ЖОСПАР
Кіріспе
Оқу практикасының өту барысы.
05.06.2023-09.06.2023 ж.
ҚР Салық органдары және олардың міндеті мен жүйесі.
Салық салу түсінігі
ҚР Салық органдарының құрылуы мен құрылымы және төлем түрлері
Салық органдарының қызметі мен міндеті.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Мен Патшахан Дінмұхаммед Юм-22-1к8 студенті осы жазғы оқу практикасы кезеңінен өттіммен. Осы жазғы практика барысында ҚР ның құқық қорғау органдары туралы, Прокуратура туралы, сот және судялардың мәртебесі туралы және т.б. заңдармен таныстым. Осы оқу практика барысында практика жетекшіміз Жақсыбаева А.Е экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия барысында Шымкет қалалық нотариаттық палатасының бас маманы Төлепова Гүлжан Шермановамен кездесу өткіздік. Нотариаттық палата-коммерциялық емес ұйым, ол жеке практиккамен айналысатын нотариустардың міндетті мүшелігіне негізделген және республика заңына, заңдарға сәйкес өзін өзі басқару қағидаттары бойынша жұмысты ұйымдастыратын кәсіптік бірлестік болып табылады.
2. ҚР Салық органдары және олардың міндеті мен жүйесі.
2.1. Салық салу түсінігі
Салық – мемлекеттің қаржылық ішкі қажеттіліктерін өтеу үшін сол мемлекетте өмір сүріп түрлінше қызмет атқарып жатқан заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде алынатын қайтарымсыз міндетті төлемдер. Салықтар – түрлі шаруашылықтарды жүргізіп отырған субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын реттеп, сипаттайтын экономикалық санат.
Салық салу мемлекет пайда болғаннан бастап-ақ пайда бола бастаған. Алайда салық салудың түрлері әр түрлі болып келген. Салық салу сол мемлекеттің қоғамдағы орны мен орналасқан жеріне байланысты түрлінше болған. Яғни, Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және әрбір мемлекеттің негізгі кіріс көзінің бірі болып саналады. Салықтар мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі тетігі болып табылады. Қоғамның даму тарихында ешбір мемлекет салықсыз өмір сүрген емес. Себебі, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке белгілі бір ақшалай қаражат көзі қажет, ал олар негізінен салықтар арқылы ғана жүзеге асырылады.
Салықтар туралы тарихта аты қалып, қоғамдағы орны ерекше болған көптеген тұлғалар өз пікірін қалдырған. Мәселен, Бенджамин Франклин
өмірде 2 күмəнсіз нəрсе бар: бірі өлім, екіншісі салық деген. Американдықтар өз пайымдауынша салықтар – қоғамның өркениетке жету құралы. Ал атақты философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу əрбір азаматтың қасиетті борышы деп атаған. Ф. Аквинский “Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде қарастырса, экономикалық теория негізін қалаушылырдың бірі А. Смит “салық – салық оны төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі”деп атаған. Ж. В. Сэйдің өз көзқарасы бойынша «салық – азаматтарға жақсы қызметі үшін берілген мемлекеттің пайдалы сыйы» деп атаған. С. Сисмонди «салық құрбандық болғанымен, сонымен бірге ол жақсы іс» деп пайымдайды. Дж. С. Милль салыққа анықтама бермегенімен, оның танымынды салықты халықтың игілігіне жұмсалатын өндірістен алынған ұстам деп ұғындыруға болатындығын атап өткен. Ал К. Маркс салықты ананың сүтімен тең деп таныған себебі, балаға сүт қаншалықты қажет болса, мемлекетке де салық соншалықты қажет деген. Ф. Энгельс салықты мемлекеттің үш белгісінің біріне теңестірген[1].
Қазақстан Республиксы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.Мемлекет салықтарды өз экономикасын дамыту, тұрақтандыру және түрлі ішкі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық және тыңғылықты түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты[1,7].
Достарыңызбен бөлісу: |