Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет83/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
194 
қолданатынымызды, сол арқылы қазақ тілінің қолданысын 
тарылтатынымызды көрсетіп беріп отыр. Егер біз толыққанды 
қазақ тіліндегі нұсқаларын пайдаланғымыз келсе, осыны мәселе 
деп таныр болсақ, онда компьютер бетіндегі бүкіл атауларды 
қазақыландыруымызға тура келеді. Бұндай өзгетілдес атауларды 
еліміздің қаншама азаматтарының оның ішінде қазақ пайдаланып 
отырғандығын тізімдемей-ақ, қанша таза қазақтың пайдаланып 
отырғанын статистика арқылы біліп алуға олады. Егер 
Қазақстанда шамамен 19 млн қазақтың 1 миллионы телефон 
құрылғысын ұстамайтын, әлі тілі шықпаған бала деп санасақ, 
қалған 18 миллионы осы аралас тілді пайдаланып отыр деп есептей 
беріңіз. Осыдан кейін қазақ тілінің өміршеңдігі туралы ойлануға 
тура келеді. Бұл сұраққа жауапты өзіміз іштей біліп отырамыз. 
Олай болса, осы ақпараттық технологиялар тілін қазақыландыруға 
(қазақыландырылғанын пайдалануға) ұсыныс айтамыз. Ол үшін 
үш бағытта жұмыс істеуге болады деп санаймыз: 
Бірінші, қазақ тіліне толық аударуға келетін, сол әрекеттің 
қызметін толық түсіндіре алатын атауды іріктеп алу; екінші, егер 
қазақ тілінде ондай лайықты атау болмаса, өзге түркітілдес 
халықтардың тілінен қарастыру керек (Бұл А. Байтұрсынұлының 
идеясы болған кезінде); үшінші одан да лайықты балама табылмай 
жатқан жағдайда шеттілдік сөздерді қазақ тілінің заңдылығына 
сәйкес аудармай-ақ өзгертіп алу мүмкіндігін пайдалануымыз 
қажет деп ойлаймыз.
Ғалым А. Жұмаділдаев: «қазақ бәйгеден озамын десе
технократтық елге айналуы керек» деген бір ғана нәрсені 
айтамын» дейді [14]. Әрине, қазақ елі технократтық елге айналуы 
керек болса, міндетті түрде технократия тілін жоғарыдағы үш 
түрлі жолмен қазақшалап отыру керек. Үнемі қазақшалау керек. 
Себебі күн сайын жаңа техника, сол арқылы жаңа атау кіреді. 
Мысалы, компьютер деген терминді өзге тілде компутер деп оқу, 
айту дәстүрі бар. Біздің қазақ тіліндегі нұсқасы – таза орыс 
тіліндегі нұсқасы. Егер барлық шеттілдік сөздерді орыс тілінің 
заңдылығымен айтып, жазатын болсақ, қазақ тілінің ішкі 
заңдылығы қайда қалды? Қажет болмаса, қазақ тілінің өз 
лингвистикалық заңдылығы не үшін керек? Міне, осындай 
сұрақтардан кейін тіліміз өз дербестігін сақтап қалу ойы болса, 
қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру керек екені дәлелдене түседі. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
195 
Бұны тек біз ғана айтып отырған жоқпыз. Бізге дейін де талай тіл 
мамандары айтып келе жатыр. Айтылып келе жатқанына да бір 
ғасыр уақыт болды. Тек біз ден қоя алмай келе жатырмыз деп 
ойлаймын. Ал тілдің күш-қуаты мен әлеует-қарамының мүмкіндігі 
зор екенін таныту үшін тілдің өміршеңдігін лингвистикалық 
заңдылықтар мен қағидалар арқылы дәлелдеу – бір сәт те естен 
шығаруға болмайтын мәселе. 
Қазақ тілін өзге тілдер секілді (мәселен, орыс тілі) әлемнің тілдік 
бейнесін жасауға мүмкіндігі мол, кез келген пайда болған жаңа зат 
пен оның әрекетін атап көрсетуге тілдік мүмкіндігі толық жететін 
тіл деп санауға болады. Біздің оқытушылық тәжірибемізде немесе 
лингвист ретіндегі қоғамдағы орнымызды сынау мақсатында кей 
жағдайларда мынадай мәселелер кездесіп жатады: «Қазақ тілі 
орыс тілі секілді емес, кей ұғымдардың мәнін толық атауға құзіреті 
жетпейді. Егер жететін болса, свежий дегенді қалай атар едіңіз, 
вообще дегенді аударып беріңізші, уже дегенді ше» деген сияқты 
сұрақтар беру арқылы тұқыртқысы келеді. Кейбіреулер 
тұқыртуды емес, осы сұрақтарды қоюшылар ізімен қазақ тілін 
кемсіту мақсаты жоқ бола тұра, сұрайды. Бірақ олар осы сұрақтың 
астарында жатқан жымысқы ойды аса байыптай бермейді.
Адамзат баласының қажеттілігін өтеуге тілдің құзіреті жетеді. Тек 
соңғы жылдары техника ғылымдарының дамуына байланысты 
тілімізге қаншама тілдік бірліктер еніп жатыр. Шеттілдік 
сөздердің техника тілінің бірліктері ретінде аудармалары 
болмағандықтан немесе аударуға қиындық туғызғандықтан
немесе аударғанда мағынасын дәл бере алмаймыз-ау деген 
қорқыныштың салдары да бар.
Қазіргі кезде қазақ тіліне жанашыр кез келген азамат ұлттық тілдің 
өміршең бола алуы-алмауы туралы ойланып, дабыл қағуда. 
Бүгінде ғылым мен техниканың дамуына қатысты ең көп 
қолданылатын тілдік бірлік – ақпараттық технологияға қатысты 
атаулар. Себебі қай ғылымды алсаңыз да, өзінің нәтижелерін 
компьютер арқылы жазады, қағазға түсіреді. Күніне неше рет 
компьютер құралына отыратын болса, миында сонша рет 
ақпараттық технология сөздері жаңғырығып тұрады. Ол сөздер тек 
ана тілінде емес, керісінше компьютер пайда болған тілде немесе 
орыс тілінде. Міне, осыдан кейін ақпараттық технологияға 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
196 
қатысты атауларды қазақшалау қажеттігі туындайды. Орыстар өз 
тілдеріне ауыстырып алып, оны өзге орыстілді меңгерген бұрынғы 
кеңес үкіметі құрамындағы халықтар тілінде қолданып жүрген 
болса, демек, біздің тілімізде де оны аударып қолдану мүмкіндігі 
бар деген сөз.
Қорытынды. Қорытындылай келе, қазақ тіліндегі ақпараттық 
технологиялар саласының терминдері қазақ тілінің өміршеңдігіне 
сөздің құрам толтықтыру жағынан пайдалы болғанымен, ұлттық 
тіл жүйесіндегі орны тұрғысынан кері әсерін тигізері анық. Сөз 
тұрғысынан өзге тілдерде өмір сүру үшін және сол тілге кері әсерін 
тигізбеу үшін бірінші, ұлттық тілдің өзінен, екінші өзге түркі 
тілдерінен, үшінші ұлттық тілдің фонетикалық заңдылығын 
қабылдап кіру керек деп түйіндейміз. Компьютер терминдері 
синтетика-семантикалық, аналитика-семнтикалық, семантикалық 
жолмен жасалады. Оның ішінде семантикалық тәсіл арқылы 
жасалған терминдер лексикалық және калька жолымен 
жасалатындығын байқаймыз. 
Техникалық сала құрамындағы омоним-терминдердің салалық 
оқулықтардағы қолданысында біріздендіруді қажет ететін тұстар 
бар екені жоғарыдағы мысалдардан дәлелді болды. Ал бұл жұмыс 
тек сала маманы мен тілші-ғалымдардың бірлескен жұмысының 
нәтижесінде ғана мүмкін болмақ. Терминологиялық қорға жаңа 
атау енгізу үшін, ғалымдар оларды аудару, өз тілінен балама табу, 
тілдік заңдылықтарға сәйкестендіріп қабылдау, сол күйінде 
өзгеріссіз қабылдау сияқты түрлі тәсілдерді таңдауы мүмкін. 
Терминдерді тұрақтандырудың алғашқы сатысында жасалған 
қадам сөздің әрі қарай тек сол сала мамандарының ғана емес, 
ғылыми көпшіліктің де игілігіне жұмсалуына жол ашады. 
Сондықтан да терминдерді тілімізге енгізерде, жан-жақты 
ойланып, тілші-ғалымдар мен сала мамандарының пікірімен 
санасып, тұрақтап қалатын терминдер қалыптастыруды мақсат ету 
қажет. 
Ақпараттық технология терминдерін сөздікке емес, дискурсқа 
түсіру қолға алыну керек. Ол үшін компьютер бетіндіндегі, 
ішіндегі бүкіл сөздерді қазақша нұсқасымен жаңа құралдар жасалу 
керек. Демек, қазақша компьютер. Немесе телефондағыдай тілін 
ауыстырып алуға болатындай мүмкіндік жасау керек. Міне, 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
197 
осыдан кейін ғана компьютерге қатысты қолданылатын сөздердің 
бәрін компьютердің өзінде қазақша қолдану ғана біздің тілімізді 
өміршең етудің бір шарты болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет