Нотариат (пəннің атауы) ПƏннің ОҚУ-Əдістемелік кешені


Дəріс №20. Фактілерді куəландыру



Pdf көрінісі
бет30/44
Дата13.02.2023
өлшемі448,1 Kb.
#67504
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44
Байланысты:
Нотариат-

 
Дəріс №20. Фактілерді куəландыру 
Азаматтың тірі екендігі фактісін куəландыру. Азаматтың белгілі бір жерде болу 
фактісін куəландыру. Құжаттардың көрсетілген уақытын куəландыру. 
Нотариус азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куəландырады. Кəмелетке толмаған 
азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куəландыру оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, 
асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кəмелетке 
толмаған азаматты қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша 
жүргiзiледi. Мүдделi адамдарға аталған фактiнi растап куəлiк берiледi. 
Нотариус азаматтың өтiнiшi бойынша оның белгiлi бiр жерде болу фактiсiн 
куəландырады. Кəмелетке толмаған азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн 
куəландыру, оның заңды өкiлдерiнiң (ата-аналарының, асырап алушыларының, 
қорғаншыларының, қамқоршыларының), сондай-ақ кəмелетке толмаған азаматты 
қорғаншылыққа алған мекемелер мен ұйымдардың өтiнiшi бойынша жүргiзiледi. Мүдделi 
адамдарға аталған фактiнi растап куəлiк берiледi. 
Нотариус өзiне құжаттың көрсетiлген уақытын куəландырады. Бұл туралы 
куəландыру жазбасы құжатқа оны көрсеткен адамның тегi, аты, əкесiнiң аты көрсетiле 
отырып жазылады. 
 
Дəріс №21. Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің 
дұрыстығын, қойылған қолдардың түпнұсқалығын жəне аударманың дұрыстығын 
куəландыру. 
Құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын 
куəландыру. Азамат берген құжат көшірмесінің дұрыстығын куəландыру. Құжаттарға 
қойылған қолдың түпнұсқалығын куəландыру. Аударманың дұрыстығын куəландыру. 
Нотариус немесе нотариаттық iс-əрекеттер жасауға уəкiлеттi лауазымды адам, заңды 
тұлғалар, сондай-ақ азаматтар берген құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған 
үзiндiлердiң дұрыстығын, бұл құжаттар жəне олардың мазмұны заңдарға қайшы келмеген 
əрi заңдық маңызы болған жағдайда куəландырады. Үзiндi алынған құжатта бiр-бiрiмен 
байланысы жоқ бiрнеше жекелеген мəселенiң шешiмi болғанда ғана, одан алынған 
үзiндiнiң дұрыстығы куəландырылуы мүмкiн. Үзiндi құжаттың белгiлi бiр мəселе 
жөнiндегi бөлiгiнiң толық мəтiнiн қайтаруға тиiс. 
Нотариус азамат ұсынған құжат көшiрмесiнiң дұрыстығын, азаматтың құжатқа 
қойған қолының түпнұсқалығын нотариус немесе осы заңмен нотариаттық iс-əрекеттер 
жасауға уəкiлеттi лауазымды адам растаған жағдайда ғана куəландырады. 
Нотариус құжаттың көшiрмесiнен алынған көшiрменiң дұрыстығын, осы көшiрме 
нотариаттық тəртiппен куəландырылған немесе түпнұсқаны құжат жасаған заңды тұлға 
берген жағдайда куəландырады. Соңғы жағдайда құжаттың көшiрмесi сол заңды тұлғаның 
бланкiсiнде жасалып, мөрмен бекiтiлуi жəне құжаттың түпнұсқасы заңды тұлғада екендiгi 
туралы белгiсi болуға тиiс. 


Нотариус мазмұны жағынан заң актiлерiне қайшы келмейтiн жəне мəмiленi 
баяндауды бiлдiрмейтiн құжаттағы қойылған қолдың түпнұсқалығын куəландырады. 
Нотариус қойылған қолдың түпнұсқалығын куəландыра отырып, құжатта жазылған 
фактiлердi куəландырмайды, белгiлi бiр адамның қол қойғанын ғана растайды. 
Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлетiн болса, бiр тiлден екiншi тiлге аударылған 
аударымның дұрыстығын куəландырады. Егер нотариус тиiстi тiлдердi бiлмейтiн болса, 
аударманы аудармашы жасап, қойған қолының түпнұсқалығын нотариус куəландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет