Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №14. Нотариаттық іс жүргізу



Pdf көрінісі
бет26/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №14. Нотариаттық іс жүргізу 
Нотариаттық іс жүргізу ұғымы. Құжаттарды қабылдау,т іркеу жəне жіберу. Істердің 
номенклатурасы. Нотариаттың архиві жəне істерді сақтау. Тізілім. Нотариаттық 
əрекеттерді тіркеу. Тізілім жүргізу тəртібі. 
Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы 
басқару жөнiндегi уəкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Қазақстан 
Республикасының Əдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi 
нұсқаулыққа (бұдан əрi - Нұсқаулық) сəйкес жүзеге асырылады. Нұсқаулық талаптарының 
сақталуына бақылау жасауды аумақтық əдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге 
асырады.
Мемлекеттік нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тəртіппен мiндеттi түрде мемлекеттік архивке тапсырылуға тиіс. 
Жекеше нотариустардың құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгiленген тəртіппен міндетті түрде жеке нотариаттық архивке тапсырылуға тиiс. 
Нотариаттық iс Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сəйкес 
жүргiзiледi. 
Егер нотариаттық iс-əрекет жасауды өтiнген адам iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, 
ресiмделген құжаттардың мəтiндерi оның өтiнiшi бойынша осы Заңның 80-бабына сəйкес 
ақы төлеттiрiп аударылып берiлуге тиiс. 
 
Дəріс №15. Нотариаттық əрекеттерді жасаудың негізгі ережелері. 
Нотариаттық əрекеттерді жасау орны. Нотариус қызметінің аумағын шектеу. 
Нотариаттық əрекеттерді жасау мерзімдері.
Нотариустың: 
1) кəсiпкерлiк қызметпен айналысуға;
2) шарттарды жасасу, өзгерту жəне бұзу кезiнде делдалдық қызмет көрсетуге; 
3) өкiлдi органға депутат болып сайланған жағдайда нотариус мiндеттерiн 
орындауға құқығы жоқ. 


Жеке практикамен айналысатын нотариустың жалдама қызметкер ретiнде еңбек 
қатынастарында болуға құқығы жоқ. 
Қазақстан Республикасының əкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiсіне сəйкес бiр облыстың, 
республикалық маңызы бар қаланың жəне астананың аумағы нотариаттық округ болып 
танылады.
Нотариаттық округ шегiндегi мемлекеттiк нотариустың қызмет ету аумағын 
аумақтық əдiлет органы белгiлейдi.
Нотариаттық аумақ шегiндегі жекеше нотариустың қызмет ету аумағын 
нотариаттық палатамен бiрлесе отырып, аумақтық əдiлет органы белгiлейдi. Аумақтық 
əдiлет органы халыққа мемлекеттiк жəне жекеше нотариустардың қызмет ету аумағын 
үнемi хабарлап отырады.
Нотариустың қызмет ету аумағы Заңның 34-бабы 1-тармағының 3, 4, 5-
тармақшаларында, сондай-ақ 54-бапта көзделген iс-əрекеттердi жасаған жағдайда 
сақталады. Басқа жағдайлардың бəрiнде жеке жəне заңды тұлғалардың нотариаттық iс-
əрекеттер жасату үшiн кез келген нотариусқа жүгiнуге құқығы бар.
Нотариаттық iс-əрекеттер жасауға арналған үй-жай 21-баптың 1 жəне 2-
тармақтарында көзделген тəртiп бойынша белгiленген аумақ шегiнде болуға тиiс.
Нотариаттық iс-əрекеттер мемлекеттiк нотариат кеңсесiнiң үй-жайынан тыс жəне жекеше 
нотариустың 
үй-жайынан 
тыс 
жерлерде 
жасалуы 
мүмкін. 
Нотариустың өзiнiң тегi, аты, əкесiнiң аты, сондай-ақ мемлекеттiк нотариус 
кеңсесiнiң атауы (мемлекеттiк нотариустың мөрi) не нотариус лицензиясының нөмiрi мен 
берiлген күнi көрсетiлген (жекеше нотариустың мөрi) жеке мөрi, куəландыру 
жазбаларының мөртабандары мен жеке бланкiлерi болады. 
Нотариаттық iс-əрекеттер жасау тəртiбi Нотариат туралы Заңмен, басқа да заң 
актiлерiмен жəне Қазақстан Республикасының Əдiлет министрлiгi бекiтетiн 
Нотариустардың нотариаттық iс-əрекеттер жасау тəртiбi туралы нұсқаулықпен 
белгiленедi. Нотариаттық iс-əрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, 
мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-əрекеттер жасауға уəкiлдiк 
берiлген адамдар нотариаттық iс-əрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не 
жекеше нотариустың нотариаттық iс-əрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.
Нотариаттық iс-əрекеттер жасау мынадай негiздер бойынша:
1) жеке жəне заңды тұлғалардан қосымша мəлiметтердi талап ету қажет болуына;
2) құжаттардың сараптамаға жiберiлуi негiзiнде кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Нотариаттық iс-əрекет жасауды кейiнге қалдыру мерзiмi нотариаттық iс-əрекет 
жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр айдан аспауы 
керек. Басқа бiр мүдделi адам куəландырмақшы болған құқықты немесе фактінi сотта 
даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша нотариаттық iс-əрекет жасау он күннен 
аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Егер осы мерзiм iшiнде соттан өтiнiштiң 
түскенi туралы хабар алынбаса, нотариаттық iс-əрекет жасалуға тиiс. Басқа бiр мүдделi 
адам куəландыруды өтiнген құқықпен фактiнi даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi түскенi 
туралы соттан хабар алынған жағдайда, нотариаттық iс-əрекет жасау сот iстi шешкенге 
дейiн тоқтатыла тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет