің жете сенімділігі (растығы)
мәселесін шешу.
Пенитенциарлық
жүйедегі
(еңбекпен
түзеу
мекемелеріндегі)
психологтың іс-әрекеті: жазалау шараларының психологиялық негіздемесі.
Жазалау әсерінің тиімділігі.
Еңбекпен түзету мекемелерінде сотталғандардың әлеуметтік-маңызды
құндылықтарын қалыптастыру. Сотталғандардың жеке ерекшеліктерін
ескере отырып, әсер ету технологияларын әзірлеу (диагностика, кеңес беру,
топтық тренингтер). Жазалау мерзімі аяқталғаннан кейін жемісті өмір сүруге
даярлау және оң ойлауды қалыптастыру.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жұмыс жасау: өзін-өзі
реттеу, кәсіби қажу (күю) мәселелері бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: