Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет66/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. 
Моллова М. К истории тюркского вокализма // Вопросы 
языкознания, 1966, №2. 
2. 
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының 
этимологиялық 
негіздері. 
Алматы, 
«Қазақ 
университеті», 2005. 
3. 
Сағындықұлы Б. Таңдамалы туындылар. Алматы, «Үш 
қиян», 2009. 
4. 
Хасенов Ә. Тіл білімі. Алматы, «Санат», 1996. 
5. 
Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. 
Москва, «Высшая школа», 1962. 
6. 
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, «Мектеп», 
1978. 
7. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-10 тт. Алматы, 1974-
1986 жж. 
8. 
Древнетюркский словарь. Л., «Наука», 1969. 


 
 
 
 
 
 
 
БӨЛІМ 9 
 
СӨЗЖАСАМНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ 
СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯ 
 
Кәрімбек Құрманәлиев 
 




Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
151 
СӨЗЖАСАМНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ 
СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯ 
Кәрімбек Құрманәлиев 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 
академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор 
Бұл мақалада қазақ тілі сөзжасам жүйесінің ғылыми-теориялық 
негіздерін айқындап берген, келешек зерттеушілерге ой салып, 
қазақ тілі сөзжасамының әрі қарай дамуына жол ашқан 1989 жылы 
жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» 
монографиясында анықталған, сөзжасамның жалпы мәселелерін 
шешуге арналған көптеген ғылыми идеяларды әрі қарай дамытып, 
сөзжасамның көкейкесті мәселелерін көтерген, еліміздегі қазақ 
тілі сөзжасамы саласының белгілі ғалымдарының еңбектеріне 
шолудан бастаған дұрыс сияқты. Өйткені, қазақ тіл білімінде 
сөзжасамдық ұя соңғы кезде ғана зерттеле бастағаны және оның 
көп мәселелері жалпы сөзжасаммен тығыз байланысты екені 
белгілі.
Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі қазақ тілімен байланысты 
алғашқы еңбектерден бастау алады. Ең алғашқы қазақ тілі туралы 
жазылған еңбектер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению 
киргизского наречия» /1/, П.М.Мелиоранскийдің «Краткая 
грамматика казах-киргизского языка»/2/, М.А. Терентьевтің түркі 
тілдеріне арналған «Грамматика турецкая, персидская, киргизская 
и узбекская»/3/ атты грамматикаларда түркі сөз таптарының 
сөзжасамдық жұрнақтары аталып, олардың мағыналары 
көрсетілгені ғылымында үнемі көрсетіліп келді. Одан соң 
В.Г.Архангельский 1927 жылы «Грамматика казахского языка» 
деген еңбек жазғаны да белгілі. Онда ғалым әр сөз табымен 
байланысты сөзжасамдық бірсыпыра жұрнақтарды көрсетіп, 
олармен жасалған туынды түбірлерді көрсетіп, олардың 
мағынасын анықтаған /4/. 
Бұдан қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселесі алғаш түрлі сөз 
таптарының жұрнақтарын анықтау, жұрнақтардың мағынасын 
ашу, олармен жасалған туынды түбірлерді айқындау арқылы 
сөзжасамның бір негізі мәселесінен мағлұмат беруден басталғаны 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
152 
көрінеді. Бұл ретте түркологтар еңбегін дұрыс бағалау, оны 
көрсеткен орынды деп білеміз. 
Қазақ ғалымдарының ішінен сөзжасам туралы алғаш ғылыми 
мәлімет А.Байтұрсыновтың «Тіл – құрал» (қазақ тілінің сарфы). 
Бірінші жылдық. (Орынбор, 1914 жыл) оқулығында берілген. Осы 
оқулықтың «Сөз тұлғалары» тақырыбында сөз тұлғасының 5 түрін 
көрсетеді. Солардың бірі ретінде туынды сөзді көрсетіп, оған 
мынадай анықтама береді: «Туынды түбір дегеніміз – бастапқы 
тұлғасы да, мағынасы да өзгерген сөз: мәселен, бастық, тастық, 
шашақ, қолтық» /5, - 154/. Міне, бұл – қазақ тіл білімінде, қазақ 
тілінде туынды сөзге тұңғыш рет берілген анықтама. Туынды 
түбірге берілген бұл анықтамада артық сөз де, қате пікір де жоқ. 
Туынды түбір сөздің негізі түбірден тұлғасы да, мағынасы да басқа 
екені шындық және тұңғыш рет қолданылған туынды түбір деген 
термин әлі де қолданыста екенін атап өту дұрыс деп санаймыз.
Осы тақырыпта ғалым сөз тұлғасының бір түрі деп қосымшаларды 
көрсеткен. Қазіргі тіл білімінде бұл ретте көзқарас өзгерді. Бірақ 
тілде қосымша терминін тұңғыш қолданып, оған анықтама берген 
де А.Байтұрсынов екенін айта кету орынды деп санаймыз. Ғалым 
қосымшалардың екі түрін көрсеткен, олар: жалғау және жұрнақ, 
бұл терминдер әлі де қолданыста. Сонымен бірге ғалым жалғауға 
да, жұрнаққа да анықтама берген, ол қосымшамен байланысты 
көрсетілген.
Профессор Қ.Жұбанов 1936 жылы 5 – ші сыныпқа арналған «Қазақ 
тілінің грамматикасы» атты оқулықты жариялады. Бұл оқулықта 
ғалым жұрнақ деген терминнің орнына үстеу деген терминді 
қолданды және туынды сөз деген терминді қолданбады. Бірақ 
ғалым «Образование сложных слов» деген мақаласында 
сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған күрделі 
сөздер мәселесі туралы пікір айтқан: «Сложение, или композиция, 
есть образование нового слова путем соединения двух или более 
слов в одном» /6, - 471/. Міне, бұл сөзжасамның бұл тәсілі туралы 
айтылған бірінші пікір деуге болады. Өйткені грамматикаларда 
біріккен сөз, қос сөз туралы мағлұмат беріліп жүргенімен, оның 
сөзжасамға жататыны деп бөліп, оны туынды сөздер тобында 
қарастыруы сол кез үшін жаңалық деуге болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет