Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
56
ісіне керек әдіс, амалды жақсы білген» [3, 116-б.]. Осындай
байламымен ғалым тілді зерттеу мен оқыту ғылымдарын жасампаз
ететін тетіктерді дәл таба алған. Біріншісі – ғылым халықтың білім
сабасында жинақталған дүниелерді терең зерделеу жолымен
жасалуы тиіс. Екіншісі – сол
ғылыми тұжырымдар баланың
жасына, қабылдауына лайықталып, оның болашақ тіршілігіне
пайдасы тиетіндей амалдар мен тәсілдер түрінде ұсынылуы керек.
Оның пайымдауынша, адамның білім деңгейі – әдіс-амалды
меңгеру деңгейі. «Оқыту дегеніміз, асылында, баланы үйренуге
үйрету» дейтін атақты афоризмінің де мәні осында. «Үйренуге
үйрету»!
Ережелерді жаттатуға болады, ал амал-тәсілдер
сипатындағы шынайы білімді үйретуге болады. Әрине, амал-
тәсілді нақты бір қағидаларсыз үйрету мүмкін емес. Бірақ бұл
жерде басты критерий ретінде білімнің пайдалылығы алынады.
Қазіргі таңда «өркениетті елдерден келген жаңалыққа» баланып,
инновация деп бағаланып жүрген білім берудегі антропоөзектік
парадигманың мәні мен ерекшелігін Ахмет Байтұрсынұлының осы
сөзінен асырып түсіндіру мүмкін бе?
Ғалым бойындағы аса жоғары зерттеушілік пайымның дәлелі
оның тіл мен сөз өнеріне, оларды жас ұрпаққа оқыту ісіне қатысты
әрбір ой-тұжырымдарынан айқын көрінеді. Мәселен, осыдан бір
ғасыр бұрын-ақ сөз өнеріне баулудың
сан тарау мәселелерінің
тоғысында оқушы сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдірудің
біртұтас жүйесін жасауы – таңданарлық құбылыс. Мектеп
табалдырығын енді аттаған бүлдіршінді дұрыс сөйлеуге (ауызша
және жазбаша тілін дамытуға) дыбыспен жаттықтыра үйретуден
бастап тіл тетіктерін сатылап меңгертудің аражігін дәл айқындап,
тірек тұғырларын бекітіп берген. Сөйтіп, ана тілін оқытудың
біртұтас жүйесін негіздеген. Коммуникация (тыңдалым, оқылым,
айтылым, жазылым, тілдесім) құралдарын анық таныту, сөйлеу
мәдениетінің амал-тәсілдері мен шешендіктің қырларын меңгерту
бағытындағы оқыту қағидаларын соншалықты қарапайым,
бірақ
соншалықты көрегендікпен түйген. Ана тілін оқытумен
байланысты ой тұжырымдарының ең басты өзегі – «ана тілін
үйрету жағын жақсылау үшін тіл анық танылуы керек» деген
байламы. Оны жүзеге асыру үшін:
1. «Бірінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүзінде қалық
әдебиеті басым боларға керек.