«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


Ортағасырлық Шығыс философиясы



Pdf көрінісі
бет36/190
Дата13.02.2023
өлшемі1,65 Mb.
#67430
түріБағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   190
Байланысты:
5В020100-Философия

Ортағасырлық Шығыс философиясы 
Ортағасырлық Шығыс араб-мұсылман философиясының қалыптасуына 
әсер еткен факторлар, оның даму кезеңдері. Мұсылмандық діни ілімнің 
қалыптасуы. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің Құранды түсіндіруі. «Таза 
ағайындардың» неоплатонизмі.
Классикалық суфизмнің философиялық қырлары. Өмір сүріп 
отырғанның бәрі Құдай және Құдай бәрінде өмір сүреді. Мухиддин ибн 
Араби: әмбебап адам концепциясы. Әл-Ғазалидің құдайы алғашқысебепті 
рационалды түсінуді сынауы. Суфизмнің түркілік тармағы. Қожа Ахмет 
Ясауи: әлемдегі және өзіндегі Құдайды «басынан кешіру» және жету 
тәжірибесі.
Араб-мұсылман философиясындағы универсализм, энциклопедизм, 
пантеизм және перипатетизм. Әл-Кинди: ақыл-ой – дүниені танып-білудің 
жалғыз бастауы және өлшемі. «Екінші Ұстаз» Әл-Фараби білімінің 
энциклопедизмі. Әл-Фарабидің онтологиясы, гносеологиясы, логикасы, 
натурфилософиясы, этикасы, өнер философиясы. Әл-Фарабидің қайырымды 
қала ілімі және қазіргі заман. Ибн Синаның ғылымдар классификациясы. Ибн 
Рушд: философияны ортодоксалды мұсылмандықтан қорғау. Жүсіп 
Баласағұнның адам мен қоғам туралы гуманистік философиясы. Махмұд 
Қашғаридің 
түркі 
энциклопедиясы. 
Ортағасырлық 
араб-мұсылман 
философиясының Европаның ғылыми ойынаайқындаушы әсері.
Ортағасырлық Батыс философиясы 
Ортағасырлық Еуропада христиандықтың таралуы. Рим-католик 
шіркеуінің орталықтандырылған, аса қуатты экономикалық, идеологиялық 
және саяси ұйымға айналуы. Апологетика – христиандық көзқарасты 
философиялық құралдар арқылы негіздеудің бірінші талпынысы. Юстин, 
Татиан, Тертуллианның ілімдері – христиандықты философияға қарсы қою. 
Оригеннің теологиялық іліміндегі неоплатонизм элементтері. 
Патристиканың екінші кезеңі. Августин Аврелий, Дионисий 
Ареопагит, 
Максим 
Исповедниктің 
еңбектеріндегі 
философияның 
христиандық догматикасы.


41 
Теологияны антикалық философияның элементтері арқылы логикалық 
түрде негіздеу ретінде схоластиканың ерекшеліктері. Северин Боэцийдің, 
Иоанн 
Эриугенаның 
ілімдері. 
Ансельм 
Кентерберийский: 
Құдай 
болмысының төрт дәлелі. Номинализм және реализм: универсалийлер 
туралы пікірталас. Пьер Абелярдің реализмді дамытуы. Фома Аквинскийдің 
Құдайтанымы. Уильям Оккам: ақыл-ой мен сенімнің, философия мен діннің 
бөлінуі. Ортағасырлық философиялық ойдың философия тарихындағы рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   190




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет