Табиғат дүниесіндегі адам Философиялық антропологияны өзінің бойында бүкіл әлемді
тоғыстырушы және оны ерекше түрде жасаушы адамның болмысы
тұрғысынан алғанда адам туралы ілім ретінде түсіну. Ноосфера идеясы:
Т.Шарден, В.И.Вернадский. Адамның космостық мәні. А.Л.Чижевский,
Л.Н.Гумилев, Е. және Н.Рерихтер. Теософия және антропософия. Әлеуметтік
экология. Адам экологиясы. Ғаламның постклассикалық емес үлгісі.
Тарих дүниесіндегі адам Әлеуметтік стратификация және индивидуалдану үрдісі. Тарихты адам
тұрғысынан өлшеу идеясының генезисі. Рулық, дәстүрлі, индустриалдық
және
постиндустриалдық
қоғамдағы
адам.
«Тарихтың
ақыры»–
либерализмнің шыңы (Ф.Фукуяма). Адамзат бірлігіне «өркениеттер
қақтығысы» арқылы (С.Хантингтон). «Өркениеттер қақтығысы» және
халықаралық реттілік. Постмодерн нақтылығы. Ж.Бодрийяр: заттар жүйесі.
Г.Маркузе: бірөлшемді адам. А.А.Зиновьев: батысшылдық феномені.
Философия және футурология. Қоғамның болашағы туралы білім:
бірмағыналы және көпмағыналы сценарийлер. Әлемді біртұтас жүйе ретінде
түсіну (И.Валлерстайн).
Мәдениет әлеміндегі адам Адам болмысын тотальдылық, адамның әртүрлі қасиеттерінің бірге
өмір сүруі мен өзара ықпал етуінің біруақыттылығы ретінде түсіну. Еркіндік
пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын өмір сүруінің тәсілдері.
Адамның мәдени болмысының көпөлшемділігі және көпсапалылығы.
Адамның мәдениеттегі рөлдері мен қызметтері: өндіруші жәнеқиратушы,
басқарушы және бағынушы адам, адам – практика, таным, араласу және
шығармашылық субъектісі. Өмірдің мәні – адамның мәдениет әлемінде өзін-
өзі анықтау, өзін-өзі түсіну және өзін-өзі жүзеге асырутәсілі. Адамның мінез-
құлқының мәдени үлгілерін бірегейлік практикасы ретінде түсіну.
Адамның кеңістіктік-уақыттық өлшемі Адамның кеңістіктік өлшемдері, әлеуметтік-мәдени кеңістіктің
көпөлшемділігі. Адам қызметі кеңістігінің заттық-символикалық сипаты.
«Автономды индивид», «адам-тобыр», «мигрант», «тексіз адам».
Тарихи кеңістікті құндылықты ұйымдастыру және ыдырату: «шеңбер»,
«вертикаль», «жоғарының басымдылығы (доминантасы)», «көпөлшемділік»
және «сынғандық», «горизонталь доминантасы», әлеуметтік-мәдени
96
локустардың теңмаңыздылығы. Адамның өмірлік кеңістікті қабылдауы және
басынан кешуі: «өзімдікі-бөтен», «үй және үйсіздік».