Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет55/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
125 
Т. қаған+ы+н 
Ж. қаған+ы+на 
Ш. қаған+ы+нан 
К. қаған+ы+мен 
Кесте бізге мынадай өзгерістерді жеткізіп тұр: 1) Атау 
септігі мен көмектес септігінде тәуелдік жалғауы үшінші жағының 
толық формасы –ын элизияға ұшырап, ыдыраған. Алайда 
жартыкеш ы түбіртегі тәуелдік жалғауы үшінші жағының 
грамматикалық мағынасын толық жеткізіп тұр. 2) Көмектес 
септігінде бирлан шылауы мен жалғауына айналып кеткен. 3) 
Тәуелдік жалғауы үшінші жағының толық формасынан бөлініп 
шыққан өлі элемент н табыс септігінің қызметін атқарып тұр. 4) 
Ілік септігінде өлі н жай жылыса салса, барыс, жатыс, шығыс 
септіктерінде қ, т дыбыстарын ығыстырып барып жылысқан. 
Сонымен кейбір түбіртектер тарихи даму барысында екіге 
жарылады екен де, алғашқы дауысты сыңары бұрынғысынша 
лексикалық немесе грамматикалық мағынасын сақтап, түбіртектің 
қызметін атқара берсе, дауыссыз сыңары өлі элементке айналып, 
келесі түбіртекке жылысып кетеді екен. Бұл жағдайды есепке 
алмаса, зерттеуші көздеген мақсатына жете алмайды (2, 172-б.). 
5) Кейбір түбіртектердің дауысты сыңары да, дауыссыз сыңары да 
өлі элементке айналып, алғашқы сыңары алдыңғы түбіртекке, 
екінші сыңары өзінен кейінгі түбіртекке жылысып, әбден сіңісіп 
кетеді. Бұған қазақ тіліндегі «алқа-қотан» қос сөзі мысал бола 
алады. 
Аталған сөздің сөздіктегі мағынасы – айналана, дөңгелене. 
Мұндай қос сөздерді қазақ тіл білімінде «бір сыңары мағыналы, 
бір сыңары мағынасыз (түсініксіз) қосарлама сөз» деп атайды. 
Бірінші сыңары алқа – топ, жиын деген лексикалық мағына береді. 
Талдау нысаны болып отырған қос сөздің құрамында бес дауыссыз 
дыбыс бар. Демек, бұл тұлға бес түбіртекке бөліне алады деген сөз. 
Түбіртектерді бір-бірінен ажырата алу үшін, ереже бойынша, 
сөздің ең соңғы қосымшасынан бастап, түбірге қарай жік-жікке 
бөліп қарастырамыз. Бір дауысты, бір дауыссыздан тұратын ең 
соңғы бөлшек – ан. Есімдерден, етістіктерден, өзге сөз таптарынан 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
126 
есім жасайтын бұл көне жұрнақ ап+ан, ар+ан, ұр+ан, ат+ан, 
саб+ан, таб+ан, саз+ан, қаз+ан, жыл+ан, бұл+ан, құл+ан, мам+ан, 
арм+ан, орм+ан, тұм+ан, дум+ан, құм+ан, жап+ан, шап+ан, 
бор+ан, айр+ан, қыр+ан, қот+ан, тоғ+ан сияқты толып жатқан 
сөздердің құрамында ұшырайды. Келесі бір дауысты, бір 
дауыссыздан тұратын бөлшек – от. Түрлі материалдардың: ағаш, 
көмір, газ, мұнай, т.б. жарық пен қызу шығарып жануы деген 
мағына береді. От және ан түбіртектері бірігіп, тың туынды 
мағына да бере алады: үй-іші, семья; туған ел, өскен жер. Сөздік 
тұлғаларды түбіртектерге бөлгенде екі түбіртек немесе үш 
түбіртек бірігіп, жаңа, тың мағыналарды беру құбылысы жиі 
кездеседі. 
Сонымен мағынасы түсініксіз деп есептелетін қотан формасында 
грамматикалық мағына беретін ан және лексикалық мағына 
беретін от түбіртегі бар екендігі анықталды. Бұл форманың 
құрамындағы қ дауыссызының дауысты элементі жоқ. қ 
дауыссызы табиғатында жылысқыш дыбыс. Түбірден түбірге, 
түбірден қосымшаға жылыса береді. Егер қ жылысу құбылысына 
ұшыраған болса, онда алдындағы а дауыстысымен бірігіп, бір 
түбіртектің міндетін атқаруға тиіс: яғни ақ. Бұл етістік судың өз 
арнасымен төмен қарай жылжуы, бір орында тұрмай ілгері 
қозғалып отыруы деген мағына береді. Бірақ ақ – көп мағыналы 
сөз. Бұл сөз көне түркі жазба ескерткіштерінде заттың, нәрсенің 
жоғарыдан төмен қарай жылжуын ғана емес, төменнен жоғары 
қарай жылжуын да білдірген. Мысалы, ай йоқару ағар (ай жоғары 
көтерілер) (ДТС, 16). Ж+ақ етістігінің құрамындағы ақ түбіртегі де 
оттың төменнен жоғары қарай лаулап жанғанын мегзейді. Олай 
болса, үш түбіртектің жиынтығын (ақ+от+ан) «лаулап жанған от» 
деп түсінеміз.
Сонда алқа сөзінің құрамындағы соңғы а дауыстысы өз орнын 
тапқандықтан, онымен жалғас тұрған қ дауыссызы жеке-дара 
қалады. Оның жоғалтқан дауысты дыбысы у екендігін тауып алу 
қиын емес. Себебі, есімдерден, етістіктерден қимыл есімін 
жасайтын уқ жұрнағы (қазіргі у жұрнағы) сандаған сөздердің 
құрамына қ түрінде сіңісіп кеткен. Яғни қ жұрнағын сөз ортасында 
көне уқ жұрнағының сарқыншағы ретінде түсінеміз. Сонымен 
талдау барысында төрт түбіртектің (уқ+ақ+от+ан) лексикалық, 
грамматикалық мағыналары ашылды, өзгеріске ұшыраған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет