Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Өмір және өлім. Өмірдің мәні



Pdf көрінісі
бет20/33
Дата14.02.2023
өлшемі1,19 Mb.
#67989
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33
Өмір және өлім. Өмірдің мәні. 
1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).
2. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. 
3. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі. 
4. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, 
волюнтаризм, функционализм.


5. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы.
6. Махаббат – адамның өмір сүру мәні.
6.1 Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде. 
«Махаббатпен жаратқан адамзат ...». 
«Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін 
түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы 
және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, 
ақылмен жасайды. 
Адам мәселесі философияның "мәңгі" шешіп келе жатқан және шешіле бермек 
мәселелер қатарына жатады. Өткен дәуірлердегі философиялық шығармалар мен бүгінгі 
заманымыздағы ізденістерді қамтитын әдебиеттерге зер салсақ, олардың көпшілігі адам 
туралы, немесе адамға қатысы бар дүниелер туралы ой қозғайтынын аңғарар едік. Ол 
түсінікті де, өйткені адамға қатысы жоқ қандай философия болмақ? Адам өмірінің 
кұндылығы мен мәні, тағдыры мен мақсаты, бас бостандығы, қоғамдағы орны, рухани 
дүниесі мен көзқарасы туралы сан қилы сауалдар төңірегінде философия тарихында әр 
түрлі пікірлер, ойлар, ізденістер толастамады. Дәуіріне сай ғылым мен қоғам дамуының 
жетістіктерін бойына сіңірген философиялық ағымдар пайда болды. Адам мәселесі, "мәңгі" 
мәселе болуымен қатар мәңгі жаңа мәселе, өйткені бір кезде қойылған мәселелерді басқа 
тарихи жағдайда дүниені басқаша түсініп, басқаша ойлайтын адамның шешуіне тура келеді. 
Әсіресе, адамзат дамуының өтпелі, күрделі кезеңдерінде осы мәселе қайта жанданып өзінің 
маңызын арттыра түседі. Қоғамдық қатынастардың шиеленісуі, ғылым мен техниканың 
дамуы, рухани-саяси, экологиялық даңдарыстардың өрбіп-өршуі, жалпы айтқанда қандай 
да болсын даму процестерінің сипаты өзгеріп отырған кезде, адам мәселесі туралы 
түсінігіміз де басқаша болмақ. ХХ ғасырдың соңында адамзаттың қуат-күшінің құдіреті 
артып отырған кезеңде баршаның, жеке адамның тағдыры сол адамның қолында, оның ой-
санасының деңгейіне, рухани қабілетіне байланысты екендігі айқын көрініс тауып отыр. 
Аңызға сүйенсек, грек ойшылы Диоген қолына шырақ алып Афинаның күн сәулесіне 
шомылған көшелерінен бір нәрсе іздеп жүрсе керек. Не іздеп жүрсің деп сұрағандарға: 
Адамды іздеп жүрмін деген екен. Әрине, Диоген тірі адамды іздеп жүрмеген, "адамдықты" 
яғни адамның мәнін іздеген. Міне осы адамды адам қылып тұрған басты қасиеті туралы әр 
түрлі пікірлер бар. Қандай да болмасын бір құбылысты түсінудің дағдылы екі әдісі бар. 
Бірінші әдіс бойынша қарастырып отырған құбылысты одан тыс басқа құбылыспен 
салыстыру, яғни "сыртқы" дүниелермен, табиғатпен, қоғаммен қатынасына көңіл 
аударылады. Ал екінші әдіс бойынша адамның "ішкі" дүниесіне, жан сезіміне, рухани 
қасиетіне мән беріледі. 
Адам дүние жөнінде неше-түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып, солар арқылы 
кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтерілді. Ол заттар 
мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатын пенде. Ол неше-түрлі рухани құндылықтарды 
басшылыққа алып өмір сүреді, сонымен қатар, оларды жойып, тіпті өзін жойып жіберетін 
кездер де болады. Ең соңында, адам өз-өзін бақылап, баға беріп, өзімен өмір мен өлім 
жөнінде сұхбаттаса алатын пенде. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе, адам 
алдында «мен неге дүниеге келдім?», «не үшін өмір сүруім керек?», «қалай өмір сүруім 
керек?»,-деген т.с.с. сұрақтар пайда болады. Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның 
ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне, бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағынасын 
анықтауға итереді. 
Адам өмірінің мән-мағынасы ғасырлар бойы талданып келе жатқан мәселе. Өмір 
өзгерген сайын болашақта да бұл мәселе талай рет көтерілетіні сөзсіз. Яғни, бұл адамзаттың 
өзіне қойылған «мәңгілік» сұрақтарының біреуіне жатады. Орыстың ұлы ойшылы 
Л.Н.Толстой «адамның ішінде екі «мен» бар сияқты», -дейді. Бір «мен»: «мен ғана нағыз 
өмір сүріп жатырмын, қалғандарының бәрі өмір сүріп жатқан сияқты ғана, сондықтан, бүкіл 


дүниенің мән-мағнасы маған деген жақсылықтың болуында»-дейді. Екінші «мен»: «Бүкіл 
Дүние саған емес, өз мақсаттарына, сондықтан, саған бұл өмірде жақсы ма әлде жаман ба, 
ол оны білгісі де келмейді»,-дейді. Бұл өмір сүруге қорқыныш сезімін әкеледі-деп қорытады 
ұлы ойшыл. Әрине, адамның ішкі өмірі неше-түрлі қайшылықтардан тұрады. Біршама 
жағдайда біз тек ақыл-оймен ғана емес, инстинктер, интуиция арқылы бір нәрселерді 
жасауымыз ғажап емес... 
Адам өз өмірінде, басқа тіршілік сияқты, әр-түрлі қажеттіктерін өтейді. Жалғыз ғана 
дәулетке жету адамды қанағаттандырып, оның өмірінің мән-мағнасын құрай алмайды. 
Оның сыртында талай рухқа негізделген адамның қажеттіктері тұр. Уақытында американ 
ғалымы А.Маслоу адам қажеттіктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасаған 
болатын. Ең төменгі- іргетасты физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, 
баспана т.с.с.) жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіктер. Екінші –экзистенциалдық 
қажеттіктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімдік, өмір сүру жағдайларының және 
қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтығы т.с.с.). Үшінші –әлеуметтік 
қажеттіктер (басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, солардың сый-сияпатына ие 
болу). Төртінші- престиждік, яғни, беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен 
жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші- рухани қажеттіктер- 
шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, іске асыру. 
А.Маслоудың ойынша, төменгі қажеттіктер өтелмейінше жоғарғылар әлі де болса 
адамға қызық емес. Өтелген қажеттіктер өз күшін жойып, адамды жоғарғы қажеттіктерді 
игеруге итермелейді. Егер де төменгі қажеттіктерді өтеу-қоғамның даму деңгейіне 
байланысты- қиын мәселеге айналса, ол адам өмірінің негізгі мән-мағнасына айналуы 
мүмкін. Бүгінгі таңда қаншама адам «нан табу» мәселесінің шеңберінен шыға алмай жүр. 
Оны тарихи қалыптасқан қоғамның кемшіліктері ретінде қарау жөн болар.
Сонымен, өмірдің ең биік мән-мағнасы –шығармашылық сатыға көтеріліп, өз 
тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ. Ондай адамға тән нәрселер: 
өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау;
басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау; 
басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу,өзгелердің 
пікірін де қабылдап сыйлау; 
өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейінде игеру; 
өз қабілеттеріңді әрі қарай дамытуға тырысу; 
мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық пен 
түрсіздікті айыра білу; 
қай жерде болмасын өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу; т.с.с. 
Көп жағдайда өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтып алмас үшін белгілі бір алдыңа 
қойған мақсатқа жете алмасаң, соған деген көзқарасыңды өзгертсең болғаны. Оны В. 
Франкл «құндылықтарға деген көзқарас» деген ұғыммен береді. Ондай ақуал қарапайым 
адамдардың арасында қиын-қыстау заман кезінде жиі кездеседі. Мысалы, құндыздан 
тігілген қымбат киімді армандап, сол себепті дұрыс ұйықтай алмай, жүйкесі тозып жүрген 
сұлу бикеш өз көзқарасын өзгертіп, Джина Лолобриджида секілді осы құндылыққа деген өз 
көзқарасын өзгертсе, я болмаса, үнді халқының тудырған «еш тіршілікті зәбірлемеу» 
философиясын қабылдап, басқа материалдан тігілген киім алса- мәселе сол сәтте-ақ 
шешілер еді. 
Адамның өмірінде тіпті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып (соғыс, жер сілкіну, 
түрмеге түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с.) қолынан еш нәрсе келмей, тағдырдың 
тәлкегіне түскен кезде ол өмірінің мән-мағынасын жоғалтып түңілуі мүмкін. Ондай жағдай 
болмағанның өзінде әр адам өз өмірінің аяғында «қайғылы үштіктен» (зардап, күнә, өлім) 
өтеді. Осындай жағдайдың өзіңде адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтып алмауы керек, 
- дейді В. Франкл. Ол «ой-толғау құндылықтарына» көшу керек, сонда зардап шегудің 
өзінен жан-дүниені тазартатын, көп нәрселерге жаңа баға берілетін мән-мағынаны табуы 
мүмкін. 


Австралиялық медбике Бронни Вэр көп жылдар бойы өлім алдында жатқан ауыр 
науқастарды күтумен айналысып, олармен пікірлесіп, ой бөліскен. Өмірмен қоштасып 
жатқан кісінің өлім алдындағы өкініштерін жинақтап, оларды бес топқа бөлген: «Мен 
өмірімді біреудің айтуымен емес, өз қалауыммен сүргім келеді». Бұл басым көпшіліктің 
өзекжарды өкініші болыпты. Өлер алдында артта қалған өмірін сараптай келіп олар: «Көп 
істі өз кінәмнен орындай алмадым, батылсыздығымнан, қателіктерімнен мақсатыма қол 
жеткізбедім. Дені сау, жас шағында жігерлі адам көп нәрсеге жете алады. Әттең, оны кеш 
ұқтым, уақытты уысымнан шағарып алдым», – дейді екен. «Өкінішке қарай, өмірімдегі көп 
уақытымды жұмысқа, қызметке жұмсаппын». Әсіресе, бұл ойды отбасына, балаларына, 
әйеліне көбірек көңіл бөлмеген, олармен бірге аз уақыт өткізген ер азаматтар жиі айтыпты. 
«Отбасымды лайықты қамтамасыз етем деп уақытымның басым көпшілігі жұмыспен өтіпті. 
Отбасыммен, балаларыммен көбірек бірге болмағаныма өкінемін», – депті көпшілігі. 
«Сезімімді ашық айтуға батылым жетпепті». Мұндай жалтақ мінез көп кісілердің бақытқа 
қол жеткізе алмауына себепкер болыпты. Сондықтан сезімге де сергек қараған орынды. 
Кезінде жіберіп алған мүмкінішіліктеріне көптеген жандар уақыт келе өкінеді екен. 
«Сенімді, нағыз достарыңызбен байланысыңызды үзбеңіз». Достықтың қадірін 
көпшілігіміз жете, терең біле бермейміз, тіпті, жөнді бағаламаймыз. Жұмысбастылық пен 
күйбең тірліктің әуресімен достарымызбен хабарласуға, әңгімелесуге, ой бөлісуге уақыт 
таба бермейміз. Сөйтіп, уақыт өте келе достарымыздың тым селдіреп қалғанын байқамай 
қаламыз. Уақыт тауып достар, туыстар, жекжаттарыңмен хабарласып тұрыңдар. Әйтпесе, 
ертең қартайғанда жападан жалғыз қаласыз деп ой тастайды. «Бақытты болу әркімнің өз 
қолында». Көп адамдар қалай бақытты болу мәселесі төңірегінде еш ойланбайды. Көңілге 
алған ісіңізге қол жеткізу үшін жан-жағыңызға алаңдамай, қажет болса, тіпті, өміріңізді 
өзгертуге батыл қадам жасау керек. Шынында да, көптеген адамдар алға қойған мақсатына 
жету үшін барынша талпынып, еңбектенуді артық санайды. Америкалықтардың 
«Лимоннан лимонад жасай білейік!», яғни «Ащыдан тәтті жасай білейік!» деген сөзін есте 
ұстамайды. Біле білсек, жоқтан бар жасау да өнер. Осы сәтте сонау балалық шақта оқыған 
осы бір орыс ертегісі еске түседі: Екі еріккен құрбақа таңғы шыққа малынған шөптерді 
аралап келе жатып, жерге көмілген, жартылай сүт құйылған құмыраға абайсызда түсіп 
кетеді. Сонда біреуі уайымға беріліп: «Е, досым, біттік, мына құмырадан шығу бізге енді 
жоқ. Өлді деген осы...», – деп қимылдамай сүтке батып, жоқ болады. Екіншісі: «Жоқ, тірі 
қалуым керек, тірі қалам...», – деп сирақтарымен сүтті тынымсыз ұрғылай береді. Бірте-
бірте сүттің бетіне қалың қаймақ пайда болады. Қаймаққа аяқтарын тіреген құрбақа «Әу-
пірім!» деп, секіріп сыртқа шығады. Міне, көріп отырсыздар, талап пен еңбек неге 
жеткізетінін! Байқасақ, өмір сүрудің өзі бақыт емес пе?! Өмірді қалай өткіземіз – әркімнің 
өз қолында. Тағдыр желкенін дұрыс ұстап, барар бағытымызды дұрыс анықтап, алға қойған 
мақсаттарымызға жету үшін барынша талпынып, аянбай еңбектенсек, шықпайтын шың, 
алынбайтын қамал жоқ екен. Тек, пейіліміздің түзу, ойымыз таза, санамыздың сергек 
болғанын тілейік. «Өмір – өзен» деп жиі айтамыз. Шынында да, адамның өмірін өзен 
ағысымен салыстыруға болатын шығар. Біреудің өмірі жұлқынып, асығып, асып-тасып, 
ақкөбік болып аққан тау өзені таласқа ұқсаса, енді біреудің өмір-өзені кең, жазық даладағы 
ағысы біліне бермейтін момын өзенге ұқсайды. Бірақ әр өзеннің өз «тағдыры» бар. Біреуі 
таулы өңірден кең далаға асыға жетіп, шағын көлдерге құйып, құмға сіңіп, құрдымға кетіп, 
аяқсыз қалады. Ал тағы біреуі жай ағысымен-ақ өзендерге қосылып, соңынан теңіздерге, 
шалқыған мұхиттарға құйып жатады. Қарап тұрсақ, адамның өмірі мен өзендердің өзара 
ұқсастығы бар сияқты. Сарапшылардың айтуынша, адам адамдармен қатар жүріп, жүздесіп, 
пікір алмаспаса психикасы өзгеруі әбден мүмкін. Loneliness Study-дің мәліметіне қарағанда, 
бүгіндері 45 жастан асқан 42,6 миллион америкалықтар әртүрлі себептерден жалғыздықтың 
қасіретін шегуде. 2014 жылдың санағы бойынша әлем тұрғындарының 4/1, яғни 25 пайызы 
жалғыздыққа душар болған. Олардың басым көпшілігі жалғызбасты, отбасында жалғыз, 
жалқы тұрып жатқан жандар. 300-ден астам жалғызбастыларды зерттеген ғылыми топ 
жалғызбастылардың 50 пайызы ерте қартайғандарын анықтады. Солтүстік Америка, 


Еуропа, Азия және Австралияның 3,4 миллион тұрғындарын зерттеуден өткізген 70 
ғылыми-зерттеу тобының мәліметіне сенсек, бұл күндері жалғыздық адам өміріне ең 
қауіпті факторлар қатарына еніп, тіпті, семіздіктен де қауіпті болып тұр екен. 
2. Өлім және өлместік ұғымдары 
Қайсыбір өмірдің өліммен аяқталатынын әрбір адам біледі. Бұл Дүниеге келгеннен 
кейін уақыты келгенде кету керек. Ол бізге тәуелді емес, қолымызда тұрған жоқ, ол - табиғи 
заңдылық. Адамзаттың мыңдаған жылға созылған өмір тәжрибесі бірде-бір өлген адамның 
тіріліп өмірге қайта келгенін көрсеткен жоқ. 
Әсіресе, жақын адамдардың бұл дүниеден кетуі біздің жан-дүниемізде ауыр жаралар 
қалдырады. Енді біз оларды ешқашан да көре алмай, іштегі сырымызды айтып, бірге 
қуанып, сонымен бірге қайғы-қасіретімізді бөлісе алмаймыз. Бәрі де өткен шақтың 
қойнауына кетті. Сол сәтте біз өзімізді де сондай тағдыр күтіп тұрғанын үрейлене 
аңғарамыз. 
Сонымен қатар, біз ақыл-ой таразысына “мәңгілік өмір сүру” мәселесін салсақ, онда 
оны адамға берілген ең ауыр жаза екенін байқауға болар еді. Өйткені, егер адам шексіз өмір 
сүре берсе, онда оның еш мән-мағнасы болмай қалады. Шексіз өмір жөніндегі ой өрісі 
бүгінгі күннің ашынған өзекті мәселелеріне немқұрайлы қарауды тудырып, қоғам өмірі 
мелшиіп бір орнында тұрып қалар еді. 
Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағнасы болуының өзі оның өліммен 
бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн мен 
жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді. Өйткені, өмірді ешқандай 
байлыққа сатып алуға болмайды, бірақ, оның бір ғана өлшемі бар – ол “Ұлы мәртебелі 
Табиғаттың” (я болмаса, егер адам сенімде болса - Құдайдың) әр адамға берген өмір жасы, 
яғни, уақыты. Бұл дүниеде бір де бір жасалған ұлы нәрсені істеген адамдар, әрине, өз 
өмірінің шектелгенін біліп, сондықтан, асығып, “соны үлгірсем екен”,- деген ой-үмітпен 
оларды аяқтады емес пе?! Егер ол мәңгілік өмір сүрсе, сол ұлы істерді бастамас та еді ғой 
!! Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма !”,- деген болатын. Оның терең мәні 
- өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің 
соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір 
уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылықты 
өмірде байқалмайтын кіші-гірім нәрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы 
айқындалып сезіледі. 
Бұл Дүниеде қайсыбір тіршілік формасы – соның ішінде адам да – бір ұрпақты екінші 
ұрпақпен ауыстырып өз өмірін жалғайды. Табиғаттың “даналығы” осында. Соның 
арқасында алға өрлеу – даму бар. 
Әр адам өлімді адамның жүрегі мен тынысы тоқтап, санасының өшуімен теңейді. 
Дегенмен де, адамның кейбір жақтары әлі де болса талай күндер тіршілік жасайды. 
Мысалы, адамның сақал-мұрты, шашы, тырнақтары дене толығынан шіріп біткенінше өсе 
береді… Егер адамның жүрек қысылымы өсіп, оның миына қан құйылса, ол ешкімді 
танымай, өзіндік санадан айырылғанмен, талай айлар төсек тартып, тірі болып қала беруі 
мүмкін. Бірақ, ол тұлғалық қасиеттерден толығынан айырылды. Кейбіреулер ондай адамға 
“тірі өлік” (живой труп) деген ат береді… 
Уақытында ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді,- деген 
болатын. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты. Кейбіреулер өмірінің жартысын 
“гүлге қонған көбелек” сияқты өткізіп, қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз алдына 
өмірлік мақсаттар қойып, оны асыға істей бастайды. Бірақ, көп жағдайда “Ұлы мәртебелі 
Табиғат” оларды аяқтауға уақыт бермейді. Ондай адам өлер алдында бұлқан-талқан болып, 
бүкіл ағайын-туғандарын тік тұрғызып, көп жағдайда азапқа салады. Ондай адамға өлер 
алдында “Әттең-ай!”, - деген өкініш келіп, сол аянышты сезіммен өмірден кетеді. 
Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, 
жан-дүнием мәңгі өмір сүреді,- деген үмітпен өмірмен қоштасады. 


Үшіншілер бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, әр сәттен ләззәт алудан 
басқа еш нәрсе жоқ, - деген өмірлік бағыт ұстайды. Бірақ, оқтын-оқтын мешітке барып (кім 
біледі, мүмкін Алла–тағала бар шығар,- деген ой кейбір кезде оның жүрегін сыздатады) 
садақа беріп, намаз оқытады. Бірақ, бәрібір ол болашақ өлімнің мұздаған лебінен құтыла 
алмай, жаны түршігеді. 
Енді Платонның айтқан философиялық дайындығы бар адамға келсек, ол өз өмірін 
бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана 
тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін 
заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды. 
Бесінші адамдар өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып өмірдің шаттығын да, 
зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзіне тән із қалдыру жолында бар күш-
қуатын аямай жұмсап, өлім алдына өмірден шаршаған сияқты сезіммен келеді. Ол өз өмірін 
толығынан аяқтады. Ешқандай өкініш жоқ. Орындалмаған армандар болғанның өзінде, ол 
оны табиғи заңдылық ретінде түсінеді. Ол – нағыз адам. Ондай адам көп жұрттың есінде 
мәңгілік қалады. 
Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде “аутоназия” (auto - өзім, nazіa - 
өлім) мәселесі қызу талқылануда. Орыс әдебиетінде бұл терминді өз тілдеріне жақындатып 
“эвтаназия”,- дейді. Әңгіме адамның өз еркімен қоғамның көмегі арқылы бұл дүниеден 
кетуі. Яғни, оның “суицидтан”- өзін-өзі өлтіруден айырмашылығы – ол қоғамның рұқсаты 
және көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-сезімдік ләззәт алу өмір 
бағытын ұстаған Батыс адамы өмірінің соңында да еш зардап шекпей бұл өмірден тәтті 
ұйқыға шомылып кете барғысы келеді. Енді бұл мәселені біз де талдап көрелік. 
Бір қарағанда бұл мәселені Батыс цивилизациясының гуманистік даму жолындағы 
үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді. Расында да, егер адам қатерлі ісікпен 
(рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я болмаса, қартайып, қолынан күш кетіп ешкімге керек 
болмай қалған т.с.с. жағдайда қоғам ондай адамдарға өз еркімен дүниеден кетуге 
көмектессе де болатын сияқты. 
Бірақ, мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір жөніндегі терең 
интуицияларға (көкей көзге) қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген әр адам Иса пайғамбардың 
арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек. Екіншіден, бірде бір адам өмір соңында 
“қайғылы үштікті” (зардап, күнә, өлім) аттап кете алмайды. Ол да болса өмірдің соңғы 
тәжірибелерінің бірі, қоршаған адамдарға ой салатын өнеге емес пе?! Соңғы өмір 
зардаптарынан өту – адам рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан-дүниесін тазартып, 
адамның абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды. 
Мәселеге философиялық тұрғыдан келсек, бұл Дүниеде адамнан асқан құндылық жоқ, 
сондықтан, ешкімнің де адам өмірін қиуға (соның ішінде - адамның өзін-өзі де) құқы жоқ. 
Аутоназияның моральдық-құқтық жағына келер болсақ, ғалымдардың айтуына 
қарағанда, заңды түрде оны өмірге еңгізгенде неше-түрлі басқа теріс салдарлар пайда болуы 
мүмкін. Мысалы, адамның дене мүшелерін сату, екіншіден, адам жүрегіне үрей салып 
өмірден кету жөнінде шешімге келуге мәжбүрлеу т.с.с. келеңсіз жағдайлардың пайда болуы 
ғажап емес. 
Бүгінгі таңда тек Голландия елінде парламент деңгейінде аутоназия жөнінде заң 
қабылданып ол іске асуда. 
Енді келесі үлкен мәселені – өлместікті талдауға уақыт келген сияқты. Бұл мәселе 
адам өмірі мән-мағнасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер бұл 
дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді, оның жаңбыр құртынан 
айырмашылығы қандай?,- деген сұрақ пайда болады емес пе! 
Өлместік мәселесі - қайсыбір діннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса, жоқ 
екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін 
Оған сенеді, өйткені, өлместікті аңсайды. Өлместік идеясы сонау көне заманда адамдардың 
өлімнен қорқу сезімінен өз бастауын алады. Көне Үнді және Мысыр елдерінде адам өлгенде 


оның жаны басқа денеге көшетіні жөніндегі идеялар қалыптасты. Буддизмдегі 
мойындалатын нәрсе – жан әрбір жаңа денеге көшкен сайын өз күнәсінен тазара береді. 
Көне гректер адам өлгеннен кейін оның екінші өмірі басталады деген пікірде болған. 
Олардың ойынша, құдайлар мен адамдардың арасында онша көп айырмашылық жоқ, 
өйткені, жақсы адам өлгеннен кейін өлместік сыйына ие болып, құдайлардың қатарына 
кіреді. Ал құдайларға келсек, олар өмір сүріп жатқан адамдарға келіп, қарым-қатынасқа 
түсіп, тіпті жердегі әйелдер олардан аса күшті ер балалар, я болмаса, аса сұлу қыз балаларды 
туады екен. Мысалы, Геракл Зевс құдайы мен Алкмена деген әйелден туыпты-мыс. 
Бүгінгі таңдағы иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен кейінгі оның 
жан-дүниесінің өлместігін мойындайды. Дегенмен де, бүгінгі таңдағы бірде-бір дін өмір, я 
болмаса, өлімнің не екенін түсінікті ғылып адамға жеткізе алмайды. 
Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте жақын. 
Алайда, мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде ешкім де қайта тірілген жоқ 
және қазіргі білімді адамға “о дүниеде денесіз мәңгі өмір сүретін жанды” көзге елестету өте 
қиын шаруа екенін ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де. 
Олай болса, өлместік деп нені түсінуге болады? Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге 
сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде өшпейтінімізді айтып кетуіміз керек. 
Өйткені, өмір жаңа өмірді тудырып өз өмірін жалғастыра береді. Біздің бет-әлпет, мінез-
құлық, сезім, дене бітім, табиғи дарын т.с.с. ерекшеліктеріміз – толығынан болмаса да – 
болашақ ұрпақтарға дариды. Олай болса, біз толығынан бұл өмірден кетпейміз, бала, 
немере өмірі арқылы қала береміз. 
Енді адамның жан-дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адамдардың шығармашылық ісі 
адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай, Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған қазақ 
халқы тудырған асылдар өз шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді. Олардың 
тудырған рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей боламыз. 
Енді миллиондаған қарапайым адамдардың тағдырына келер болсақ, олардың 
өлместігі - өз өмір шеңберіндегі жасаған басқа адамдарға деген жақсылығымен байланысты 
болса керек. Өйткені, ол олардың есінде қалады. Ол дене ретінде көз алдымызда жоқ болса 
да, рух ретінде – бізбен бірге өмір сүріп қала береді. Ұлы Конфуцзы айтқандай, жақсы адам 
халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит сияқты бір шұңқырда ұмыт болып 
қалады. 
Десек те, әрине, қазіргі адам мұндай көзқараспен келіскісі келмейді, ол шынайы 
өлместікті армандап, барлық үмітін ғылымға артады. Әсіресе, тез қарқынмен дамып келе 
жатқан гендік инженерия саласы болашақта адам өмірін бейнақтылы ұзарта беруге 
болатынын айтады. Алайда, біздің ойымызша, ол – жалған жол болса керек. Әрине, гендік 
инженерияның жетістіктеріне сүйене отырып тұқым қуатын аурулармен күрессек - ол 
жақсы. Ал адамның өмірін гендік жолмен ұзартуға бағытталған зерттеулер қандай 
салдарларға әкелуі мүмкін – оны ешкім бүгінгі таңда білмейді. Кейбір ғалымдардың 
айтуына қарағанда, оның теріс салдары – ядролық бомбаны ойлап шығарғаннан да жаман 
болуы мүмкін. Екінші жағынан, адам Дүниедегі ең теңдесі жоқ биік құндылық болғаннан 
кейін оның өмірі мен денесіне жасанды тәжірибелер жасау - қылмыс болар еді (адам 
көлбақа емес қой). 
Мәселенің ғылыми емес, моральдық жағына келер болсақ, бірде-бір жер бетінде өзі 
тудырған қауып-қатерді адамзат әлі шешкен жоқ. Жеке адамның өмірін ұзартпақ түгіл, 
бүкіл адамзаттың құрып кету мүмкіндігі (ядролық соғыс, я болмаса экологиялық апат) осы 
уақытқа дейін күн тәртібінен шығарылған жоқ. Осы адамға шынайы өлместіктің керегі 
қанша, егер ол күнбе-күн соғыс-қақтығыстарда бір-бірін осы уақытқа дейін өлтіріп жатса?,- 
деген заңды сұрақ дереу ойға келеді. 
3. Қазақ философиясындағы өмір мен өлім мәселесі 
Өмірдің соңы – өлім. Ол дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Адам өз өмірінің қашан 
аяқталатынын білмейтіні Жаратқанның оған жасаған үлкен сыйы. Егер адам алдын ала 
қашан өлетінін болжап, ертеден бастап біліп отырса, одан асқан трагедия, одан артық 


қасірет болмас еді. Қазақ «Өмір бар жерде, өлім бар» дейді. Өлімнен қашып құтылу 
ешкімнің қолынан келмегені жайлы халық арасында талай аңыз, әпсаналар бар.
Қорқыт (ҮІІІ ғ.) Сыр бойында өмір сүген ханның дана көмекшісі ғана емес, ескіні 
сақтаушы, ғұлама жыршы болған Оның есімінен экзистенциалистік сарынның барын 
аңғаруға болады. Қорқыт есімі «қорқу» сөзімен тығыз байланысты. Аңызға сенсек, Қорқыт 
баба Желмаяға мініп, өлімнен қашып құтылмақ болған. Бірақ қайда бармасын, бәрібір 
өлімнің құрығына ілігіпті. Өмірдің ерте ме, кеш пе өліммен аяқталатынын саналы пенде 
мойындайды. Мәселен, ертедегі египеттіктер адамның пәнилік ғұмырын бақилық ғұмырға 
барар алдындағы дайындық қана деп ұққан. Олардың өліп қалған перғауындарға ерекше 
құлшылық жасап, оларға арнап алып пирамидалар салып, денелерін бұзылмайтындай етіп 
бальзамдаулары сондықтан. Ал ертедегі жапондықтар адам өлгеннен кейін оның жаны 
ұрпақтарының тәніне еніп, әрі қарай өмір сүре береді деп сенген… Сондай-ақ, буддизм, 
зороастризм, иудаизм және басқа діни ілімдер де өлім табиғатын өздерінше түсіндіріп 
бағады. Бірақ бұл діни ілімдердің бәрі де бір мәселеде – өлімді қорқынышты, жат құбылыс 
етіп көрсетуде бір-бірімен үндес болып келеді. Ал өлімді заңды табиғи құбылыс деп пікір 
айтқан Сократ, Платон, Аристотель ілімі болғаны аян. Бұл ілім бойынша, өлім деген – 
тәннен жанның бөлініп шығуы. Яғни, тән ғана өледі, ал жан мәңгілік. Өлімнің қайғылы әрі 
ауыр қасіретін жеңілдететін осы ілімді данышпан Абай қатты сезініп, терең ұғынған. Ұлы 
Абайдың ұғымынша, адам баласы өлімнен үрейі ұшып қорықпауы керек, өлім деген де өмір 
сияқты заңды құбылыс. Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ, Бүгінгі өмір жарқылдап алдар 
бірақ. Ертең өзің қандайсың, білемісің, Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ, – деп ғұламалық 
ой түйеді. Сондықтан да Абай «тұла бойы ұят пен ар», «жасқа жас, ойға кәрі» сүйікті ұлы 
Әбдірахман өлген кезде жазған бірнеше өлеңін «сабырлық қылсақ керек-ті» деп, туған-
туыстары мен өзіне басу айтумен аяқтайды. Сондықтан да Абай өзінің ең жақсы көретін 
інісі Оспан өлгенде «Жан біткенге жалынбай, жақсы өліпсің, апырмай», – дейді. Егер Абай 
өлім табиғатын соншалықты терең түсінбесе, жастай қайтыс болған ең жақсы көретін 
інісіне «жақсы өліпсің, апырмай» деп айтар ма еді? Данышпан Абай өлімді адам баласын 
зорлық пен зомбылықтан, қорлықтан құтқарушы деп ұғады: «Мен – мақтанның құлы емес, 
Шын ақылға зорлық жоқ. Антұрған көп пұл емес, Өлім барда қорлық жоқ». Жалпы, Абайды 
дүниетанымдық көзқарасы жағынан исламды насихаттаушы деп атауға болады. Басты 
көзқарасы қарапайым: Алла – дүниені жаратушы, адамды жасаушы, ол имандылықтың 
негізі. Абай исламды қазақ халқын имандылыққа тәрбиелеу құралына айналдырмақшы 
болды. Ол өз туыстарын адам өмірінің бағасын оның рухани дүниесінің қасиетінен көре 
білуі керек дейді (6-сөзі). «Өлім барда қорлық жоқ» – бұл ежелгі ойшылдар Сократ, Платон, 
Аристотель философиясының Абай арқылы одан әрі тереңдеуі, жаңа мәнінің тосын 
мағынаға ие болуы. Ой таразысына салсақ, адам өмірінің мәні – философиядағы 
ескірмейтін мәңгілік тақырыптардың бірі екен. Бұл тақырып төңірегінде кезінде талай қазақ 
жазушылары сыр шерткен, ақындар жыр жазған. Мысалы, халық аузында сақталған, өлімді 
өнердің құдіретімен тежеген Қорқыт ата ұлағатын ерекше атауға болады. Ол туралы 
қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев кезінде «Қорқыт» атты поэма жазып
философиядағы өмір мен өлім тақырыбын өзінше қозғайды: Әншейін өмір деген ермек 
үшін, Күні ертең соғар жүрек өлмек үшін. Ойланып қалай ғана уланбассың, Берілсе адамға 
өмір өлмек үшін. Жалпы, адам – жер бетінің қонағы. Сондықтан адам өлмек үшін өмір 
сүрмей, айналасына жақсылық нұр-сәулесін, ізгі іс-тіршілік шуағын шашу үшін жаралғаны 
жөн деп ұққанымыз орынды. Шығыстың ғұлама шайыры Рудаки «Өмір – теңіз, жүзем онда 
демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» деп ізгілік туралы кесіп айтқан. Адам үмітпен өмір 
сүреді. Әр таңнан жақсылық күтеді. Келешекке сеніммен қарайды.
Ой-хой, дүние серуен!
Адам бір көшкен керуен.
Дүниені қызық қалдырып,
Асамыз өмір белінен.
Кірсе лебіз – шықса жоқ,


Қауіп етіңдер өлімнен, – деп жырлаған Жамбыл Жабаев та 100-ге жақындап өмірден 
озды. Өмір – шолақ! Өмір мен өлім қатар жүретіні хақ. Өмірдің мәңгілік емесі де хақ. Кім 
қашан, неден, қайтіп өледі, ол тірі пендеге белгісіз. «Батпан-батпан байлық тек жер 
көкірегінде ғана емес, ел көкірегінде де тұнып тұр. Сүйінерге жарайтын жақсы мен 
жайсаңдар тек жер астында жатқан жоқ, жер үстінде де жүр» деп жазыпты жазушы Әбіш 
Кекілбаев. 
Өмірдін мәнi өмірдің өзінде. Өмірді бағалап, сүйіп, оны өзгелер үшін де, өзің үшін де 
жақсарта тусуге ұмтылу керек. Ғұмырдын мәні туралы тек өз өмipiңдi eмec, өзгелердің 
өмipiн де құрметтеген кезде ғана айтуға болады. Адамның әлеуметтік мәнінен әрбір 
адамнын өз қабілеттерін жан-жақты дамытып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып, қоғамдық 
прогреске, оның мәдениетіне жеке үлесін қосуы қажеттігі дәйектеледі. Біздің қоғамымызда 
“ақиқат жолымен” өмip сүруге ұмтылатын адамдар саннын артуы ағымы байқалады. 
Мұндай құбылысты ақиқат жолына ұмтылып отырудың адамның түп табиғатында 
жататынын ecкepiп, оны бірте-бiрте үдете дамыта беруге болады деуге негіз бар. Адам үшін 
өзін әділетпен өмip сүріп жүргенің сезіну үлкен құндылык болып саналады. Адам жеке 
тұлға ретінде өз icтepi аркылы көрінеді де, халыктың жанында тек “ақиқат жолында» ғұмыр 
кешіп, “ақиқат жолында» жасап, “ақиқат жолында» әрекет етуші ретінде ұзақ сақталып 
қалады. Әрине, әpбip адам өз өмірінің мән-мақсатын, құндылығың өзі айқындайды. Әрбір 
индивидтің әр кезендегі өмірдің мақсат-мәнін түсінуі бірдей болмайды, ол өзгеріп отыруға 
икемді келеді. Жалпықоғамдық адам құқы декларациясының 25-бабында: “Әрбір адамға 
азық-түлікті, киімді, баспананы, медициналық көмекті және қажетті әлеуметтік қызметті 
қоса есептегенде өзінің және отбасының денсаулығына қажетті өмip денгейінің құқы мен 
өз еркінен тыс жағдайларға байланысты жұмыссыз қалған сәттерде, ауырғанда, 
мүгедектікке ұшырағанда, жесір қалғанда, кәрілік келгенде тіршілік етуге қаражаты 
таусылған тұстарда қамтамасыз eтy құқы беріледі» деп жазылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет