39
Қытай философиясының прагматикалық сипаты.Қытай жазуының
ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» – Қытай философиясының
бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік – ежелгі Қытай
философиялық ойының басты философиялық принципі.
Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь-
цзы, дао, ди, инь и ян, ли, сяо, тянь-ся, ци, у-вэй категорияларының
заттардың иерархиялық тәртібін орнатудағы рөлі.
Конфуций ілімі –этикалық-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік
саяси концепция. Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықтың сенімдері
арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі даосизм философиясының
рөлі. Мо-цзының таным теориясы және этикалық-саяси идеялары. Қытай
практицизмін қалыптастырудағы Мо-цзының он принципі. Легизм
адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды қайта өзгерту
туралы.
Ғылыми білімнің қалыптасуы – ежелгі Египетте философиялық ой
дамуының ерекшелігі. Адамның мәні туралы сұрақтың қойылуы. «Өлілер
кітабы». Ежелгі Египет философиясының ежелгі Грецияның және бүкіл
әлемнің ғылымына, философиясына әсері.
Достарыңызбен бөлісу: