Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет18/33
Дата14.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#67989
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Экзистенциализм – адам, оның өмір сүруінің қиыншылықтары мен мәселелерін 
негізгі зерттеу нысаны етіп алған философиялық бағыт. Ол XIX ортасында қалыптасып, XX 
ғасырдың 20 – 70 жылдарында өзекті бағытқа айналып, Батыс Европадағы атышулы 
ағымдардың бірі болып отыр. 
Экзистенциализмнің дамуына және өркендеуіне мынадай себептер жағдай жасаған: 
- бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың қарсаңындағы және олардың 
аралығындағы адамгершілік, экономикалық және саяси дағдарыстар; 
- ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және оның кейбір нәтижелерінің адамға 
қарсы кеңінен қолданылуы; 
- бүкіл адамзаттың құрып кету қауіпі; 
- адамға аса қатыгездікпен күш көрсетудің кеңінен қанат жаюы; 
- адам тұлғасының мысын басып тастайтын тоталитарлық, фашистік режимдердің 
көбеюі. 
Осы мәселелер төңірегінде ойланған ойшылдар мынадай философиялық мәселелерге 
көңіл бөлді: 
- адам тұлғасының ерекшелігі, оның сезімдері мен толғаныстарының, үміті мен 
сенімінің тереңдігі; 
- адамның ішкі жан дүниесі мен қоршаған ортаның айырмашылығының 
қайшылықтары; 
- адамның жалғыздығы мен торығуының мәселелері; 
- өмірдің мәні жоқтығы мәселесі; 
- ішкі таңдау мәселесі; 
- адамның өзінің ішкі жан дүниесі мен сыртқы ортадан өзін - өзі іздеуінің мәні. 
Экзистенциализмнің негізін қалаған – дат философы С.Кьеркегор (1813-1855). 
Дат ойшылының пікірінше, философияның маңызды мәселесі – адам, оның үлкенді, 
кішілі, маңызды, маңызсыз мәселелері. 
Философ «жалған тіршілік» және «шынайы тіршілік» деген ұғымдар енгізген. 


«Жалған тіршілік» дегеніміз - адамның қоғамға толық бағынуы, яғни басқалар сияқты 
өмір сүруі, өзінің мүмкіндігіне, ерекшелігіне мән бермеуі. Шынайы тіршілік дегеніміз – 
қоғамның қысымынан босап, саналы таңдау жасау, өз қабілеттерін жан – жақты ашу, 
дамыту. 
Шынайы тіршілік – бұл экзистенция. Оған жету үшін адам үш маңызды кезеңнен 
өтеді: 
- эстетикалық 
- этикалық 
- діни 
Эстетикалық деңгейде адам өмірі сыртқы факторлармен анықталады. Ойланбай 
айналадағы өмір ағынымен кете береді. 
Этикалық деңгейде адам саналы таңдау жасайды, саналы түрде мақсат қояды, өмірі 
парыз қисынымен басқарылады. 
Діни деңгейде адам өз өмірінің мәнін терең түсінеді, тіпті сыртқы орта әсері оған 
ешқандай ықпал ете алмайды. 
Экзистенциализмнің көрнекті өкілдері - Ясперс (1883-1969), Сартр (1905-1980), Камю 
(1913-1960), Хайдеггер (1889-1976). 
К.Ясперс неміс философы. «Дүниетаным психологиясы» деген еңбегінде 
экзистенциалдық мәселелерді көтерген. Оның пікірінше, адам басқалар сияқты өмір сүре 
береді, тіпті өзінің кім екенін шын мәнінде білмеуі де хак. Бірақ күтпеген, ерекше жағдайда
оның шын болмысы анықталуы мүмкін. Бұл – адам болмысы сынға түсетін, өмір мен өлім 
бетпе – бет кездесетін шекаралық жағдайлар. Осы уақытта адам шын мәнінде құндылық не 
екенін жақсы түсінеді, өзін де, басқаны да бағалай бастайды. 
Ж.П.Сартрдың негізгі мәселесі – таңдау мәселесі. Өзекті философиялық ұғым - өзіндік 
болмыс. Ол адам үшін жоғары реалдылық, оның шын мәнін басқалармен қарым – қатынас 
процесінде түсінесің. Өмір сүрудің маңызды шарты – еркіндік. Бүкіл өмір - әртүрлі кішкене 
өмірдің жиынтығы, байланысы, өйткені адам өз өмірінің жекелеген кезеңдерінде өзі үшін 
аса маңызды таңдау жасайды. Мысалы: жұбай таңдау, кәсіп таңдау, жұмыс орынын таңдау, 
күреске қатысу, соғысқа аттану т.б. 
Адам еркіндігі абсолютті. Еркіндік мәселесімен қатар жауапкершілік те туындайды. 
Альбер Камю - өмір мәнін іздестіруді негізгі мақсат еткен. Философтың негізгі 
тұжырымы – адам өмірі шын мәнінде мағынасыз. Өйткені адам қаншалықты тырысса да, 
қиналса да, жүгірсе де, бәрі бір өледі. Яғни, адам өмірі – абсурд. 
Альбер Камю «Сизиф туралы миф. Абсурд туралы эссе» еңбегінде адам өміріндегі 
қиын жағдайларға назар аударды. Эсседе өзін - өзі өлтіру проблемасы, мағынасыздық пен 
өлім, үміт мәселесі қарастырылады. Адам неліктен өзін - өзі өлтіруге бел буады. Өмірдің 
мағынасыз сипат алып, үміттің алдамшы сағымға айналғанында. Өмірдің мағынасын 
анықтауға екі жол бар, оның бірі – одан күдерін үзу, бас тарту, екіншісі өмірге деген 
құштарлық. Осы екі қарама – қарсы бағыт адамның сана – сезімінде ұшырасады. Сөйтіп ол 
шекаралық ситуацияға тап болады. 
Жалпы экзистенциализм философиясында адам өмірінің көптеген тылсым, түсініксіз 
жағдайлары зерттеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет